Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Губернатор жезлін төмен түсірген соң асатаяғы бар шал бейне бір асатаяғы бөгет жасап тұрғандай кейіп танытып, екінші шалдан оны ант беріп болғанша ұстай тұруын өтінді, сосын губернатор жезліндегі крестке қолын қойды да, қазір өндіріп алынғалы жатқан он эскудоның өзіне шынымен қарызға берілгенін, бірақ бұл ақшаны қарыз берушінің өз қолына ұстатқанын, ал анау жаңылысып, кейін ақшасын әлденеше мәрте талап еткенін айтты. Сол арада аты шулы губернатор қарыз берушіден қарсыласына қояр қандай талабы барын сұрады; ол борышкердің шындықты айтып тұрғанында енді зәредей күмәні жоқтығын, өйткені бұл, қарыз беруші, оны жөні түзу адамға, ақ пейіл христианға балайтынын, он эскудоны өзіне қашан және қалай қайтарғанын, асылы, ұмытып қалғанын, енді қайтып одан ештеңе сұрамайтынын мәлім қылды. Борышкер асатаяғын алып, бас иіп құрмет көрсеткен соң шығар есікке қарай беттеді; жауапкердің түк ештеңе болмағандай сыртқа шығып бара жатқанын, ал талапкердің оған мондыбастықпен мөлие қарап қалғанын көрген Санчо басын төмен салып, оң қолының сұқ саусағын қабағы мен кеңсірігіне қойған күйі ойға шомып қалды, бірақ көп ойланып жатпай басын көтеріп алды да, сот палатасынан шығып кеткен асатаяғы бар шалды қайтаруға әмір етті. Қызметшілер шалды алып келді, ол ішке кірген бойда Санчо:

— Қане, ағатай, асатаяғыңды бере қойшы маған, керегі боп тұр, — деді.

— Бергенде қандай, сеньор, мінекей алыңыз, — деді шал.

Сосын асатаяғын берді. Санчо асатаяқты алып, оны екінші шалдың қолына ұстатып:

— Үйіңе қайта бер, қарызың осымен өтелді, — деді.

— Ау, бұл қалай, сеньор? Он алтын теңгеге татитын таяқ па бұл? — деп сұрады шал.

— Татиды, — деп жауап қатты губернатор, — егер татымаса, онда бұл дүниеде менен асқан нәгүманның болмағаны. Тұтас бір корольдікті басқаруға жараймын ба, жоқ па, оны көресіздер қазір.

Соны айтып, асатаяқты жұрттың көз алдында сындырып, қақ жаруға әмір етті. Айтқаны бұлжытпай орындалған кезде, таяқтың ішінен он алтын теңге шықты; жұрттың бәрі таң-тамаша болып, губернаторды жаңадан пайда болған Сүлейменге балады. Санчоға он эскудоның мына таяқтың ішінде жасырулы жатқанын қалай білгені жайында сұрақ қойылды. Санчо былай деп жауап берді: ант ішуге тиіс шалдың талапкерге асатаяғын уақытша ұстатып қойғанын, сосын қарызын расында және шын мәнінде қайтарғаны жөнінде ант берген соң қайтып алғанын көрген ол, Санчо, өндірілмекші қарыз таяқтың ішінде жатыр-ау деп күдіктеніп қалады. Бұдан: әміршілердің өз басы қаншалықты кеще болғанымен, әділ үкім шығару үшін құдай оларға қол ұшын беріп отырады-ау деген түйін түюге болады; оған қоса, ол, Санчо, осыған ұқсас бір жағдай жайында селодағы священнигінен естіген де еді, ал мұның өз қаперіне өкпесі жоқ, егер тек есте сақтауға міндетті нәрселерді ұмытып қалатын дағдысы болмаса оған тең келетін басқа қаперді мұқым аралдан іздесең де таппайсың. Қара бет болған шал мен қанағаттанған шал ақыры сот палатасынан шығып кетті де, қалғандары таңырқанумен болды, ал Санчоның айтқан сөзі мен іс-әрекетін қағазға түсіріп отыру міндеті жүктелген адам не істеу керегін: Санчоны ақымақ санау керек пе әлде ақылды санау керек пе, соны біле алмай басы қатты.

Осы дау-дамай аяқталған бойда сот палатасына киіміне қарап дәулетті малшы екенін аңғаруға болатын еркекті білегінен тас қып ұстап алған бір әйел келіп кірді; әйел шаңқылдай сөйлеп былай деді:

— Әділдік керек, сеньор губернатор, әділдік! Егер оны жер бетінен таппасам, көктен іздеуге аттанам! Құрметті сеньор губернатор! Мына арсыз маған маң далада тап беріп, тәнімді бейне су шүберектей сығымдады. Неғылған бақытсыз жан едім мен! Жиырма үш жылдан астам сақтап жүрген асыл қазынамды бір демде қағып кетті бұл; оны маврлардан да, христиандардан да, өз жігіттерімізден де, келімсектерден де қорғап жүр едім ғой, емен ағаш секілді қашан да былқ етпейтінмін, отқа түскен саламандра секілді немесе тікенек ілген көйлек секілді қашан да бүтін қалатынмын, енді, міне, мына бұзақы келіп быт-шытымды шығарды!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий