Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келесі күні дон Антоньо сиқырлы баспен тәжірибе жасауды ұйғарып, Дон Кихотпен, Санчомен, аралас-құралас екі танысымен және балда Дон Кихоттың сілесін қатырған, сосын дон Антоньо әйелінің үйінде қонып қалған екі ханыммен бірге бас тұрған бөлмеге кіріп, іштен кілттеніп алды. Ол бұларға бастың өзіндік ерекшеліктері жайында айтып берді, сосын олардан мұны құпияда сақтау жөнінде сөз алғаннан кейін, сиқырлы бастың қабілет-мүмкіндігін бүгін тұңғыш рет сыннан өткізгелі тұрғанын мәлім етті. Дон Антоньоның екі танысынан басқа ешкім мұнда нендей кілтипан барын білмейтін, егер дон Антоньо ол екеуіне мұны алдын-ала айтып қоймаса, олар да басқалардан кем қайран қалмас еді және бұған таңырқанудың да жөні жоқ-ты: өйткені, бас соншалықты шеберлікпен әрі ықтияттылықпен жасалған-ды.

Бастың құлағына бірінші боп дон Антоньоның өзі еңкейді; бәсең дауыспен, алайда жұрттың бәрі еститіндей етіп одан:

— Өзіңде орын тепкен сиқырлы күштің атымен өтінем сенен, бас: қазір не жайында ойлап тұрғанымды айтшы маған? — деп сұрады.

Ернін жыбырлатпағанымен, жұрттың бәріне анық та айқын естілетіндей етіп бас оған:

— Мен біреудің ойын оқымаймын, — деген жауап қатты.

Бұл сөзді анық естіген, бөлме ішінде де, сол сияқты сиқырлы бас орналасқан үстел жанында да ол үшін жауап берердей бөтен ешкім жоғын көріп тұрған жұрттың есі шығып, мелшиіп қатты да қалды.

— Мына арада қанша адам бармыз? — деген сұрақ қойды дон Антоньо тағы.

Оның бұл сауалына да сол бұрынғыдай бәсең үнмен, нақпа-нақ жауап қайтарылды:

— Бұл арада сен барсың, сенің әйелің, екі досың, әйеліңнің екі құрбысы, сондай-ақ Ламанчалық Дон Кихот есімді айтулы рыцарь мен оның Санчо Панса ныспылы атқосшысы бар.

Расында, бұған да таңырқанбау мүмкін емес-ті! Қорқыныштан бәрінің төбе шашы тік тұрды. Ал, дон Антоньо шегіншектей түсіп, былай деді:

— Беу, ақылды бас, сөйлейтін бас, жауап қайтаратын бас, ғажайып бас, сені маған сатқан адамның өзімді алдамағанына көз жеткізуім үшін маған осы да жеткілікті! Енді басқалар да жақындап сұрағын қоя берсін.

Әйелдер әдетте тағатсыз әрі әуесқой келеді ғой, дон Антоньоның зайыбы ертіп келген ханымдардың бірі басқа бірінші боп жақындап, оған мынадай сұрақ қойды:

— Айтшы маған, бас, сұлу әйел атану үшін не істеуім керек?

Жауап мынадай болды:

— Ізгі қасиеттердің иесі бол.

— Менде басқа сұрақ жоқ, — деді келіншек.

Бұдан соң оның құрбысы жақындап, былай деді:

— Күйеуім мені шынымен сүйе ме, соны білейін деп едім, бас.

Оған мынадай жауап қайтарылды:

— Өзіңе деген пиғыл-ниеті қандай екеніне көз жеткіз, сонда бәрін түсінесің.

Күйеуі бар ханым бастан былайырақ шығып:

— Мынадай жауап алу үшін сұрақ қоюдың қажеті шамалы еді. Адамның сезімі пиғыл-ниетінен аңғарылып тұратыны онсыз да белгілі емес пе, — дегенді айтты.

Одан соң дон Антоньоның екі досының бірі жақындап келіп:

— Мен кіммін? — деген сұрақ қойды.

— Кім екеніңді өзің жақсы білесің, — деген жауап болды оған.

— Сенен ол жайында сұрап тұрғам жоқ, — деді кавальеро. — Мені білесің бе, соны айтшы маған.

— Иә, білем, — деген жауап қайтарылды оған, — сен дон Педро Нориссің.

— Маған басқа ештеңенің керегі жоқ, сенің, бас, бәрін білетініңе илануым үшін осының өзі-ақ жетіп жатыр.

Ол былай шыққан бойда дон Антоньоның екінші танысы келіп, мынадай сұрақ қойды:

— Айтшы маған, бас, барлық дүние-мүлкіме мұрагер болмақшы үлкен ұлымның арман-ойы қандай?

— Арман-ойға жорамал жасамаймын деп әлгінде ескерткем, — деген жауап берілді оған. — Солай бола тұрғанымен, саған айтарым: ұлың сені тезірек жерлеуге асық.

— Дәл таптың, — деп мақұлдады кавальеро. — Айна-қатесі жоқ шындық.

Ол бөтен сұрақ қойып жатпады. Дон Антоньоның әйелі жақындап, былай деді:

— Өзіңнен не жайында сұрарымды да білмей тұрмын, бас. Білгім келетіні тек бір ғана нәрсе: сүйікті жұбайым, өз бағыма, ұзақ ғұмыр сүре ме, соны айтшы.

Оған мынадай жауап болды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий