Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар күдіктінің бетіне екі ме, үш пе фонарьды жақындатты, бұлардың жарығы шашын алтын түсті және жасыл жібек жіптен тоқылған тормен ұстатқан, жасы он алтыдан енді ғана асқан жас қыздың әлпетін паш етті: көрерге көз керек сұлу, нағыз жауһардың өзі екен. Сол арада тұрғандар бойжеткенді басынан аяғына дейін шолып, оның қызыл жібек шұлығы, ұсақ моншақтар мен алтын жіптерден шашақ тұтылған ақ жібектен шұлық буғышы, алтын тінді жасыл қамқадан шаровары, сол матадан тігілген шолақ кафтаны, кафтанның астынан киген, алтын түсті жіп араластыра тоқылған айрықша сапалы ақ матадан тігілген камзолы барын, аяғына еркектердің ақ шәркейін кигенін көрді; семсердің орнына беліне асыл тастармен безендірілген қанжар тағыныпты; саусақтарында — ғажайып көркем сақиналар. Тоқ етерін айтқанда, қыз бәріне ұнады; бірақ оны ешқайсысы білмейтін; жергілікті тұрғындар мұның кім екенінен мүлдем хабары жоқтығын мәлім етті, әсіресе, Санчоны ақымақ қылуға әмір етілгендер қатты таңырқанысты, өйткені бұл оқиға мен бұл кездесуді өздері ұйымдастырмаған болатын, сондықтан олар бұның бәрі немен аяқталарын абыржи күтті. Мынадай сұлуды көрген Санчо дебдіреп қалды, сосын оның кім екенін, қайдан келгенін, мұндай киімді киюге кім мәжбүр еткенін сұрады. Қыз ұялшақтап төмен қарап, айрықша сыпайылықпен былай деді:

— Сеньор! Жан баласына айтпауға тиіс құпиямды жұрттың көзінше жария ете алмаймын. Тек менің ұры да, қылмыскер де еместігімді, қызғаныш өзін әдептен аттап өтуге мәжбүр еткен бір бейшара қыз екенімді ескеруіңізді қалар едім.

Осыны естіген бойда үй басқарушы Санчоға қарап:

— Сеньор губернатор! Сеньора айтқысы келгенінің бәрін қысылмай-қымтырылмай еркін баяндап беруі үшін мына адамдарға әрірек барып тұруға әмір етіңізші, — деді.

Губернатор бұйрық берді, үй басқарушы, аға малай мен хатшыдан басқалары жылыстай жөнелді. Олардың әжептәуір жырақта тұрғанына көз жеткізіп алған қыз әңгімесін былай деп бастады:

— Сеньорлар! Мен Педро Перес Масорканың қызымын: ол біздің қалада жұрттан жүн жинайды және әкемнің үйінде жиі болып тұрады.

— Бұл арада түсінбейтін бір жай бар екен, сеньора, — деді үй басқарушы, — мен Педро Переспен жақсы таныспын, онда ұл да, қыз да, яғни ешқандай бала жоғын жақсы білем, ал сіз оны әкем дейсіз, онымен қоймай, әкемнің үйінде тұрақты болып тұрады дегенді айтасыз.

— Мен де соған таңырқап қалдым, — деп сөз қыстырды Санчо.

— Кешірім өтінем, сеньорлар, қатты абыржып тұрғандықтан не айтып, не қойғанымды білмей қалдым, — деп келісе кетті бойжеткен. — Ашығын айтсам, мен Дьего де ла Льянның қызымын, оны, сірә, жақсы білетін шығарсыздар.

— Міне, бұл басқа әңгіме, — деп құлаққағыс етті үй басқарушы. — Дьего де ла Льянды да білем — ол ақсүйек тұқымнан шыққан, дәулетті идальго, ұлы мен қызы бар, бірақ зайыбы дүние салғалы бері қызының жүзін бір рет болса да көрдім дегенді қаладағылардың ешқайсысы айта алмайды: ол қызын құлыпта ұстайды, тіпті күннің өзіне де көз салуға рұқсат етпейді, сөйте тұрғанымен, қыздың керемет сұлу екені жайында қауесет гулеп тұр.

— Ол рас сөз, — деді бойжеткен, — сол қыз — мен болам. Сіздер, сеньорлар, мені көрдіңіздер, сұлулығым жайындағы қауесеттің шын әлде жалған екеніне баға бере аласыздар.

Соны айтып қыз еңіреп жылап жіберді, ал хатшы үй басқарушының қасына келіп, оған былай деп сыбырлады:

— Анадай ізгі ниетті ата-анадан туған қыздың мынадай киімде және осындай беймезгіл уақытта көше кезіп жүргеніне қарағанда, бұл бейшараның бір үлкен бәлеге тап болғанында шүбә жоқ.

— Оған дау бар ма, — деп қоштады оны үй басқарушы, — оның үстіне, ағыл-тегіл ақтарылған көз жасы да долбарымыздың дұрыстығын дәлелдеп тұр ғой.

Қызды жұбату үшін Санчо бар ділмарлығын пайдаланып бақты, нендей бәлеге ұшырағанын бұларға жасырмай баяндап беруіне болатынын айтып, оған сөз жүзінде емес, іс жүзінде қандай да көмек көрсете алатындарын алға тартты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий