Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньор губернатор! Мына шаруа екеуіміз сізге мынадай жайға байланысты келіп тұрмыз. Кеше осы жігіт шеберханама келіп (айып санай көрмеңіз, мен тігінші едім және, құдайға шүкір, өз ісімнің шеберімін), қолыма шұғаның шағын кесіндісін ұстатты да: “Сеньор! Мына матадан маған телпек шыға ма?” деп сұрады. Мен шамалап көрдім де: “Шығады”, дедім. Сол арада ол ойланып қалды, ойланғанда, әлбетте, мені шұғасының бір пұшпағын жымқырып қалғалы тұр деп ұйғарғаны анық, — мұндай ұйғарымға ол өзі сондай залым болған соң келген шығар немесе тігіншілер жайында тараған өсек-аяңға ерген болар, — сөйтіп, бұл маған: байқап көрші, екі телпек шықпас па екен, деді. Өзім жайында қандай ойда екенін түсіне қойдым. “Шығады”, дедім. Бұл болса, әу бастағы, өзімді қорлайтын ұйғарымына орныға түсіп, телпектер санын көбейте берді, мен: “Шығады”, “Шығады”, дей бердім, не керек, ақыр аяғында бес телпекке жеттік. Бүгін соларын алуға келді, мен бердім, әйтсе де ол еңбегіме ақы төлегісі келмейді, оған қоса, шұғасын қайтарып беруімді немесе құнын төлеуімді талап етеді.

— Айтып тұрғаны дұрыс па мұның, бауырым? — деп сұрады Санчо.

— Дұрыс, сеньор, — деп қоштады шаруа, — бірақ тек, тақсыр, маған арнап тіккен телпектерін көрсетуге әмір етіңізші бұған.

— Қуана-қуана көрсетем ғой, — деп тіл қатты тігінші.

Сол бойда-ақ плащының қаға беріс қалтарысынан әр саусағына бір-бір телпектен кигізілген қолын шығарып:

— Мына жігіт тапсырыс берген бес телпек, міне, мынау, құдайдың және ар-ұятымның атымен ант етейін, шұғаның бұдан басқа бір суыртпағы да қалған жоқ менде, еңбегімді цех старшиналарының төрелігіне ұсынуға дайынмын, — деді.

Телпектің саны мен даудың ерекшелігі сол арада тұрғандардың бәрін күлкіге қарық қылды, Санчо болса, азды-кем ойланып алған соң, мынаны айтты:

— Меніңше, бұл іске бола бас қатырып жатуымыздың қажеті жоқ: ақыл-парасат безбеніне салайық та, қолма-қол шешімін айтайық. Менің үкімім мынадай болмақ: тігіншіге еңбегі үшін ештеңе төленбесін, шаруаға шұғасы қайтарып берілмесін, телпектер түрмеде отырғандарға тарту етілсін, осымен іс те тәмам.

Егер малшының шиланы жайындағы іске қатысты төмендегі үкім жиналғандарды таң-тамаша қалдырса, мына үкім оларды күлкіге кенелтті, алайда бәрі губернатор ұйғарымына сай бұлжытпай орындалды. Бұдан соң губернаторға екі шал келді; бірі қолына әдеттегі таяқтың орнына асатаяқ ұстапты, ешқандай асатаяғы жоқ екіншісі былай деп сөйлеп кетті:

— Сеньор! Мына адамға қарызға он алтын теңге бергем — жалынып сұраған соң меселін қайтарғым келмеген, алайда, сұрай қалсам сол бойда тауып бересің деген шарт қойғам. Уақыт өтіп жатты, мен болсам ақшамды әкел деп тықақтаған жоқпын, өйткені өзімнен қарыз алған кездегіден де қиындау жағдайға душар етем бе деп ойладым; ақыры оның қарызынан құтылу қаперінде жоқ екенін көріп, құлаққағыс ете бастадым, ал мынау қайтармақ түгіл, өзіме бәле жауып тұр: маған ешқашан он эскудо қарызға берген жоқсың, дейді, тіпті берген күніңде де, оны саған әлдеқашан өтегем, дейді. Қарыз бергеніме де, оның қайтарғанына да куә жоқ және, жалпы, бұл өзі қарызын өтеу жайында мүлдем ойламаған адам ғой. Бұл кісіден, тақсыр, ант алуға болмас па екен, егер ант ішіп отырып ақшаңды бердім десе, онда тап осы арада, жаратқан иеміздің алдында, оған қолма-қол кешірім етер едім.

— Ал, сен бұған не айтасың, аса таяғы бар қария? — деп сұрады Санчо.

Шал оған былай деп жауап берді:

— Сеньор! Оның аталған соманы қарызға бергенін мойындаймын, — қолыңыздағы жезлді сәл төменірек түсіріңізші, тақсыр. Егер ол ант ішкенімді қалап тұрса, онда оған қарызын расында және шын мәнінде қайтарғаным және төлегенім жөнінде ант етем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий