Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Айтқандай-ақ, діннен безген екеуі вице-корольге жолығып, барып қайтқан сапары жайында баяндап бергеннен кейін, Ана Фелиспен тезірек жүздесуге ынтық болған дон Грегорьо діннен безгенді ертіп Антоньоның үйіне жетуге асыққан-ды; Алжирден дон Грегорьо әйел киімімен шыққан, алайда жолда өзімен бірге қайтып келе жатқан бұрынғы тұтқынмен киім ауыстырған, — айта кетерлігі, қандай киім кисе де жұрт оған еріксізден еріксіз таңдана, сұқтана қарап қалатын әрі құрметтейтін, өйткені керемет келбетті еді, ал түріне қарап он жеті - он сегізде деуге болатын. Рикоте қызымен екеуі оның алдынан шықты, әкесі — көңілі босап кемсеңдеп тұрды, қызы — әдептен аттамау мақсатында сырттай барынша сабырлы болды. Дон Грегорьо мен Ана Фелис көрген бойда құшақтаса кеткен жоқ, өйткені шынайы сезім күйіп-жанып лапылдағанды жөн көрмейді. Дон Грегорьоның келбеттілігі мен Ана Фелистің әдемілігінің құп жарасуы сол араға жиылған қауымды қайран қалдырды. Екі ғашықтың бір-біріне ләм деп тіл қатпауы жан сырларын айтпай-ақ әйгілеп, қуанышты да бейкүнә арман-ойларын ауыздан шыққан сөз емес, көз жанары паш етіп тұрған. Діннен безген дон Грегорьоны азат ету үшін қандай айлакерлік амал қолданғанын әңгімелеп берді; дон Грегорьо болса, өз тарапынан, әйелдер арасында тұрған кезінде қандай қатерге бас байлағанын баян етті, — егжей-тегжейіне бармай, қысқаша түрде ғана айтты, ерте есейіп, ақыл тоқтатқандығы осының өзінен-ақ анық байқалған-ды. Одан соң Рикоте діннен безгенмен және ескекшілермен есеп айырысып, оларға мейлінше жомарттықпен сыйақы төледі. Діннен безген шіркеумен қайта табысты, шіркеу аясына қайта оралып, күнәдан арылу мен епитимьядан өткен соң, оның азғын да арамза мүшесі атағынан құтылып, қайтадан сау-сәлемет әрі пәк-таза мүшесіне айналды.

Екі күннен кейін вице-король дон Антоньомен бірге Ана Фелис пен әкесінің Испанияда қалуы үшін не істеуге болатыны жайында кеңес құрды; вице-король де, дон Антоньо да христиандыққа осынша шын пейілімен берілген қыз бен оның, шамасы, дәл сондай пиғылдағы ізгі ниетті әкесінің осында қалғанынан ешкімге ешқандай зиян келмейді, деген ойда болатын. Дон Антоньо бір шаруасына байланысты астанаға бармақшы екенін айтып, сол жерде өзінше әрекет жасап көруге ықылас білдірді, сөз арасында, жоғары лауазымды адамдардың көмегі мен тарту-таралғының арқасында астанада көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын құлаққағыс етті.

— Жоға, бізге қатысты жағдайда жоғары лауазымды адамдар да, сол сияқты тарту-таралғы да дәрменсіз, — деді осы әңгімеге қатысып отырған Рикоте. — Жоғары мәртебелі ағзам бізді қуып шығу міндетін жүктеген қадірменді дон Бернардино де Веласкоға, Саласар графына, жалынып-жалбарыну да, уәде де, сыйлық та, адамның қайғы-қасіреті де әсер етпейді. Әдетте ол мейірімділік пен әділеттілік тұрғысынан әрекет етеді, алайда халқымыздың тәні ауруға шалдығып, іріп-шіріп бара жатқанын көргеннен кейін оған жұмсартатын май жағып әуре болмай, отқа қыздырылған темірмен қарып жатыр. Міне, өзінің әлеуетті иығына артылған ауыр да күрделі міндетті ол осылайша парасаттылық, алды-артын байқағыштық және ынталылық таныта отырып, сонымен бірге үрей тудыра отырып атқару үстінде, осы себепті біздің ықылас-ынтамыз, айла-шарғымыз бен қулық-сұмдығымыз оның көзін алдай алмайды, оның көзі нағыз Аргустың көзі, ешқайсымыздың осында қалып қоймауымыз, жасырынып қалмауымыз үшін, сөйтіп топырақ астына тығылған тамырдай қайта жапырақ жайып, қазіргі кезде түгелдей тазарған, біздің қауым төндірген қатерден қазіргі кезде толық құтылған Испанияда улы жемістерін қайта таратпас үшін бұл көздер қас-қағым сәтке де жұмылмайды. Даңқты Үшінші Филипп игілікті істі қолға алды және оны орындауды дон Бернардино де Веласко сынды адамға жүктеу арқылы керемет көрегендік жасады!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий