Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы арада автор өз тақырыбына қайта ойысады да, тап сол Санчоға кеңес берген күні түскі астан кейін Дон Кихоттың кейінірек біреу-міреу Санчоға оқып беруі үшін аталмыш ақыл-кеңестерін қағазға түсірумен айналысқанын хабарлайды; алайда бұл қағазды Санчо сол бойда жоғалтып алды да, ол герцогтың қолына түсті, ал герцог оны герцогиняға оқып берді, сөйтіп екеуі Дон Кихоттың есалаңдығы мен ақыл-ойының тереңдігіне тағы да қайран болысты; одан соң әурешіліктерін әрмен жалғастырған олар сол күні кеште қасына көп нөкер қосып беріп Санчоны арал атын жамылған қалашыққа аттандырып жіберді. Санчоны қызмет орнына бастап баратын адам герцогтың үй басқарушысы боп шықты, бұл өзі өткір тілді әрі ойын-күлкіні ұнататын жан еді (айта кетерлігі, өткір сөз бен қалжыңсыз ойын-күлкінің болмайтыны белгілі), әлгі графиня Үшфальдиді жоғарыда суреттелгендей сүйкімді бейнелеген де сол-тұғын; міне, осындай қасиеттерге ие болғандықтан, оған қоса Санчоның алдында өзін қалай ұстауы керектігі жөнінде қожайындарынан тиісті нұсқау алғандықтан бұл міндетін де ол мүлтіксіз атқарды. Алайда, үй басқарушыны алғаш көрген сәтте Санчо оның бет әлпеті Үшфальдиге ұқсас екенін аңғарып қалған-ды, сол себепті мырзасына қарап:

— Сеньор! Герцогтың үй басқарушысының, әне тұрған адамның, бет-әлпеті Құсаванадан аумайды-ау аумайды, егер олай емес десеңіз тап осы қазір тозақ отына топ ете түсуге дайынмын, — деді.

Дон Кихот үй басқарушының жүзіне қадала қарап біраз тұрды да:

— Саған тозақ отына осы қазір де, кейін де (мұны неге айтып тұрғаныңды түсінбедім) топ етудің қажеті жоқ, Санчо: үй басқарушының бет әлпеті Құсаванадан аумайтыны рас, бірақ бұдан үй басқарушыны сол Құсавананың тап өзі екен дейтін ой тумауға тиіс, өйткені ондай жағдайда бұдан үлкен қарама-қайшылық туындар еді, ал қазір мұндай зерттеулер жүргізетін уақыт емес, өйтсек бұл бізді шығар жолы жоқ шытырманға кіргізіп жіберері хақ. Сөзіме сен, достым, өзімізді жауыз сиқыршылар мен жауыз көз байлаушылардан құтқаруын сұрап құдайға құлдық ұрып жалбарынуымыз керек, — дегенді айтты.

— Мен ойнап тұрған жоқпын, сеньор, — деп қарсылық білдірді Санчо, — әлгі әзірде оның біреумен сөйлесіп тұрғанын естіп, оны Үшфальди екен деп қала жаздадым. Жарайды, бұл жайында енді ештеңе айтпай-ақ қоям, бірақ өзім өте сақ болам, тағы қандай ұқсастықтары байқалар екен, соны аңдимын, бәлкім бұл ұқсастықтары күдігімді күшейте түсер, бәлкім, керісінше, сейілтіп те жіберер.

— Солай ет, Санчо, — деді Дон Кихот, — және осы тұрғыда байқастағандарыңды, сондай-ақ губернаторлығыңа қатысты жайлардың да бәрін маған хабарлап тұр.

Сөйтіп, ақыры Санчо жолға шықты; қыруар нөкер оны айнала қоршап алған-ды; үстіне лауазымды сот қызметшісінің костюмін киген болатын, кең пішілген сырт киімі қызғылт-сары жолағы бар камлоттан еді, ал басында дәл сондай матадан тігілген телпек бар-тын; ол өзі қашырға шірене жайғасқан-ды, ал қашырдың соңынан, герцогтың айрықша нұсқауына сәйкес, сұр жорғасы еріп келе жатқан: ол жаңа жібек әбзелмен және есек атағына лайық әшекейлермен жабдықталған болатын. Санчо есегіне деміл-деміл көз тастап қойып отырды, оның өзімен бірге келе жатқаны жүрегін қуанышқа толтырғаны сондай, тіпті герман императорымен де орын айырбастамас еді. Герцогпен және герцогинямен қоштасарда Санчо оларды қолынан сүйді, сосын мырзасынан бата беруін өтінді, анау көзіне жас алып тұрып бата берді, Санчо болса оны жылап жіберудің аз-ақ алдында тұрып тыңдады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий