Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өзіне ерекше құрмет көрсетіліп жатқанына шектен тыс қуанышқа бөленген Дон Кихот осынау жылы лебізге одан асып түспесе кем түспейтін сыпайылықпен жауап қатты. Жұрттың бәрі кеменің әсем безендірілген артқы жағына қарай ойысып, борт жиегіне жағалай орнатылған сәкілерге жайғасты; палубамен боцман жүріп өтіп, ескекшілерге ысқырық арқылы: “Киімді шеш!” дегенді білдіретін команда берді, әмір сол бойда бұлжытпай орындалды. Белуарына дейін жалаңаштанған мұншама көп адамды көрген Санчо мелшиіп тұрып қалды, әсіресе оған тенттің қас пен көздің арасында қайта жабылғаны ерекше әсер етті: құдды бір теңізшілерге дүниедегі дүйім шайтан дереу көмекке келгендей көрінді; алайда алда әңгіме болатын нәрсемен салыстырғанда бұл дәнеңе емес-ті. Санчо оң жақ бортта, бірінші ескекшінің жанында отырған, міне, не істеу керегі алдын-ала үйретілген тап осы ескекші кенет оған шап беріп жармаса кетті де, оны қолына көтеріп алды, командадағы басқа ескекшілер де сақадай сай даяр отырғандықтан соры қайнаған Санчо бір қолдан екінші қолға өтіп, оң жақ бортты жағалап қалықтап кете барды және жедел ұшқаны сонша, көз алды қарауытып кетті: әрине, бұл кезде оның жын-перілер өзін әлдебір жаққа әкетіп бара жатқандай сезінгенінде дау жоқ-ты; ал ескекшілер болса, Санчоны екі бортты жағалай айналдырып шыққанша тыным таппады, тек содан кейін ғана оны кеменің арт жағына әкеп тастады. Сорлының сілікпесі шыққан еді; дем ала алмай ентігіп, қара суға түсіп терлеп, не болғанын түсіне алмай әрі-сәрі халде мәңгіріп отырып қалды. Санчоның қанатсыз қалықтап ұшқанын көрген Дон Кихот бастыққа кемеге алғаш аяқ басқан жанның бәрін осындай рәсімнен өткізу қалыптасқан дәстүр ме, деген сұрақ қойды; егер ондай рәсім бар болса, өзінің оны орындауға бейілді еместігін, мұндай жаттығуға құлқы соқпайтынын, ал қақпақыл жасамақ оймен әлдекім өзіне жармасатын болса, жанын жаһаннамға аттандыратынына ант ететінін мәлім қылды, соны айтып Дон Кихот орнынан тұрып, семсерінің тұтқасына қолын қойды.

Дәл осы сәтте теңізшілер тентті жинап алды да, құлақ тұндыратын қатты гүрсілмен реяны46 төмен түсіріп жіберді. Санчоға аспан күмбезі опырылып, тұп-тура төбесіне құлап келе жатқандай боп көрінді, зәресі ұшып қорыққаны сонша, басын екі тізесінің арасына тығып алды. Айта кетерлігі, Дон Кихот та шошынып қалды; ол да сескеніп, бұғына түсті, өңі құп-қу боп кетті. Одан соң команда реяны әлгінде төмен түсірген кездегідей жылдамдықпен және тарсыл-гүрсілмен қайтадан жоғары көтерді, бұл істің бәрін теңізшілер тіл-ауызы байланып қалғандай үн-түнсіз атқарып жатты. Боцман зәкір көтеруге белгі берді, сосын қолына ұстаған әлде қамшы, әлде шыбығымен ескекшілерді иығынан шықпыртып ұра бастады, содан кейін ғана галера жай қозғалып теңізге қарай бағыт алды. Қозғалысқа түскен мұншама көп қызғылтым сирақты көрген Санчо, — ескектерді ол сирақ деп білген-ді, —өзімен-өзі былай деп сөйлесіп кетті:

— Міне, нағыз сиқыршылық деп осыны айт, қожайыным көйітіп жүрген нәрселер мұның ширегіне де татымайды. Аяушылықты білмей шықпыртатындай бұл бейшаралар не жазды екен сонша? Оған қоса, мына арада әрлі-берлі талтаңдап, ысқырып жүрген жалғыз адамның соншама көп жұртты ұрып-соғуға қалай батылы барады екен? Міне, нағыз тамұқ, тамұқ болмаса да мақшар деген тап осы шығар.

Санчоның айнала-маңдағы қилы әрекетті зейін сала бақылап отырғанын байқаған Дон Кихот оған былай деп тіл қатты:

— Әй, Санчо достым-ай! Ықылас-зауқың болса ғой, белуарыңа дейін ылдым-жылдым жалаңаштанып жіберіп, мына сеньорларға қосылып кетер едің де, Дульсинеяның жадысын қайтаруды ә дегенде аяқтап тастар едің! Қасыңдағылардың бәрі қайғы мен қасірет шегіп жатқандықтан саған да азабың онша ауыр көрінбеген болар еді. Оның үстіне, данагөй Мерлин осынау қайратты қолмен соғылған бір қамшыны, бәлкім, онға балап, өзіңді-өзің шықпыртуға тиісті дүренің жалпы санын әжептәуір азайтып та берер ме еді, кім біледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий