Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ұзақ ғұмыр кешеді, өйткені мықты денсаулығы мен қанағатшыл өмір тәртібі оған осындай ұзақ ғұмыр сыйлайды, ал көп адам әдетте қанағатсыздығының қырсығынан өз өмірін өзі қысқартады.

Бұдан соң Дон Кихот жақындап, төмендегідей сұрақ қойды:

— Айта қойшы маған, бәріне жауап қайтарғыш: Монтесинос үңгірінде бастан кешкен, өзім баяндап берген жайдың бәрі өңім бе әлде түсім бе? Санчоның өзіне-өзі дүре салуы — көмегі тиетін нәрсе ме? Дульсинеяның жадысы шынымен қайтарыла ма?

— Үңгірге қатысты әңгімеге келсек, — деген жауап болды оған, — бұл жайында бәлен дей қою қиын: онда не түрлі жағдай орын алды; Санчоның өзіне-өзі дүре салуы ақырындап алға баса береді; Дульсинеяның жадысы ыңғай-ретіне қарай қайтарылады.

— Ендеше, маған басқа ештеңе қажет те емес, — деді Дон Кихот. — Дульсинеяның жадысы қайтарылғанына көзім жеткен бойда-ақ бұл дүниеде арман еткен нәрсемнің бәріне түгел қол жеткіздім деп есептейтін болам.

Ең соңы боп Санчо жақындады, ол мынаны сұрады:

— Қане, айта қойшы, бас, тағы да губернатор болу жазып па екен маған? Әлі қанша уақыт атқосшының татымсыз тірлігін кешеді екем? Әйелім мен балаларымды көре алам ба?

Бұған мынадай жауап қайтарылды:

— Енді сен тек үйіңде ғана губернаторлық етесің; егер үйіңе қайтып оралсаң әйеліңмен және балаларыңмен жүздесесің, ал қызметтен кеткен кезіңде атқосшылықпен де хош айтысасың.

— Па, шіркін, жауабының сиқын! — деп дауыстап жіберді Санчо Панса. — Мұндай жауапты мен де бере алам ғой. Апырай, кемеңгерін-ай, айтатыны жоқ!

— Топас! — деді Дон Кихот. — Бұдан артық қандай жауап керек өзіңе? Бастың қойылған сұраққа жалтармай тура жауап беріп тұрғанының өзі жетпей ме саған?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий