Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сылқым бикеш Дульсинеяның,

Осындай рақымсыз жолбарысты

Жуасыттым өзім деп.

Арланса мен Писуэрга,

Мансанарес пен ерікті Тахо,

Энарес пен Харама да

Бұл ерлікті дәріптесін мәңгі!

Осындай шын бақытты қызбен

Тағдыр-талай алмастыру үшін,

Белдемшемді әдібі алтын,

Беруден де бас тартпас ем.

Аһ, жатар ма еді құшағыңда

Иә болмаса қасыңда жай тек,

Және басыңды сенің қарап,

Жәндіктерден тазалап!

Ондай бақыт қайда бізге

Бірақ, тым құрығанда, маған

Аяғыңды уқалатсаң,

Соған да разы болар ем.

Сол үшін сыйлыққа менен

Алар едің қанша көйлек,

Тарақтар мен атлас шалбар

Және де сәнді шұлықтарды!

Оған қоса, ғаламат інжулерді,

Аса бағалы әрі сұрыпталған,

Әдемілігі мен ірілігі үшін

"Сирек" деп атайтындарды!

Ламанчалық Нерон-ay, айтшы,

Өз қолыңмен қойған өртіңе,

Тарпей жартасынан қызықтап,

Қашанғы қарап тұрмақсың сен?

Өтірік айтсам, құдай куә,

Бүлдіршін қызбын мен әлі:

Он беске де толғам жоқ,

Жарты жылдай уақыт бар оған.

Сымбатымда мін жоқ менің,

Ақсақ-тоқсақ, маймақ емен;

Лалагүлден де әсем бұрымым,

Жүрсем жатар шұбатылып жерде.

Жайын ауыздау болсам да өзім,

Таңқы танаулау көрінсем де,

Қос қатары топаздай тісімнің

Түр береді маған ғажап.

Дауысым сондай сүйкімді менің,

Өзің де естіп тұрсың ғой оны;

Ал, бойым, ашығын айтсам,

Ортадан сәл төмендеу ғана.

Жебеге ұқсас жанарың сенің

Сұлулығын жаралаған бейбақ,

Осы қамал-сарайда тұрам,

Альтисидора болады ныспым.

Махаббаттан жаралы болған Альтисидораның әні осымен тәмам болды, бірақ оның назары ауған жанның, Дон Кихоттың, азапты сәттері басталды; ауыр күрсініп алған ол өзіне-өзі былай деді: “Апырай, көзі түскен қыздың бәрі қолма-қол ғашық бола қалатын мен неткен бақытсыз кезбе рыцарь едім?.. Апырай, жан тең келмес Дульсинея Тобосскаяның тағдыры алабөтен адалдығымның рақатын бір өзі емін-еркін көре алмайтындай соншалықты қасіретті ме еді? Айтыңдаршы, сендерге одан, королевадан, не керек осы? Неге оның, императрицаның, қыр соңынан қалмайсыңдар сендер? Он төрт пен он бестің аралығындағы қыздар, неге ғана осынша қинайсыңдар оны? Жайына қалдырсаңдаршы ол байғұсты, жүрегімді билеп-төстеуге ерік беріп, жанымды қолына тапсырған Амурдың сыйы үшін шат-шадыман қуанышқа бөленіп, жан рақатын тауып, мақтаныштан масайрап жүрсін де ол. Сөзіме құлақ салыңдар, өзіме өлердей ғашық қисапсыз жанның бәрі: тек жалғыз Дульсинея үшін ғана мен жұмсақ қамыр және бадамнан жасалған бәлішпін, ал басқалар үшін — шақпақ таспын; ол үшін — балмын, сендер үшін — алоэмін; маған тек жалғыз Дульсинея ғана сүйкімді, ақылды, пәк, нәзік және асыл текті, ал басқалардың бәрі — ұсқынсыз, ақылсыз, жеңілтек және тексіз, табиғат мені әлденендей басқа әйелге емес, тек соған ғана тиесілі болу үшін дүниеге әкелді. Альтисидора жыласын, ән шырқасын мейлі, ал жадыланған маврдың қамал-сарайындағы әне бір ханым, — соның қырсығынан таяққа да жығылғам, — қайғыға батсын мейлі, бәрібір, қайткен күнде де, мен тек Дульсинеяға ғана тиесілі болуға тиіспін, сондықтан әлемдегі күллі сиқыршылық айла-амалға қасақана таза, ізгі ниетті және пәк күйімде қала берем”.

Сол арада ол терезені тарс еткізіп жауып жіберді де, құдды бір үлкен бақытсыздыққа тап болғандай қапалы да күйінішті кейіпте төсегіне келіп жатты; енді біз оны осы арада қалдыра тұрамыз, өйткені бізді губернаторлығы жолында айтулы қадам жасауға ниеттенген сұңғыла Санчо Панса өзіне шақырып жатыр.

XLY тарау

Сұңғыла Санчо Пансаның арал билігін қолына қалай алғаны және оны қалай басқара бастағаны жайында.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий