Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қазір бұл қарағымның өзінің быт-шытын шығарамыз, — деді Санчо.

Сосын әлгі еркекке қарап мына әйелдің шағымына байланысты қандай уәжі мен наразылығы барын сұрады. Қатты ыңғайсызданған еркек былай деп сөйлеп кетті:

— Сеньорлар! Мен кедей шошқашымын. Бүгін таңертең бірнеше, айып санай көрмеңіз, шошқаны сатқан соң сіздің қалаңыздан шығып бара жатқам, — ал бұдан пайда таба қойғам жоқ: түскен ақша түгел дерлік баж салығы мен параға кетті, — сөйтіп, деревняма қайтып келе жатқанымда жолшыбай мына сүйкімді ханымды кезіктірдім; қандай іске де араласпай қалмайтын және жұрттың бәрін желіктіретін шайтан сол арада екеуіміздің аздап ойнап-күлуімізге септесіп жіберді. Бұған тиесілі ақысын төлеген едім, бірақ бұл оған аз көрінді, содан маған жабыса кетті де, осы үйге дейін сүйреп әкелді. Ол мені зорладың дейді, бірақ ант етем сізге, тағы да ант ішуге бармын, — өтірік айтады. Болған жайды сізге ақиқат шындық қалпында баян еттім, ештеңе жасырып қалғам жоқ.

Сол арада губернатор одан қалтасында күміс теңгелері бар-жоғын сұрады; анау қойнындағы былғары шиланда отыз дукат жатқанын айтты. Губернатор оған шиланын сол күйінде талапкер әйелге беруге әмір етті; бойын діріл басқан малшы бұйрықты орындады; әйел шиланды алды да, оны екі қолымен бірдей қатты қысып ұстаған қалпы оңды-солды басын иіп, жетім-жесірлер мен қорғансыз бикештерге осынша қамқорлық жасайтын сеньор губернатордың бақуатты боп, ұзақ ғұмыр кешуін тілеп құдайға жалбарынған күйі сот палатасынан шығып кетті; айта кетерлігі, оның ең әуелгі атқарған шаруасы — шиланда күмістің бар-жоғына көз жеткізіп алған болатын. Әйел кеткен бойда Санчо малшыға қарап (ал оның көзінен жас парлап, жан-тәні де, жанары да шиланның соңынан мөлиіп қалған-ды):

— Туысқан! Ана әйелді қуып жет те, берсе қолынан, бермесе жолынан шиланыңды қайтып ал, сосын өзін осында алып кел, — деді.

Малшы көп күттірген де, жалындырған да жоқ; көрсетілген бағыт бойынша оқша атылып жүгіре жөнелді. Сол арада тұрғандар бұл шатақтың немен тынарын білмей, аңтарыла күтіп қалды, сөйтіп, арада шамалы уақыт өткенде, бір-біріне осында алғаш келгендегіден де бетер қаттырақ жармасып, тас түйін боп ұстасқан еркек пен әйел қайтып оралды: әйелдің етегі түріліп кетіпті, шиланды тұп-тура қарнына жабыстыра ұстап алғаны, еркектің оны жұлып алмаққа тырысатыны, бірақ әйел жан ұшыра қарсыласқандықтан оған дәрмені жетпей дымы құрып тұрғаны байқалады; оған қоса әйел бар дауысымен шаңқ-шаңқ етіп, былай деп айқайды салып жатыр еді:

— Аспан мен жердің әділ сотына жүгінем! Көрдіңіз бе, сеньор губернатор, мына қарақшыда ұят та, ар да жоқ: өзіңіз маған беруге әмір еткен шиланды қаланың қақ ортасында, көшеде қайта тартып алмақшы болды.

— Сонымен, неғылды, тартып алды ма ақыры? — деп сұрады губернатор.

— Қайдан тартып алады ол менен! — деп дауыстап жіберді әйел. — Шиланнан айрылғанша, өмірімнен айрылмаспын ба! Боқмұрын қызды тапқан екен! Басқа біреу болса бір жөн, мынадай бейшара саспақ текеге берісермін бе, сірә. Қандай қышқаш пен атауыз да, қандай бұрауыш пен қашау да, арыстанның қандай тырнағы да шиланды қолымнан жұлып ала алмайды: одан гөрі жанымды суырып алу оңай тәнімнен!

— Бұл дұрыс айтады, — деді еркек, — мен қойдым, жеңілдім, шиланды тартып алуға күшім жетпейтінін мойындаймын, мейлі, шилан өзінде қала берсін.

Сол кез губернатор әйелге:

— Қане, шиланды бере қойшы маған, құрметті де жаужүрек ханым, — деді.

Әйел сол бойда шиланды губернатордың қолына ұстатты, ал губернатор болса, оны еркекке қайтарып берді де, қайраты тасып-төгілген, бірақ абыройы әсте төгілмеген әйелге қарап былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий