Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аррайыс оған бірдеңе айтпаққа оқталған, алайда командордың оның жауабын тыңдарлық мұршасы болмады: жанына бірнеше малайы мен қала тұрғынын ерткен вице-корольдің галераға көтеріліп келе жатқанын көріп, соны қарсы алуға ұмтылды.

— Аңшылықтан олжалы оралыпсыз ғой, командор мырза! — деді вице-король.

— Айтатыны жоқ, — деп қоштай кетті оны командор, — аулап әкелген аң-құсымызды мына реяға салбыратып іліп қойған кезімізде, жоғары мәртебелім, оған өзіңіз де қазір анық көз жеткізетін боласыз.

— Не үшін өйтпексіз сонда? — деп сұрады вице-король.

— Әскерилер арасында қалыптасқан заңдарды, ережелер мен дәстүрлерді мансұқ етіп, ең жақсы екі теңізшімді өлтіргендері үшін, — деп жауап қатты командор. — Осы себепті қолға түсіргендерімнің бәрін түгел, соның ішінде әсіресе, мына сабазды, бригантина аррайысын, дарға асуға серт бергем.

Соны айтып ол вице-корольге қолы байланып, мойнына арқан ілінген қалпы ажалын тосып тұрған жас жігітті нұсқап көрсетті.

Вице-король жігітке көз кідіртті, ол бұған таңғаларлықтай көркем де сымбатты әрі таңғаларлықтай момын көрінді, сөйтіп, сол арада жігіттің көз тартар көркі өзі жайында жазылған ең тәуір кепілдік хаттың өтеміне жүргендей болды, осы себепті вице-корольдің жігітті ажалдан арашалап қалғысы келіп, оған:

— Сен өзің кім екеніңді айтшы, аррайыс: түрікпісің әлде маврмысың, әлде, бәлкім, діннен безген адам шығарсың? — деген сұрақ қойды.

Аррайыс та оған кастиль тілінде жауап қатты:

— Мен түрік те, мавр да, діннен безген адам да емеспін.

— Сонда сен кімсің? — деп сұрады вице-король.

— Христиан әйелмін, — деп жауап қатты жас жігіт.

— Өзің әйел болсаң, оған қоса христиан болсаң, мынадай киім киіп, мынадай ахуалға қалай тап боп жүрсің? Бұған сену қиындау, бірақ, рас болса, шынымен-ақ таңдануға тұрарлық жағдай екен.

— Сеньорлар, жазалау сәтін сәл кідірте тұрсаңыздар етті, — деді жас жігіт. — Менің өлімімді тағдыр-талайым жайындағы әңгімемді аяқтағанша кейінге қалдыра тұрғаннан көп ештеңе жоғалтпайсыздар.

Мұндай сөзден соң қандай қатыгез жүрек те жібімей қалмас, қайғылы һәм қапалы жас жігіттің басындағы жағдайға құлақ салуға қалай кеңшілік жасамас? Командор оның әңгімесін тыңдауға келісім берді, бірақ айдан анық айып-кінәсі үшін кешірім алудан үміттенбеуін алдын-ала ескертіп қойды. Рұқсат алған соң, жас жігіт әңгімесін былай деп бастап кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий