Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Солай болатынын білгем, — деді дуэнья, — ізгілік шуағын себелеген жылы жүзіңізден бұдан бетер христиандық жауап күту қиын еді. Әңгіменің мәнісі мынадай, сеньор Дон Кихот. Дәл қазір қарсы алдыңыздағы мына креслода отырғаныммен және Арагон корольдігінен орын тепкеніммен, үстімде жұрттың бәрі жек көретін және жәбірлейтін дуэньяның киімі болғанымен, мен өзім Овьедолық Астурияда туып-өскем және сол провинциядағы ең тәуір әулеттермен туыстығы бар отбасында дүниеге келгем, алайда тақсіретті тағдыр-талайым мен мүлдем күтпеген жерден, неліктен және қалай екені белгісіз, кедейленіп шыға келген ата-анамның қамсыздығы мені астанаға, Мадридке алып келді, сол жерде ата-анам өз келісімім бойынша және бұдан да жаман бәлеге тап болмауым үшін мені бір ақсүйек сеньораға тігіншілікке берді; ал енді, біліп қойғаныңыз артық болмас, тақсыр, сәнді тігіс пен іш киім тігісі саласында осы күнге дейін менен озған ешкім жоқ. Сөйтіп, ата-анам мені малайлыққа берді де, өздері қайтып кетті, бірақ арада бірнеше жыл өткенде екеуі де дүние салды, — сірә, қазір олар аспанда шығар, себебі екеуі де ізгі ниетті, шынайы христиан еді. Мен жетім қалдым, бар дүние-мүлкім — жарытымсыз жалақым мен дәулетті үйлерде малай қыздарға берілетін болымсыз оны-пұныдан ғана тұратын; сол шамада мені, — оған өзім қандай да бір ыңғай танытып, ықылас білдірмегем, — атшы малай сүйіп қалды, ол өзі жасамыстау, толықша, қою сақалы бар еркек еді, ал тәрбиелілігі сонша, құдды бір король ме дерсің: себебі ол тау тұрғыны болатын. Кездесуімізді қаншалықты жасырып баққанымызбен, қожайын ханымым бәрібір мұны біліп қойды да, өсек-аяң мен ғайбат сөзден құлағы тыныш болуы үшін қасиетті анамыз римдік-католиктік шіркеудің батасымен және рұқсатымен екеуімізді үйлендіріп тынды; бұл некеден қыз баламыз дүниеге келді, міне тап осы қыздың қырсығынан өмірімдегі ең қастерлімнен айрылып қалдым, бұған себеп — босану кезінде өліп кетпегендігім емес: жоқ, мен ай-күнім жетіп, жеңіл босандым, бұған себеп — босанғаннан кейін көп ұзамай күйеуімнің үрейден дүние салғаны еді; егер асығыс болмағанымда сізге бұл жайында да айтып берер едім және сіз бұған шынымен-ақ таңырқанып қалар едіңіз.

Сол арада ол еңірей жылап жіберді де, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий