Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тарқатылған ілмектер Дон Кихотты осындай ойға жетелеген еді, алайда Санчоның жолға киетін етігін өзіне қалдырып кеткенін көріп көңілі орнына түсті де, ертеңіне соны киюді ұйғарды. Ақыры ол қамкөңіл де қапалы күйде төсегіне жатты: бұған, біріншіден, Санчоның қасында жоқтығы, екіншіден, шұлыққа қатысты көлденең ұшырасқан қырсық әсерін тигізген-ді; ол шұлығын өзге түсті жібекпен жамап алуға да дайын болатын, рас, бұл кедейленген идальго бастан кешер қорлықтың ең соңғы сатыларының бірі боп шығар еді. Ол шырақтарды өшірді, бірақ бөлме іші қапырық болғандықтан көз іліндіре алмады; ақыры тұрып, әдемі баққа қарайтын, темір тор тұтылған терезені сәл ашып қойды; терезені ашқан оған бақта біреулер серуендеп жүргендей көрінді, сөздерін де құлағы шалғандай болды. Елегізіп қалды. Сол кез бақтағылар дауысын көтере сөйлеп кетті де, біреудің былай дегені анық естілді:

— Ән айт деп жалынба маған, Эмеренсья! Қамал-сарайымызға келіп түскен мына жолаушыны алғаш көзім шалған сәттен бері ән салуды біржола қойғанымды, тек қана жылайтынымды өзің де білесің ғой. Оның үстіне ханымымыз да құс ұйқылы, бізді мына арадан көріп қалса масқарамыз шығар. Тіпті ханым ұйқысынан оянбаған күнде де, бәрібір, мына жаңадан пайда болған Эней ұйқтап жатса, ықылас қойып тыңдамаса, онда ән салғанымда қандай мән бар, — ол өзі, шамасы, біздің жаққа мені мазақ ету үшін келген ғой деймін.

— Қорықпашы, күнім Альтисидора, — деп жауап қатты біреу оған, — герцогиня да, қамал-сарайдағы басқа адамдар да, әлбетте, ұйқтап жатыр, — тек сенің жүрегіңнің әміршісі, көңіліңнің қуанышы ғана ояу: жаңа маған жатын бөлмесінің тор тұтылған терезесі ашылғандай көрінді, ендеше, оның ояу екені анық. Арфаның сүйемелдеуімен, балдай тәтті баяу дауыспен айта бер әніңді, байғұсым, егер герцогиня естіп қалса, бөлме қапырық дей салармыз.

— Мен одан қорқып тұрғаным жоқ, Эмеренсья, — деп жауап қатты Альтисидора, — салған әнім жүрегімнің сырын аңғартып қоя ма деп, махаббаттың ес кетірер керемет сиқырын бастан кешпегендер мені жеңілтек, еркетотай біреу деп ойлап жүре ме деп қауіптенем. Жә, енді не болса ол болсын: жүрегім күйгенше, бетім күйсін.

Іле арфаның сыңғырлаған әсем сазы есілді. Бұл дыбысты естігенде Дон Кихот селк ете қалды, өйткені дәл осы жағдаяттан аумайтын: терезелер, тор тұтылған жақтаулар, бақтар, музыка, ғашықтығын айту мен есінен танып, талып қалуға толы шытырман оқиғалар ойына сап ете түскен-ді — мұның бәрін ол кімді де болсын есінен тандыра алатын рыцарьлық романдардан оқып, көңіліне тоқыған еді. Сол жерде ол герцогиняның күтуші қыздарының бірі өзіне ғашық боп қалған екен, алайда қызға тән ұялшақтық салдарынан ынтызарлығын білдіре алмай жүр екен деп түйді, сөйтті де, елтіп кетермін деп қорқып, қайтсе де табанды болуға өзіне-өзі ойша сөз берді; бар жан-тәнімен сеньора Дульсинея Тобосскаяның қамқорлығына берілген ол, алайда, әнді тыңдауға тәуекел етті, сөйтіп, бар екенін білдіру үшін өтірік жөткірініп қойды, бұл бикештерді қатты қуантты: өйткені, оларға керегі де Дон Кихоттың тыңдағаны болатын. Сонымен, арфасының күйін келтіріп, бірнеше аккордты алған Альтисидора мына романсты әндете жөнелді:

Сен голландтық ақжаймада,

Күн батқаннан таң атқанша

Тәтті ұйқымен манаурап,

Жылы төсекте жатқан жан;

Сен, жаужүрек ұлы Ламанчаның,

Рыцарьлықтың көркі мен мақтанышы,

Арабияның бар қазынасынан

Ғажапсың әрі қымбатсың!

Тағдырдан қатты теперіш көрген,

Сұлу қыздың тыңда зарын.

Өйткені жанын қуратып жіберді

Жанарыңның от-жалыны.

Есіл-дертің даңққа жету,

Басқаға тек әкелесің қайғы:

Жаралайсың сен оларды,

Ал жазар емін айтпайсың.

Батыл жігіт! Жауап бер маған:

Аңызақ жайлаған Ливияда ма,

Әлде құнарсыз Хакада ма,

Қай жерде тудың сорыма?

Жас кезіңде сені жыландар

Асырап, бағып-қағып па еді,

Әлде сені ну жыныс пен

Жабырқау жартас өсірді ме?

Иә, мақтанарлық жөні бар екен

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий