Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қорқатын дәнеңе жоқ, мұнда көп адам тұрмыз ғой, — деді үй басқарушы.

— Айтыңызшы, аға малай, — деп сұрады Санчо, — дәрігер Педро Каныпезеро бұл арадан қарасын батырғандықтан, маған тыңқиып тойып алатын тәуір тамақ, айталық, бір тілім нан мен пияз жеуге болмас па екен?

— Түскі аста олқы соққанның орнын кешкі астың кезінде толтырасыз, жоғары мәртебелім, есесі артығымен қайтқандай сезінесіз, мырғамға батасыз, — деді аға малай.

— Айтқаныңыз келсін, — деді Санчо.

Осы кез жүзі жылы бір шаруа келіп кірді: ақ жүрек те ақ пейіл жан екені мың шақырымнан аңғарылып тұрғандай еді. Ең алдымен ол:

— Мұнда губернатор кім? — деп сұрады.

— Креслоға жайғасқан адам болмағанда кім болушы еді? — деді хатшы.

— Мен оның аяғына жығылам, — деп мәлім етті шаруа.

Тізерлей кеткен ол губернатордан қолын беруін өтінді. Санчо қолын берген жоқ, орнынан тұруға және қандай шаруамен келгенін айтуға әмір етті. Шаруа оның айтқанын құп алып, сөзін былай деп бастады:

— Сеньор! Мен Сьюдад Реалдан екі мильдей жердегі Мигельтуррада туып-өскен шаруамын.

— Міне, тағы бір Қиянтүкпірио! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Жә, сөзіңді жалғай бер, бауырым, Мигельтурраны өте жақсы білетінімді айтайын дегем: ол менің селомнан онша жырақ емес.

— Әңгіменің мәнісі былай боп тұр, сеньор, — деп шаруа сөзін сабақтады. — Жаратқанның жәрдемі арқасында, қасиетті римдік-католиктік шіркеудің батасы мен рұқсатына орай некелі тұрмыс кешіп келе жатқан адаммын. Екі студент ұлым бар: кенжем — бакалаврға, тұңғышым — лиценциатқа оқып жатыр. Қазір бойдақпын, себебі зайыбым дүниеден өткен, дәлірек айтқанда, надан емші болды оның түбіне жеткен: аяғы ауыр кезінде оған іш өткізетін дәрі берген-ді, ал егер құдай хош көріп, аман-сау жеңілденіп, тағы бір ұл тауып бергенде, бакалавр және лиценциат ағаларын күндемес үшін оны дәрігерлік оқуға берген болар ем.

— Сонда айтқың кеп тұрғаны, егер әйелің дүние салмаса, яғни оны біреу мүрдем кетірмесе, қазір бойдақ болмас едің ғой, солай ма? — деді Санчо.

— Әрине, сеньор, оған сөз бар ма, — деп қоштай кетті оны шаруа.

— Әб-бәрекелде! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Тездет, бауырым: қазір ұйқтап демалатын уақыт, шаруамен айналысатын уақыт емес.

— Айтайын дегенім, — деп сөзін қайта сабақтады шаруа, — бакалаврға оқып жатқан ұлым селомыздағы Клара Перлалитико есімді бір бикешке, Андрес Перлалитико деген байдың қызына, ғашық боп қалған-ды; бұл өзі олардың әулет есімі де, атадан мұра болған ныспылары да емес, — лақап аттары, өйткені олардың тұқымынан тарағандардың бәрі сал болған еді, сондықтан көңілдеріне келмес үшін жұрт оларды Паралитико демей, Перлалитико40 деп атап кеткен-ді; ал, ақиқатын айтқанда, бұл қыз шын мәнінде ерекше жаратылған, оң жақ бүйірінен қарағанда даланың әсем гүлінен аумайды. Бірақ, енді сол жақ бүйірінен онша ұнамды көрінбейді-ақ, себебі бір көзі жоқ: шешекпен ауырған кезде ағып түскен, бетіндегі шешек дағының соншалық көптігіне және әжептәуір тереңдігіне қарамастан, оған үздігіп жүргендер мұны даққа баламайды, ғашық болғандардың жаны жай тапқан бейітке балайды. Оның кербездігі сондай, иегін былғап алудан қорыққандай мұрыны тура көкке қарай шаншылып тұр, құдды бір аузынан аулақ жерге қашып кеткісі келетіндей; қалай болғанда да ол көзге өте сүйкімді көрінеді, себебі нағыз жайын ауыздың өзі, егер тек он ба әлде жиырма ма күрек тісі мен азу тісінің кемдігі болмаса, сұлулардың сұлуы боп шыға келер еді. Еріні жайында айтып жатқым келмейді: жұқалығы мен нәзіктігі сонша, егер созып көрер болса, одан тұтас бір орам шығар еді, бірақ ернінің түсі кәдімгідей емес: көк-жасыл-күлгін түсті, — ғажап, айтатыны жоқ. Ерте ме, кеш пе, келін боп түсуге бұйырған қыздың сырт келбетін осынша егжей-тегжейлі әспеттей суреттеп отырғаным үшін кешірім өтінем, сеньор губернатор: мен оны жақсы көрем, ол маған ұнайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий