Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Роке Гинартты мырзасы мен малайының мылжыңынан гөрі сүйкімді Клаудианың басындағы жай қатты алаңдатып тұрған, сондықтан олардың әңгімесін тыңдаған жоқ. Атқосшыларына есектің жүгінен тонап алғандарын Санчоға түгел қайтарып беруге және өткен түнде қонып шыққан орындарына баруға әмір еткен ол әлде жарақат алған, әлде жазым болған дон Висентені іздестіруге Клаудиамен бірге асығыс аттанып кетті. Олар Клаудиа жігітті жолықтырған жерге барды, алайда таяуда төгілген қанның ізінен басқа ештеңе таппады; әйтсе де жан-жағына қаранып, жотаның баурайымен баяу жылжып бара жатқан адамдарды көріп, бұлар дәуде болса әлде өлі, әлде тірі қожайындарын, — тірі болса емдеп жазып алмаққа, өлі болса жерлемекке, — әкетіп бара жатқан дон Висентенің малайлары шығар деген жорамал жасады (бұл жорамалдары шындыққа сай келетін); сөйткен соң жолаушыларымыз әлгілердің соңынан ат қойды, дон Висентенің малайлары жаймен жүргендіктен оларды қуып жету қиынға түскен жоқ. Малайлар дон Висентені қолына көтеріп алған-ды, ал анау жарақаты жан шыдатпай тұрғандықтан одан әрі қозғалар әуселесі болмай, өзін осы арада қалдыруды сұрап, осы арада жатып өлім тапқысы келетінін айтып, әлсіз, үздіккен үнмен жалбарынып жатыр еді.

Клаудиа мен Роке аттарынан түсе-түсе қалып, оның қасына жақындады; Рокенің келгені малайлардың үрейін ұшырды, ал Клаудиа болса, дон Висентенің түрін көріп шошып кетті; қамқор да қатулы жүзбен еңкейген қыз оны қолынан алып:

— Екеуара келіскеніміздей маған біржола бейіл бергеніңде, тағдыр-талайың басқаша болатын еді, — деді.

Жаралы кавальеро біржола дерлік жабылуға айналған кірпігін ашып, Клаудианы танып, былай деп сөйлеп кетті:

— Айдай сұлу әрі аңғал сеньора, мені өлтірген өзің екенін білем, алайда мұндай жазаға лайық емес ем, пиғыл-ниетімнен де, іс-әрекетімнен де оған желеу табылмайтын, өйткені сені қорлайтындай ештеңе жасағам жоқ және ондай ойым да болған емес.

— Бальвастро байдың қызы Леонорамен бүгін таңертең некеге тұрмақшы емес пе ең? — деп сұрады Клаудиа.

— Жоға, о не дегенің, — деп жауап қатты дон Висенте. — Ондай жалған хабардың құлағыңа шалынғаны, қызғаныштан маған ажал таптырғаның, сірә, тұрлаусыз тағдырымның қырсығы шығар, — солай бола тұрғанымен, өз қолыңда және құшағыңда жан тапсыруымды өзіме зор бақыт санаймын. Ал енді осыған көз жеткізгің келсе, қолымды қыс және, егер хош көрсең, менің зайыбым бол, — өзіме жәбір-жапа көрсеттің деген өкпе-ренішіңнің қарымтасын бұдан артық қайтара алман.

Клаудиа оның қолын қысты және осы сәт өзінің де жүрегі қысылып, дон Висентенің қанға боялған кеудесіне ес-түс жоқ құлап түсті, ал дон Висенте бұл кезде өлім аузында жатқан-ды. Рокенің көңілі алай-түлей боп, не істерді білмеді. Малайлар жалма-жан су әкеліп дон Висенте мен Клаудиаға бүрікті. Клаудиа есін жиды, бірақ дон Висенте қимылсыз қалды, өйткені демі үзіліп те кеткен болатын. Қадірменді жұбайының өмірмен қош айтысқанын білген Клаудианың аһ ұрған ащы дауысы айнала-маңды жаңғырықтырып, зар илеп жылаған үні сай-сүйекті сырқыратты; шашын жайып жіберіп, уыстап жұла бастады, бетін тырнауға кірісті, оның осынау орны толмас опынысы мен алабөтен азабын дүниедегі күллі қасіретті жаранның қай-қайсысы да бастан кешіп көрмеген шығар.

— Уа, қатыгез де ақылсыз әйел! — деп дауыс салды Клаудиа. — Қара ниетті пиғылыңды қалай ғана оп-оңай іске асырдың сен! Уа, қызғаныштың бой бермес бәлекеті! Жүрегінде пана таптырғандарды қалай тәлкек қыласың сен! Уа, зайыбым! Сен асыл қазынам едің, бірақ тағдыр іштарлық жасап, сені неке төсегіне емес, көрге апарып жатқызды!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий