Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот осыны айтып кереуеттен секіріп түсті, есікті кілттеп алып, сеньора Родригесті кіргізбей қоюға оқталған, бірақ есікке жақындағанында қолына жанып тұрған ақ балауыз шырақ ұстаған сеньора Родригес те ішке кірді; таңғышпен шырмалған, көрпеге оранған, басына әлденендей төбетей ме, кепеш пе киген Дон Кихотты бұл жолы тұп тура қарсы алдынан жолықтырған оның сол арада тағы да иманы бір уыс болып, кейін шегіншектеп кетті де:

— Қауіпсізбін деп есептей алам ба өзімді, сеньор рыцарь? Меніңше, төсегіңізден тұрып кеткеніңіз аса бір әдептілік болмаған секілді, — деді.

— Тап осыны сізден менің сұрауым керек еді, сеньора, — деп мәлім етті Дон Кихот. — Міне, енді соны сізден сұрап та тұрмын: бас салу мен зорлаудан қауіптенбеуіме бола ма?

— Сізді кімнен кім қорғауға тиіс, сеньор рыцарь? — деп сұрады дуэнья.

— Мені сіз өзіңізден қорғауыңыз керек, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Өйткені, мен мәрмәрдан, сіз мыстан жаралған жоқсыз, қазір таңғы сағат онның кезі емес, түн ортасы болған шақ, тіпті одан да кешкіріп кетсе керек, ал біз болсақ, опасыз да оспадарсыз Эней сүйкімді де ұяң мінезді Дидонаны құшағына алып, құмарын қандырған үңгірден де оңашалау орында тұрмыз. Жә, енді қолыңызды беріңіз маған, сеньора, — менің пәктігім мен сыпайылығым, сол сияқты сіздің айрықша құрметті жесірлік жамылғыңыз екеуіміз үшін ең жақсы қорғаныш болмақ.

Осыны айтып, ол өзінің оң қолын сүйіп алды, сосын донья Родригесті қолынан алды: ол да қолын бұған дәл осындай рәсім жасап ұсынған еді.

Осы арада Сид Ахмет шегініс жасайды да, Мұхаммедтің атымен ант етіп, осынау қосақтың қол ұстасып есіктен кереуетке қарай кетіп бара жатқанын бір көру үшін екі альмалафамның ең тәуірін қуана-қуана берер едім дегенді айтады.

Ақыры Дон Кихот төсегіне келіп жатты, ал донья Родригес көзілдірігін алмаған күйі және сол бұрынғыша қолына шырақ ұстаған қалпы кереуеттен жырақтау жердегі креслоға барып отырды. Дон Кихот бүктетіле жатты да, көрпені иегіне дейін келтіріп жамылды; екеуі өздеріне оңтайлы қалып тауып жайғасқаннан кейін Дон Кихот алғаш боп тіл қатты.

— Ал, енді, сеньора донья Родригес, — деді ол, — жаралы жүрегіңіз бен күйік жайлаған көкірегіңізде жиналған шердің бәрін түгел ақтарып, асықпай айтып беруіңізге болады: мен сізге пәк-таза пиғылмен құлақ қоям және мейірбандық әрекетпен жәрдем берем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий