Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдай ақы, жолаушы сеньордың табандылығы таңғаларлық! — деп дауыстап жіберді қожайын. — Ау, сізге әлгінде ғана айтпап па едім, менде балапан да, тауық та жоқ деп, ендеше жұмыртқа қайдан болады? Әңгіме ауанын басқа дәмді тағамдар жайына аударсаңызшы, құстың сүтін сұрап неғыласыз.

— Жә, сөзден іске көшейік, құрып кетсін бәрі! — деп мәлім етті Санчо. — Өзіңізде не бар, енді соны айтыңызшы, сеньор қожайын, сосын бұл әңгімені біржола тәмамдайық.

Қожайын бұған былай деп жауап қатты:

— Расында және шын мәнінде қолымда бары — сиырдың бұзау сирағына ұқсас қос тұяғы ғана немесе, дәлірек айтқанда, бұзаудың сиыр тұяғына ұқсайтын қос сирағы ғана; бұлар бұршақ қосып пісіріліп те қойылған, пиязбен, маймен дәмделген және түрінің сүйкімділігі сондай: “Жеп қойыңдаршы! Жеп қойыңдаршы!” деп тұрғандай.

— Бұларды мен алам, — деп мәлім етті Санчо, — ешкім тиіспейтін болсын; бағасын да басқалардан тәуірірек төлеймін, өйткені, ең сүйікті тағамым осы, ал бұлар тұяқ бола ма, сирақ бола ма — маған бәрібір.

— Ешкім де тиіспейді, — деді қожайын, — басқа тұрғындарым ақсүйек адамдар, өз аспазы, күтушісі мен азық-түлігі бар.

— Өй, тектілік жағынан менің мырзама ешкім теңесе алмайды ғой! — деп қарсылық білдірді Санчо. — Қызметінің ыңғайы оған өзімен бірге ыдыс-аяқ пен азық-түлік алып жүруге мүмкіндік бермейді: екеуіміз көкорайға отыра кетеміз де, емен жаңғағымен және қызылдың жемісімен жүрек жалғаймыз.

Санчо мен бекеттің қожайыны екеуара осылай әңгімелескен: алайда Санчо әңгімені әрмен жалғастырғысы келмеді және мырзасының қандай кәсіппен шұғылданатыны, немен айналысатыны жайындағы сұрақты да жауапсыз қалдырды. Сонымен, кешкі ас ішетін уақыт та келіп, Дон Кихот өз бөлмесіне өтті, тапсырыс берілген тағамды қожайын сонда алып келді, Дон Кихот бұл астан тайлықпай, сол бойда-ақ тамақтануға кірісті. Бірақ, дәл осы кезде жұқалтаң ғана қабырға бөліп тұрған көрші бөлмедегі әлдекімнің:

— Кешкі асымызды алып келгенше, сеньор дон Херонимо, Ламанчалық Дон Кихоттың екінші бөлімінің тағы бір тарауын оқып шықсақ қайтеді? — деген сөзі Дон Кихоттың құлағына шалынды.

Есімі аталған бойда Дон Кихот орнынан ұшып тұрды, бар зейінін салып тың тыңдады, сол арада жоғарыда аталған дон Херонимоның жауабын да естіді:

— Ондай сандырақты оқудың не қажеті бар, сеньор дон Хуан? Өйткені, Ламанчалық Дон Кихот хикаясының бірінші бөлімін оқығандар оның екінші бөлімін оқуға онша құштар бола қоймаса керек еді.

— Әйткенмен, — деп қарсылық білдірді дон Хуан, — оны оқып шығудың зияны жоқ, себебі нашар кітаптың өзі де қызықты бірдеңеден құралақан болмайды. Дегенмен, екінші бөлімде Дон Кихоттың Дульсинея Тобосскаядан жерініп қалатыны маған мүлдем ұнамайды.

Мұны естіген Дон Кихоттың зығырданы қайнап кетті де, бұлқан-талқан боп ашуланып, дауысын қатайтып былай деді:

— Ламанчалық Дон Кихот Дульсинея Тобосскаяны ұмытты немесе ұмытуға бейім деуге дәті баратындардың қай-қайсысының да шындықтан қаншалықты алшақ екенін жекпе-жек айқаста дәлелдеп берем, өйткені жан тең келмес Дульсинея Тобосская ешқашан ұмытылмайды және Ламанчалық Дон Кихот та ұмытшақтыққа салынбайды: оның девизі — тұрақтылық, ал парызы — тұрақтылығын өзгеге де жария етпей-ақ, өзін де мәжбүр етпей-ақ сақтау.

— Бізге жауап беріп тұрған кім? — деп сұрады көрші бөлмедегілер.

— Ламанчалық Дон Кихоттың өзі болмағанда басқа кім болушы еді? — деп айқайлады Санчо. — Және ол сіздерге қазіргі айтқан сөзінің де, сондай-ақ болашақта айтар сөзінің де бәрі түгел ақиқат шындық екенін дәлелдеп бере алады, өйткені тиянақты төлемшіге кепілден қорқатын дәнеңе жоқ.

Санчоның осыны айтып аузын жабуы мұң екен, есік ашылып, кавальеро екендері түр-пішінінен танылып тұрған екі адам ішке кірді де, біреуі Дон Кихотты құшағына алып, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий