Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл бас, сеньор Дон Кихот, әлемдегі ең атақты сиқыршылар мен көз байлаушылардың бірі, қателеспесем, нәсілі поляк, ғажайып өнері жайында не қилы әңгіме айтылып жүрген аты шулы Эскотильо шәкіртінің қолынан шыққан дүние. Аталмыш көз байлаушы үйімде қона-түстене жатып, құлағына сыбырлаған қандай сұраққа да жауап қайтара алатын айрықша қасиеті мен қабілеті бар бұл басты маған мың эскудоға жасап берді. Іске кіріспес бұрын сиқыршы түрлі фигура сызды, құпиялы белгілер түсірді, жұлдыздарды бақылады, ғаламшар біткеннің орналасу нүктелерін анықтады, сөйтіп ақыр соңында мынадай ғаламат нәрсе өмірге келді, бұған сіз ертең анық көз жеткізе аласыз, өйткені жұма күндері бас үн шығармайды, ал бүгін — жұма, сондықтан ертеңге дейін тоса тұруға тура келеді. Қоятын сұрақтарыңызды алдын-ала ойластыра беріңіз, өз тәжірибемнен білетінім, оның жауабында жалғандық болмайды.

Дон Кихот бастың мұндай қабілеті мен қасиетіне қатты таңырқанды, дон Антоньоның сөзіне сенер-сенбесін де білмеді, алайда сынаққа аз ғана уақыт қалғандықтан оның ұңғыл-шұңғылына үңілмей-ақ қойғанды, тек өзіне көрсеткен айрықша сенімі үшін дон Антоньоға ризашылық білдірумен шектелгенді жөн көрді. Олар бөлмеден шықты, дон Антоньо есікті кілттеді, сосын екеуі басқа кавальеролар отырған залға қайтып оралды. Бұл екі арада Санчо оларға мырзасының басынан өткен сан қилы шетін де шытырман оқиға жайында әңгімелеп үлгерген болатын.

Сол күні кешкісін Дон Кихотты алдап-сулап қаланы атпен аралап қайтуға көндірудің сәті түсті, бірақ оған сауыт-сайманын шешіп, сән-салтанатқа арналған бешпет-шалбар мен ашық түсті қызыл-қоңыр шұғадан тігілген плащ кию жөнінде өтініш жасалды: жылдың бұл маусымында мұндай киімнен тіпті сірі мұздың өзі де сіркіреп тұрып терлер еді. Санчоны үйде қалдыру үшін малайларға оны әрнемен алдандыра тұру тапсырылды. Дон Кихот Росинантқа мінген жоқ, ер-тұрманы келісті, аяңшыл дығал қашырға жайғасты. Үлкен әріптермен Ламанчалық Дон Кихот деп жазылған пергаментті Дон Кихотқа байқатпай плащының арқасына іліп қойысты. Серуеннің өне бойында жүргіншілер бұл жазуға бірден назар аударып, “Ламанчалық Дон Кихот” деп дауыстап оқып жатты; көз салған жанның бәрі өзін ә дегеннен тани кететініне және есімін дауыстап айтатынына Дон Кихоттың таңырқауы таусылмай қойды, сөйтіп ақыры жанында келе жатқан дон Антоньоға қарап былай деді:

— Кезбе рыцарьлықтың бір керемет артықшылығы бар: осы салада қарекет жасайтын жандардың қай-қайсысының да атын әлемге мәшһүр етіп, даңқын арттырады. Шынында да, дон Антоньо, өзіңіз ойлап көріңізші: мына қалада мені тіпті ойын баласына шейін біледі, ал бұлар мені бұрын өмірі көрмеген еді ғой.

— Дұрыс айтасыз, сеньор Дон Кихот, — деп қоштады оны дон Антоньо. —Оттың жалынын жасырып қоюға немесе тығып тастауға болмайтынындай, ерлік істер де беймағлұм күйде қала алмайды, ал әскери саладағы ерлікке келсек, ол басқа саладағы ерліктің бәрінен де абыройлы, бәрінен де үстем екені шүбәсіз.

Алайда күтпеген жерден мынадай жағдай жолықты: Дон Кихот жоғарыда суреттелгендей сән-салтанатпен қаланы аралап келе жатқан шақта, арқасындағы жазуды оқып алған әлдебір кастильдік былай деп айқайды салды:

— Әй, антұрған, Ламанчалық Дон Кихот! Таяқ жеуден көз ашпаған тасмаңдай, жолда бір жерде тырапай аспай қалай ғана мұнда аман-сау жетіп жүрсің өзің? Сен — есуассың, егер сол есуастығыңның қапасына қамалып, өзіңмен өзің есуастана берсең ештеңе етпес еді, бірақ сенің өзіңмен тілдескен һәм сөйлескен жанның бәрін жынды қып жіберетін, ақылынан адастыратын қасиетің бар, — қасыңа еріп келе жатқан мына сеньорлар соның дәлелі. Үйіңе қайт, миғұла, шаруашылықпен шұғылдан, қатын-балаңа қарас, ақылды аздыратын, парасат-пайымды тоздыратын мәжлүмдікті қой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий