Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны айтып, Дон Кихот барын салып Санчоның шалбарын төмен түсіруге тырысты; ақыр соңында Санчо орнынан атып тұрды да, қожайынына тап беріп, онымен ұстаса кетті, сөйтті де, аяғынан шалып жіберіп жерге жалп еткізді; сосын оң аяғының тізесімен кеудесінен басып, қолдарын сығымдай қысып ұстап алды: Дон Кихоттың қыбыр етуге де, көкірек кере тыныс алуға да шамасы келмей қалды.

— Бұ неғылғаның, сатқын? — деп айқайлады Дон Кихот. — Қожайыныңа, туа бітті сеньорыңа қарсы шыққаның ба? Өзіңді асырап отырған адамға қол көтергенің бе?

— Корольдерді таққа отырғызатын да, тақтан құлататын да мен емес, — деп жауап қатты Санчо, — мен тек өз басымды қорғап жатырмын, себебі — өзіме өзім сеньормын. Тыныш жүруге және дүре соғу жайында миымды ашытпауға уәде беріңіз, тақсыр, сөйтсеңіз босатам, әйтпесе, —

Донья Санчаның қас дұшпаны,

Осы арада өлесің сен, опасыз.

Дон Кихот уәдесін берді және өзін-өзі дүрелеуді Санчоның ықтияры мен ықыласына салып, оған саусағының ұшын да тигізбеуге бар асыл ой-армандары атынан ант етті. Санчо тұрды да, әжептәуір жерге жырақтап кетті; сөйтіп, сол жердегі бір ағаштың түбіне жата қалып, көз шырымын алмақ болған шағында, кенет әлдекім басына жанасқандай көрінді; жоғары көтерген қолы адамның шәркей пен шұлық киген аяғын қармады. Санчоның иманы тас төбесіне шықты; ұшып тұрып басқа бір ағаштың түбіне барып жатты, бірақ, бұл жерде де тап сондай кепке кезікті. Жалма-жан Дон Кихотты көмекке шақырды. Дон Кихот келді, оның не боп қалды, неге бола сонша қорықтың, деген сұрағына Санчо мына арадағы ағаштың бәріне адамның аяғы ілінген деп жауап берді. Ағаштарды сипалап көрген Дон Кихот мұның не екенін бірден сезе қойып, Санчоға мынаны айтты:

— Ештеңеден қорықпа, көріп тұрмасаң да сезіп тұрған бұл аяқтарың осы ағаштарға асылған қанішерлер мен қарақшылардың аяғы: өкімет орындары оларды құрықтағанда әдетте осындай жерлерге жиырма-отызын бірден асып кетеді. Осыған қарап, Барселонаға да жақындап қалдық-ау деп тұрмын.

Дон Кихоттың жорамалы шынымен расқа шықты.

Таң қызарып атқан шақта жолаушылар жоғары қарай көз жіберіп, ағаштарға асылған қарақшылар денесінің тұс-тұстан самсап тұрғанын көрді. Бұл екі аралықта күннің жарығы молайып та қалған, алғашында өліктерден зәрезеп болған бұлар сол арада өздерін тұтқиылдан қоршап алған қырықтан астам тірі қарақшыны көргенде әлгіден әсте кем соқпайтын үрейден көздері атыздай болды; қарақшылар оларға каталон тілінде атаман келгенше орындарынан қыбыр етіп қозғалмауға әмір етті. Дон Кихот жаяу болатын, атының жүгені сыпырылып алынған еді, найзасы ағашқа сүйеулі тұрған, — қысқасын айтқанда, қорғансыз қалған-ды, сол себепті күш-қайратын оңтайлы сәт туғанша, қолайлы жағдай орайласқанша сақтай тұру мақсатында бұйрыққа сөзсіз бағынғанды жөн көрді.

Қарақшылар есектің жүгін тінтіп, қоржын мен шамадандағы заттарды тонап та үлгерген-ді, бірақ Санчоның бағына қарай, герцог тарту еткен ақша туған селосынан жорыққа аттанарда ала шыққан қаражатпен бірге белінде жасырулы жатқан. Әйтсе де, әлгі жауыздар тұла бойында тығулы бірдеңе бар-жоғына көз жеткізу үшін оны басынан аяғына дейін қармалап қарап шығудан да тайынбас еді, бірақ дәл осы кезде атаман да келіп жетті; бұл өзі жасы отыз төрттер шамасындағы, ортадан жоғарылау бойы бар, жауырыны қақпақтай, қабағы түксиген, қараторы адам еді. Астына дығал ат мініп, үстіне құрыш сауыт киген-ді, ал екі жақ бүйірінен төрт пистолет салбырап тұрған (мұндай пистолеттер ол жақта шақпақты деп аталады). Атқосшыларының, — кәсіптің мұндай түрін таңдағандарды, әдетте, осылай атайтын, — Санчо Пансаны тонағалы жатқанын көріп, оған тиіспеуге әмір етті, аналар айтқанын екі еткізген жоқ; ақшалы белдік өстіп аман қалған. Ағашқа сүйеулі тұрған найзаны, жерде жатқан қалқанды және сауыт-сайман асынған, құдды ауыр қайғысы бар адамдай ұнжырғасы түсіп, жабырқау кейіпте ойға шомған Дон Кихотты көрген атаман аң-таң боп тұрып қалды. Сосын қасына жақындап былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий