Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Торықпаңыз, туысқан: әлдебір қаныпезер Озириске емес, қатыгездігінен гөрі қайырымдылығы басым Роке Гинартқа тап болдыңыз.

— Атақ-даңқы төрт тарапқа кең жайылған айбынды Роке Гинарт, — деп жауап қатты Дон Кихот, — сенің қолыңа түскеніме емес, бейғамдығым салдарынан сарбаздарыңның өзімді қапыда басып қалғанына қапаланып тұрмын, өйткені өзім мүшесі боп табылатын кезбе рыцарьлық орденінің жарғысына сәйкес мен мәңгі сергек күйде болып, өзімді өзім қас қақпай күзетуге тиіс едім. Біліп қойғаның артық етпес, атақты Роке, егер сарбаздарың астымда атым, қолымда найзам мен қалқаным бар кезде тап бергенде оларға мені тізе бүктіру оңайға түспес еді, өйткені, мен — ерлік істерінің даңқы жер-жиһанға молынан мәшһүр Ламанчалық Дон Кихот болам.

Дон Кихотты ең әуелі есалаң, сосын барып ержүрек ретінде бағалау керегін Роке Гинарт бірден түсіне қойды, ол жайында бұрын естігенімен, қимыл-қарекетіне бейіл бермеген және ақылға сыйымсыз мұндай әумесерлік адам жүрегін баурап алады деген нәрсе ойына да келмеген. Бұл кездесуге ол өте қуанып қалды, өйткені осының арқасында алыстан, ұзынқұлақтан естігендерін жақыннан, өз көзімен көруіне мүмкіндік алған-ды; ал Дон Кихотқа ол мынадай лебіз білдірді:

— Айбынды рыцарь! Ренжімеңіз және бәлеге ұшырадым-ау деп те ойламаңыз: кім біледі, қисық-қыңыр таланыңыз, бәлкім, дәл осы ойқы-шойқыда түзеліп кетер, өйткені жарылқаушы иеміз әдеттен тыс, алабөтен, бұрын-соңды ешкім естімеген жолмен азғандарды күнәдан арылтып, жазғандарды байлыққа кенелтеді ғой.

Дон Кихоттың оған алғыс айтып үлгергені сол, арт жақтан бір үйір жылқы шауып келе жатқандай тұяқ дүңкілі естілді, ал шын мәнінде бұл жалғыз ғана салт атты болатын; ерде отырған жиырмалардағы жасөспірім үстіне алтын оқалы жасыл жібек камзол, шаровар мен шолақ шекпен, басына қауырсын үкі тағылған валлондық мәнердегі қалпақ, аяғына балауыздалған кішкене етік киіпті, алтын жалатқан семсер тағынып, қолына бәлекей мушкет ұстапты, беліне екі пистолет байлапты. Роке дабыр-дұбыр шыққан жаққа жалт қарап, осынау сүйкімді салт аттыдан көз аудара алмай қалды, ал салт атты болса, оған жақындап келіп, былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий