Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осымен сұрақ пен жауап тәмамдалды, бірақ дон Антоньоның бар жайдан бек жақсы хабардар екі досынан басқалары таңырқану мен таңдану сезімінен арыла алмады. Алайда Сид Ахмет Бен-инхали оқырмандарға тап осы арада тиісті түсінік бере кеткенді хош көріпті, өйткені олардың әрі-сәрі халде қала беруіне, сөйтіп аталмыш баста әлденендей сиқырлы әрі шектен тыс құпия бірдеңе орын тепкен-ау деген ойға қарай ойысуына жол бергісі келмепті, осы себепті ол дон Антоньо Мореноның көңіл көтеру үшін және хабары жоқ жұртты қайран қалдыру үшін Мадридтен көрген, әлдебір шебер сомдаған мүсіннің үлгісімен тап сондайдың бірін өз үйінде жасаттырғанын мәлім етеді; ал оның құрылғысы төмендегідей болатын. Үстелдің тақтасы мен жалғыз аяғы ағаштан болғанымен, яшмадан жасалған сияқты көрінетіндей әшекейленіп, сырланған еді, ал үстел орнықтырақ тұруы үшін аяғы бүркіт аяғының төрт саусағындай боп тармақталатын. Қоланың түсіне боялған және Рим императорының мүсінін еске салатын бастың іші қуыс еді, сол сияқты ол орнатылған тақтаның да ортасы кеуек-ті және бастың оған жымын білдірмей жымдастырылғаны соншалық, бас пен тақта біртұтас екен деп ойлап қалуға болатын. Сиқырлы бастың кеңірдегі мен кеудесі секілді көрініс беретін үстел аяғының іші де ойық еді және осының бәрі бас тұрған бөлменің астындағы басқа бөлмемен жалғасып жататын. Үстелдің аяғы мен тақтасындағы, мүсіннің кеудесі мен кеңірдегіндегі осы бос кеңістік арқылы ешкім байқай алмайтындай асқан шеберлікпен қаңылтыр түтік өткізілген болатын. Аталмыш бөлменің астындағы бөлмеде отырған адам түтікті аузына тақап, сұрақтарға жауап беретін: айта кетерлігі, оның дауысы, бейне бір рупор арқылы шыққандай, жоғарыға да, төменге де бірдей тарайтын және әр сөзі анық естіліп тұратын, — осы себепті бұл қулықтың сырын ашудың еш мүмкіндігі жоқ-ты. Жауапты студент, дон Антоньоның немере жиені, аңғарымпаз да тапқыр жігіт беріп отырды; бас орналасқан бөлмеге кімдерді ертіп келетінін нағашы ағасы алдын-ала ескертіп қойғандықтан, алғашқы сұрақтарға дереу және дұрыс жауап қайтару оған қиындыққа түскен жоқ, ал кейінгілеріне жорамалды түрде жауап беруіне тура келген, бірақ алғыр да зерек адам болғандықтан үнемі дөп түсіп отырған. Осы айтылған жайға қосымша ретінде Сид Ахмет: бұл ғажайып құрылғының одан кейін де оншақты күндей аман-сау тұрғанын, сосын қалада дон Антоньоның үйінде кез-келген сұраққа жауап беретін сиқырлы бас бар деген қауесет тарағанын, одан соң бұл әңгіме діни сенім тазалығын қас қақпай қарауылдайтындардың құлағына шалынуынан қорыққан дон Антоньо болған жайдың бәрін сеньор инквизиторларға өзі барып айтып бергенін, ал олардың ондай ермектен тиылуға, білімсіз қара тобырды еліктіріп жүрмесі үшін басты сындырып тастауға әмір еткенін хабарлайды; алайда Дон Кихот пен Санчо Пансаның көңілінде аталмыш бас әрі жұмбақ, әрі асқан шебер жауап қайтарушы ретінде қала барды; рас, оның жауаптары Санчодан гөрі Дон Кихотқа көбірек ұнаған еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий