Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлсіреген, қамкөңіл, қапалы, қалың ойға шомған Дон Кихот алты күн бойы төсек тартып жатты, осы уақыттың ішінде өне бойы тек өзі жеңіліс тапқан жекпе-жек жайында ғана ой кешумен болды. Санчо оны қолынан келгенінше жұбатып бақты, сөйтіп, сөз арасында, оған былай деді:

— Налымаңыз, мархабатты мырзам! Көңілді болуға тырысып бағыңыз және аттан жығылғанда бір жеріңізді жарақаттап алмағаныңызға құдайға шүкіршілік етіңіз. Қай жерде асатса, сол жерде қақсататыны белгілі ғой, сол сияқты бүгін мырғамға батып жүрсең, ертең әркімге көзіңді сатып жүруің де мүмкін, ендеше емші дегендерге түкіргеніңіз бар ма, себебі сіздің сырқатыңызға ешқандай емші қажет емес, одан да үйге қайтайық, жат өлкелер мен бейтаныс жерлерден шытырман оқиға іздегенді доғарайық. Ойлап қарасақ, бұл істе мен көбірек зардап шегіппін, алайда, шындығына келгенде, сіз көбірек таяқ жедіңіз. Губернаторлығымнан кеткенде енді қайтып губернаторлық етпеспін дегем, есесіне граф болсам деген арманнан қол үзбегем, бірақ енді бұл арман орындалмайды, себебі сіз рыцарьлық саладан кетіп барасыз, демек, ешқашан король бола алмайсыз: ендеше, бұл менің де үмітімнің үзілгені емес пе.

— Қойсаңшы, Санчо! Қамағым мен қамашау тірлігім бір жылдан артыққа созылмайтынын өзің де жақсы білесің ғой, одан соң қадірменді кәсібіме қайта оралам да, қайтсем де бір корольдікті өзіме қаратып алам, ал сені граф атандырам.

— Сәтті күнде гөй-гөйле, сәтсіз күнде сөйлеме, — деп құлаққағыс етті Санчо. — Сондай-ақ, жаман бірдеңеге жармасқанша, жақсы бірдеңе жайында армандаған артық, деген сөзді де жиі еститінмін.

Осы әңгіменің үстіне дон Антоньо келіп кірді де, аса бір қуанышты жүзбен былай деп дауыстай сөйледі:

— Қуанышты хабар, сеньор Дон Кихот! Дон Грегорьо мен оны алып қайтуға кеткен әлгі діннен безген айлаққа келіп кірді! Айтпақшы, қайдағы айлақ, оларды қазір вице-король қабылдап жатыр, енді қазір менің үйіме келуге тиіс.

Дон Кихот көңілденіп қалды.

— Шынымды айтсам, — деді ол, — бұл сапар сәтсіз аяқталғанда мен оған қуанбасам қайғырмас едім, себебі ондай жағдайда Берберияға менің аттануыма тура келер еді, ал онда барған соң білегімнің қуатымен тек жалғыз дон Грегорьоны ғана емес, Берберияда тұтқында жүрген барша христианды тұтқыннан босатып алар ем... Бірақ, мен бейбақ не оттап отырмын? Жеңіліс тапқан мен емес пе ем? Жер құшып қалған мен емес пе ем? Жыл бойы қару ұстамауға мәжбүр етілген жоқпын ба? Ендеше, уәде беру менің не теңім? Енді маған семсер ұстағаннан гөрі таяқ ұстау көбірек үйлесетін болса, мақтанар нем қалды?

— Жә, жетер сізге, сеньор! — деді Санчо. — Қой, қоразым, үйдеме, тіліңе шыққыр түйнеме, дейді мұндайда, сондай-ақ, дүние — кезек, деген сөз де бар, ана бір ұрыс-қағыс, айтыс-тартысқа бола түңіліп-тұнжыраудың қажеті жоқ, себебі бүгін жатып қалған адам ертең қайта бас көтереді, егер тек өзі төсектен тұрғысы келмей жүрмесе, — яғни, күдері үзіліп, жаңа айқасқа жүрегі дауаламай жүрмесе, дегенім ғой. Ал сіздің, тақсыр, дон Грегорьомен жүздесу үшін қазір енді тұруыңызға тура келеді: үйдің ішінде абыр-сабыр басталып жатыр, шамасы, ол келіп те қалған шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий