Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі күннен соң діннен безген ержүрек командасы бар он екі ескекті жеңіл кемешікпен жөнеп те кетті; ал арада тағы екі күн өткенде галералар Левант жағалауларына қарай аттанды; сапарға шығар алдында командор вице-корольден дон Грегорьоға азаттық әперудің қалай жүзеге асқаны жайында, сол сияқты Ана Фелистің тағдыр-талайы қалай болғаны турасында өзін хабардар етуді өтінді, вице-король оған уәде берді.

Бір күні таңертең барлық сауыт-сайманын асынып алған Дон Кихот, — өйткені, ол киімім — сауыт-сайманым, жан тыныштығым — қанды шайқас, дегенді қайталап айтуды ұнататын, сондықтан сауыт-сайманынан қас қағым сәтке қол үзбейтін, — атына мініп, жағалау бойымен серуендеуге шыққан-ды, кенет қарсы алдынан тап өзі секілді басынан бақайшағына дейін қаруланған, оған қоса, қалқанына жарқыраған айдың суреті салынған бір рыцарьдың өзіне қарай беттеп келе жатқанын көрді; сөзі анық естілетіндей жерге жақындаған соң әлгі рыцарь дауысын қатайтып, Дон Кихотқа қарап былай деп тіл қатты:

— Даңқы жер жарған, бірақ лайықты бағаланбаған рыцарь Ламанчалық Дон Кихот! Мен — теңдесі жоқ қарекеті өзіңе бек жақсы мәлім болуға тиіс Аппақ Ай Рыцары дегеннің тап өзімін. Сенімен айқасқа түсіп, білегіңнің қуатын байқап көрмекпін; мақсатым: Дульсинея Тобосскаяңның менің ханымымның, ол кім болсын мейлі, тырнағына да татымайтынын саған мойындату және мақұлдату, егер сен мұны ашықтан ашық мойындасаң, онда өзіңді — өлімнен, мені — өзіңді өлтіруге қатысты әурешіліктен құтқаратын боласың. Ал егер менімен ұрысқа шықсаң және мен сені жеңсем, онда жеңген адам ретінде саған қояр талабым мынадай болады: қаруыңды тастайсың, шытырман оқиға іздеуден біржола тыйылып, бір жылдық мерзімге туған селоңа барып оңаша тірлік кешесің және семсерге жоламай, өміріңді бейбіт те мамыражай, берекелі тыныштықта өткізесің, өйткені дәулетіңді арттыру мен жаныңның жаһаннамнан амандығы өзіңнен соны талап етеді. Әгәрәки сен жеңсең, онда басымды кесіп алуға да еріктісің, сауыт-сайманым мен атыма ие боласың, атақ-даңқым өз даңқыңа үстеме боп қосылады. Сонымен, екінің бірін таңда және жауабын кідіртпе, себебі бұл істі тап қазір қолма-қол тәмамдамақпын.

Дон Кихот Аппақ Ай Рыцарының оспадарсыз сөзіне де, жекпе-жекке шақыру себебіне де айран-асыр боп, абдырап қалды, алайда, байсалды кейіпте, сырттай барынша сабырлы түрде, оған былай деп жауап қатты:

— Аппақ Ай Рыцары! Ерлік істеріңіз жайында осы күнге шейін ештеңе естімеген екем, оған қоса нұр жайнаған Дульсинея Тобосскаяны өмірі ешқашан көрмегеніңізге де ант ішуге бармын; егер оны көрсеңіз, жекпе-жекке шақырып әуре болмайтыныңызға кәміл сенімдімін, өйткені дидарына көзіңіз түскен бойда-ақ күллі әлемде Дульсинеямен теңдесе алатын сұлудың болмағанын да және болмайтынын да бірден түсіне қояр едіңіз. Сондықтан сізді өтірік айтып тұр демеймін, жаңылысып тұр деймін, ал енді жекпе-жекке келсек, атап көрсеткен шарттарыңызды мақұлдаймын және шақыруыңызды қабылдаймын, оған қоса, ертеңгі күнге қалдырмай тап қазір айқасқанымыз жөн деп білем. Келісе алмайтын бір ғана нәрсем — атақ-даңқыңыздың маған ауысатыны жайында айтқаныңыз, өйткені бұл нендей даңқ және қадір-қасиеті қандай — ол жағы маған беймәлім: жақсы болсын, жаман болсын өз даңқым өз басыма жетіп жатыр. Айқас алаңынан өзіңізге кез-келген орынды таңдап алыңыз, мен де таңдайын, сосын құдайдың салғанын көрерміз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий