Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тоқтаңдар, тұра тұрыңдар, қарақшылар тобыры! — деп айқайлады ол. — Сендерді бір-ақ рыцарь тосып тұр, ал бұл рыцарьдың өзіндік дәстүрі мен дағдысы бар, ол қашқан жауды желкелеуді жөн көрмейді!

Алайда бұл айқай тым асығыс қашқындарды тоқтата алмады: олар үшін өткен жылғы бұлттардың маңызы қаншалықты болса, Дон Кихот қоқан-лоқысының да маңызы соншалықты еді, — олар тоқтаған жоқ, Дон Кихоттың өзі тоқтады, себебі әбден сілікпесі шыққан еді; сөйтіп, өшін ала алмаған, ашу-ызасы одан әрі өрши түскен ол Санчоны, Росинант пен есекті тосып, жолдың жиегіне отыра кетті. Арада шамалы уақыт өткеннен кейін мырзасы мен малайы қайтадан көліктеріне қонды. Сөйтіп, жалған да жасанды Аркадиямен қоштасуға қайтып оралмаған, өз істерінен өздері қатты ыңғайсызданған олар әрмен қарай аса берді.

LІX тарау

Мұнда Дон Кихот бастан кешкен аса сирек кездесетін және шытырман оқиға санатына жатқызуға болатын бір жағдай баяндалады.

Бұқалардың әдепсіздігі салдарынан үсті-басын шаң басып, шаршаңқырап қалған Дон Кихот пен Санчоға ағаштардың қоңырсалқын көлеңкесімен сылдырап ағып жатқан таза да мөлдір бұлақ жан сая болды; әбден сілікпесі шыққан олар әуелі сұр жорға мен Росинантты жүген-ноқтасын сыпырып жайылуға жіберіп, одан соң өздері соның жағасына кеп жайғасқан-ды. Санчо өзінің қоймасына, яғни қоржынына қол жүгіртіп, одан, өзі айтатындай, ішке ел қондыратын нәрселерді алып шықты; сосын ол аузын шайды, ал Дон Кихот беті-қолын жуды, бұл оларды сергітіп, күшіне күш қосқандай болды. Алайда өзегін өртеген өкініштен әлі арыла алмағандықтан Дон Кихоттың асқа зауқы соқпады, ал Санчо болса, тамаққа тек сыпайыгершіліктен ғана қол созбай, қожайыны бастап бергенін күтіп отырған, бірақ оның өз ойымен өзі боп кеткенін, қажеттілігін қанағаттандыру жайын қаперден шығарғанын көрген соң, мырзасы ұмытқанымен, бұл жайды өзі ұмытпауы керегін ескеріп, тәуір тәрбие алған адам ұстанар қағидалардың бәрін тәрк етіп, нан мен сүтсірнені аузына бұрап тыға бастады.

— Жеп тойып ал, достым Санчо, — деді Дон Кихот, — күш-қуатыңды кемітіп алма, менен гөрі саған өмір қымбатырақ, ал маған мазасыз ойларымның ауыртпалығы мен басымнан арылмаған қырсықтың күйігінен мүрдем кету ғана жазған. Менің өмірім, Санчо, — кез-келген сағатта өлім табуға арналған, ал сен өлім аузында жатып та аузыңмен бірдеңе талмап жатасың. Ал енді осы айтқанымның өтірік еместігіне көз жеткізгің келсе, мені кітапта қалай бейнелегеніне көңіл аудар, ал онда мені айқаста айбынды, қарым-қатынаста кішіпейіл, шонжарлар құрмет тұтатын, бикештер ұнататын адам ретінде бейнелеген. Сөйтіп, енді ақыр соңында, ерен ерліктерім арқылы ие болған және қол жеткізген сый-сияпат, мадақ, марапаттарымды күтіп отырғанымда, бүгін таңертең осынау жеркенішті де жексұрын мақұлықтар үстімнен жосылып өтті, аяқтарымен таптап, тепкілеп кетті. Осыны ойлағанда күрек тістерім мұқалып, азу тістерім босап, қолым жансызданып, тамаққа мүлдем тәбетім шаппайды, сондықтан тіпті өзімді аштан қатыруға, яғни ажал атаулының ең ауыр түрімен өлуге де бейілмін.

— Ендеше, — деп түйді Санчо шапшаңдата шайнап отырған күйі, — сіз, тақсыр, “Тамаққа тыңқия тойған, ажалды ойлап абыржуды қояды” дейтін мақалды мақұлдамайды екенсіз ғой. Қалай болғанда да, мен, әйтеуір, өзімді өзім өлтіру жайындағы ойдан аулақпын, — одан да былғарыны тісімен созып, өзіне керек жеріне дейін жеткізетін етікші секілді болғаным жақсы. Мен де сөйтем: ішем-жеймін және өмірімді құдай өзі белгілеп қойған шекке дейін жеткізем, ал сіздің, сеньор, өзін-өзі қасақана үмітсіздікке ұрындырудан артық есалаңдық жоқ екенін біліп қойғаныңыз жөн, ал сіз тап солай істеп жүрсіз; менің ақылымды тыңдаңыз: әуелі ас ішіп әлденіңіз, сосын мына көк шалғыннан төселген көрпеге көсіліп жіберіп, шамалы көз шырымын алыңыз — көріңіз де тұрыңыз, оянғаныңызда жаныңыз едәуір жай тауып қалады.

Дон Кихот Санчоның сөзінде ешқандай сөлекеттік жоқ екенін, керісінше, өте орынды екенін түсінді, сондықтан тап солай істегенді жөн көрді, алайда Санчоға мынадай өтініш білдірді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий