Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Аулақ, зұлым сиқыршылар! Аулақ, көзбайлаушы зымиян тобыр! Мен Ламанчалық Дон Кихотпын, қандай қаскөйлік жасамақ болсаңдар да, бәрібір, маған шамаларың жетпейді және ештеңе істей алмайсыңдар!

Сол арада ол бөлме ішінде әрлі-берлі жүйткіп жүрген мысықтарға тап беріп, оларды соққының астына ала бастады; мысықтар торға қарай ұмтылып, сол арқылы бақтың ішіне қарғып түсіп жатты, бірақ Дон Кихот соққыларының салдарынан әбден құтырынып кеткен біреуі тұп-тура оның бетіне қарай атылып, тырнағын мұрнына батырған күйі қатты да қалды, ауру батқан Дон Кихот жан дауысы шығып айқайлап жіберді. Айқайды естіп, нендей жағдай болғанын аңғара қойған герцог пен герцогиня оқиға өтіп жатқан орынға қарай ұмтылды, сөйтіп ортақ кілтпен Дон Кихоттың жатын бөлмесінің есігін ашып, бейшара рыцарьдың мысықты бетінен аулақтатуға барын салып жатқанын көрді. Шырағдан ұстаған адамдар да жетіп, әділетсіз айқасқа жарық түсірді; герцог сайыскерлерді ажыратпаққа әрекеттеніп еді, Дон Кихот аяқ асты айқай салды:

— Қумай тұра тұрыңыз оны бұл арадан! Осынау шайтанмен, осынау сиқыршымен, осынау арбаушымен қоян-қолтық айқасқа түсуге мүмкіндік беріңіз маған. Көрсетейін оған Ламанчалық Дон Кихоттың кім екенін!

Бірақ мысық қоқан-лоқыға еш көңіл аудармастан баж-баж етіп, тырнағын одан әрмен батыра түсті; ақыры герцог оны ажыратты да, терезеден лақтырып жіберді.

Дон Кихоттың беті жосадай боп тырналған еді, мұрны да сыбағасын алған-ды, алайда ол осынау зұлым сиқыршымен арадағы қиян-кескі айқасты аяғына жеткізуге мүмкіндік берілмегеніне қатты қапалы болатын. Сол арада апарис майы әкелініп, Альтисидораның өзі аппақ қардай қолымен оның жарақатын таңып берді; таңғыш тартып жатқан ол Дон Кихотқа былай деп сыбырлады:

— Мына бәленің бәрін қаталдығың мен қайтпайтындығың үшін берілген жаза деп біл, тас жүрек рыцарь. Атқосшың Санчо өзін-өзі шықпыртуы керегін ұмытып кеткей, өзің өлердей ғашық Дульсинея сиқырлы жадылаудың шырмауында қала бергей, одан ләззат қызығының дәмін тата алмағайсың, онымен неке төсегінде құшақ қауыштырмағайсың — қалай болғанда да, әйтеуір, өзіңді сонша ұнататын мына менің көзім тіріде солай болғай.

Оған Дон Кихот ешқандай жауап қайырған жоқ, тек терең күрсініп қана қойды; бұдан соң ол кереуетіне жатты да, ерлі-зайыпты герцогтарға қол ұшын бергені үшін алғыс айтты, мысықтар мен сиқыршылардың осынау қоңыраулы тобыры өзін әсте қорқыта алмағанын, әсте ол үшін емес, жоғары мәртебелілердің бұған жалғыз тек жәрдем бермек ізгі ниетін байқатқаны үшін ырза екенін, мәлім етті. Герцог пен герцогиня оған қайырлы түн айтып шығып кетті; әзілдің соңғы жағы оларды өкініште қалдырған-ды, бұл шытырман оқиға Дон Кихотты осынша қасіретке ұшыратып, жанына осынша ауыр тиетін жағдайға душар етеді деп ойламаған, ал мұның салдарынан Дон Кихоттың, шын мәнінде де, бес күн төсек тартып жатуына тура келді және осы уақыттың ішінде бұдан да қызықтырақ жаңа шытырман оқиғаға тап болды, алайда Дон Кихоттың ғұмырнамашысы бұл жайында қазір айтып жатқысы келмейді, мемлекеттік істермен бар ынты-шынтысын салып және мейлінше күлкілі түрде шұғылданып жатқан Санчо Пансаға жетуге асығады.

LXҮІІ тарау

Мұнда Санчо Пансаның губернатор қызметінде қандай қарекет жасағаны жайындағы әңгіме әрмен жалғасады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий