Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар сол бойда герцогиняға барып, Дон Кихотпен кездескендері жөнінде және оның лютня сұрағаны жайында айтып берді, бұған қатты қуанған герцогиня герцогпен және қыздармен Дон Кихоттың көңіліне ауыр тимейтін, бірақ күлкіге қарық қылатын тағы бір әзіл-мазақ ойынды орайластыруға сөз байласып алды, сөйтіп бәрі қызыққа кенелер сәтті аңсап, кеш түсуін күтті; ал бұл күннің таңы қалай тез атса, кеші де солай тез түскен-ді, айта кетерлігі, жоғары мәртебелілер күндізгі уақытты Дон Кихотпен тартымды әңгіме-сұқбат үстінде өткізген болатын. Сол күні герцогиня малайын (жадыланған Дульсинеяны бақ ішінде бейнелеген бозбаланы) Тереса Пансаға күйеуі Санчо Пансаның хаты мен Тересаға арнап қалдырған, киім-кешек салынған түйіншегін табыс етуге аттандырып жіберді, сондай-ақ оған сапары жайында кейін өзіне егжей-тегжейлі есеп беруі керегін қатаң ескертті. Малай аттанып кетті; ал кешкі сағат он бірде Дон Кихот өз бөлмесінде виола тұрғанын көрді, оның сым ішектерін бұрап қатайтты, сосын тор тұтылған терезенің қақпағын ашып, бақ ішінде әлдекімдердің серуендеп жүргенін байқады; сол бойда виоланы жылдам қолына алып нәшіне келтірмекке шертіп көрді де, бар ынтасын салып құлақ күйін келтірді, тамағын кенеп, жөткірінді, одан соң өзі алдын-ала құрастырып қойған романсты қарлығыңқы, бірақ әуен ырғағын бұзбайтын қоңыр дауыспен әндете бастады:

Ақылынан адастыруға жанды

Ынтызарлық сондай шебер ғой:

Айдап салар мұндайға –

Ермек таппай зеріккендерді.

Алайда жұмыс пен іс тігу,

Және үйдегі таусылмас күйбең –

Махаббат машақатының

Мың да бір емі осылар.

Заңды некеге тұрғанды

Армандайтын адал қыздың,

Сыпайылық қой – жасауы мен

Арзымас абырой-беделі.

Өйткені, кезбе рыцарь да,

Астаналық сарай сәнқойы да

Жұтыр қызға қоразданар,

Жұпыны қызды жұбай етер.

Кездескенде пайда болып,

Қоштасқанда солғын тартар

Аз ғұмырлы сезімді

Махаббат деу күнә болар.

Көңіл ауаны бұл бір ғана сәттік,

Ертең-ақ ұмыт болатын.

Ондай сезімнен жүрегімізде

Ешқашан терең із қалмас.

Ескі бояудың үстінен салған –

Суретші емес, сылақшы;

Ескі ынтызарлық өшпеген жерде

Жаңа ынтызарлыққа орын жоқ.

Орнықты берік жүрегіме –

Тобосолық Дульсинея бейнесі.

Ешкім де енді оны ол жерден

Шығара алмас ығыстырып.

Тұрақтылық – адам бойындағы

Айрықша бір асыл қасиет:

Соның көмегімен ғашықтарды

Өз деңгейіне Амур жеткізеді.

Дон Кихотты герцог пен герцогиня, Альтисидора және қамал-сарайдың басқа да тұрғындары түгел дерлік келіп тыңдап тұр еді, ол осы араға жеткенде кенет жоғарыдан, дәп сол өз терезесі үстіндегі галереядан, сансыз көп қоңырау ілінген арқан салбырап төмен түсті, іле-шала әлдекім қапшық толы мысықты ақтарып салды: бұлардың құйрығына да титімдей қоңырау байланған еді. Қоңыраулар шылдыры мен мысықтардың мияулаған даусынан туған ызы-қиқы шудың ес тандырарлық болғаны сонша, тіпті осының бәрін ойластырған герцог пен герцогиня да абдырап кетті, ал үрейі ұшқан Дон Кихот отырған жерінен тырп ете алмай қалды; сол екі арада әлгі мысықтардың бірсыпырасы сәтін тауып тордың көздері арқылы Дон Кихоттың жатын бөлмесіне де еніп кетіп, құдды бөлмеге бір қора жын кіргендей, жан ұшыра ерсілі-қарсылы шапқылай бастады. Бөлмеде жанып тұрған шырақтарды төңкеріп тастаған мысықтар шығар есікті іздеп олай да бұлай тыным таппай жосылумен жүрді; ал бұл екі аралықта үлкен қоңыраулар ілінген арқан біресе төмен түсіп, біресе жоғары көтерілумен болған-ды. Бұл істің мән-жайынан бейхабар қамал-сарай тұрғындарының басым көпшілігі айран-асыр боп, аңтарылып қалды, ал Дон Кихот болса, орнынан атып тұрып, семсерін суырып алды да, тордың көздері арқылы соққы беруге кірісіп, қатты дауыспен былай деп айқай салды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий