Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Кескін-келбетіңіз есіміңізге куәлікке жүреді екен, ал есіміңіз кескін-келбетіңізбен үйлесім табады екен: есіміңізді пайдаланып кетуге, сөйтіп ерлік істеріңізді мансұқ етуге ниеттенген адамға, атап айтқанда, мына кітаптың авторына әдейі және қасақана түрде ғұмыр кешіп жүрген сіздің, сеньор, кезбе рыцарьлықтың шамшырағы әрі жол көзер жұлдызы, шын мәніндегі Ламанчалық Дон Кихот екеніңізге ешқандай күмән жоқ.

Сол арада ол серігінің қолындағы кітапты алып, Дон Кихотқа ұсынды; Дон Кихот оны үнсіз парақтап шықты да, ұзатпай қайтарып беріп, былай деді:

— Мен жай ғана шолып шықтым, соның өзінде де айып санауға лайық үш нәрсені байқап үлгердім: бұл, біріншіден, прологтағы кейбір сөйлемшелер; екіншіден, кітаптың арагондық сөйленісте жазылғаны; үшіншіден, — автордың дүмшелігін бәрінен анығырақ аңғартатыны, — маңызды бір мәселеде шатасып, лағып кетеді: атқосшым Санчо Пансаның әйелінің есімі Мари Гутьеррес дейді, ал шындығында оның есімі мүлдем басқа, оны Тереса Панса деп атайды, ал енді осындай маңызды нәрселерді былықтырған адамның басқа жайларды да былықтырмағанына ешқандай кепілдік жоқ.

Сол жерде Санчо сөзге килікті:

— Тек қана шындықты жазам дейтін әңгімешінің түрін! Зайыбым Тереса Пансаны Мари Гутьеррес деп атайтын болса, ау-жайымызды жетік білетін адамды тапқан екенбіз! Ана кітапты қолыңызға тағы бір алыңызшы, сеньор, онда мен де бар ма екем өзі, менің де аты-жөнім бұрмаланған жоқ па екен, қарап жіберіңізші.

— Сөзіңнің сиқынан танып тұрмын, достым, сен, шамасы, сеньор Дон Кихоттың атқосшысы Санчо Пансасың ғой, солай ма? — деп сұрады дон Херонимо.

— Иә, сол менмін және соны мақтан тұтам, — деп нықтады Санчо.

— Өтірік айтып тұрған ештеңем жоқ, — деді кавальеро, — бұл жаңа автор сені қазір өзімізге ұнап тұрған қалпыңдағыдай сүйкімді адам түрінде суреттемейді: ол сені мешкей және күлкілі мінезден мақұрым ашықауыз етіп бейнелейді, тоқ етері, мырзаң жайындағы хикаяның бірінші бөліміндегі Санчоға тіптен ұқсамайтын біреу боп шыққансың.

— Ар-ұяты білсін, — деді Санчо. — Абзалы, оның мазамды алмай, мені мүлдем ұмыт қалдырғаны жөн еді: астау табылса — шошқа да табылады, деген ғой, көңілім баяғыдай.

Кавальеролар Дон Кихотты кешкі ас ішуге өз бөлмесіне шақырды: бұл секілді құрметті адамға лайық тағам бекетте жоқ екенін жақсы білетіндерін айтты. Дон Кихот шақыруды табиғатына тән сыпайыгершілікпен қабыл алып, олармен бірге отырып тамақ ішті; осының арқасында бұзау сирақтарына Санчо басы бүтін ие боп қалды; өзі төрден орын алды; қасына сирақ пен тұяқты Санчодан кем жақсы көрмейтін қожайын жайғасты.

Дастарқан басында дон Хуан Дон Кихоттан сеньора Дульсинея Тобосскаядан не хабар барын сұрады: күйеуге шыққан жоқ па екен, босанған жоқ па екен, аяғы ауыр емес пе екен, ал егер сертіне берік күйде жүрген болса, онда сеньор Дон Кихоттың махаббат жайындағы қиял-арманын қарапайым да пәк-таза қаперінде сақтап қалды ма екен — соны білгісі келді. Оның бұл сауалына Дон Кихот былай деп жауап берді:

— Дульсинея сол пәк-таза күйінде, менің қиял-арманым бұрынғыдан да бекемірек, өзара қарым-қатынасымыз салиқалы, ал оның сүйкімді әлпеті шаруа әйелдің тұрпайы түр-пішініне ауыстырылып жіберілген.

Сөйтіп, сол арада ол сеньора Дульсинеяның қалай жадыланғаны жайында, Монтесинос үңгірінде қандай кепке тап болғаны жөнінде, сол сияқты Дульсинеяның жадысын қайтару үшін данагөй Мерлиннің не істеуге әмір еткені турасында, яғни Санчоның өзіне-өзі дүре салуға міндетті болғаны хақында тәптіштеп айтып берді. Дон Кихоттың бастан кешкен қызық-шыжықтары жайлы әңгімесін тыңдау екі кавальероны рақатқа батырды, оның қисынсыз сандырағымен қатар, соны балын тамыза баяндаған сөз саптау мәнеріне де ерекше тәнтілік білдірді. Бұлар оны ақыл-есі бүтін адам деп мойындауға бейіл боп та қалған, бірақ сол арада анау қайтадан аяқ асты лағып, ауа жайыла бастады, осыны көрген олар мұны дені сау адам ба әлде делқұлы ма, кімге баларын білмей әбігерленді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий