Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Вице-король де, дон Антоньо да, сол арада тұрған басқа адамдар да мұны өз құлағымен естіді, сондай-ақ олар Дон Кихоттың оған қайтарған жауабын да естіген: ал Дон Кихот болса, өзінен Дульсинеяның намысын қорлайтын еш нәрсе талап етілмеуі себепті және адал да ақ ниетті рыцарь болғандықтан, қалған шарттың бәрін орындауға дайын екенін мәлім еткен еді. Осы уағданы естігеннен кейін Аппақ Ай Рыцары атының басын бұрды да, вице-корольге бас иіп құрмет көрсеткен соң текіректей желіп қалаға қарай тартып кетті.

Вице-король дон Антоньоға оның соңынан еріп баруға, қайткен күнде де кім екенін біліп алуға тапсырма берді. Дон Кихотты бәрі жұмылып орнынан тұрғызды, бүркеуішін көтерген кезде бетін тер басып, құп-қу боп кеткені көзге шалынды. Ал Росинант жағдайының мүшкілдігі сонша, әлі де болса тырп ете алмай тырайып жатқан-ды. Қатты қайғырып, қапаланған Санчо не дерін де, не істерін де білмеді; көз алдында өтіп жатқан жайдың бәрі оған бейне бір көрген түстей, жын-жыбырдың араласуымен болған істей әсер берді. Санчоның көз алдында қожайыны жеңілгенін мойындады және тұтас бір жыл бойы қолына қару ұстамауға міндеттенді; Санчоға Дон Кихоттың ерен ерліктерінің даңқы божырап, Дон Кихоттың таяудағы уәделеріне байланысты қайта жандана бастаған үміт-арманы жел желпіген түтін секілді сейіліп бара жатқандай сезілді. Ол Росинанттың сүйегі сынған жоқ па екен деп қорықты, сондай-ақ қожасы ауыштықтан құлантаза арылып кетті ме деп те қауіптенді (ал, шындығында, бұл айтып жеткізгісіз қуаныш болмас па еді!). Ақыр соңында Дон Кихотты қалаға зембілмен әкетуге тура келді: зембіл мұнда қаладан вице-корольдің бұйрығы бойынша жеткізілген-ді; вице-король оның соңынан ілесті, өйткені Дон Кихотқа аяусыз зәбір көрсеткен Аппақ Ай Рыцары дегеннің кім екенін білуге ынтық боп қалған.

LXҮ тарау

Бұл тарауда Аппақ Ай Рыцары дегеннің кім екендігі хабарланады және дон Грегорьоны құтқару жайында, сондай-ақ басқа да оқиғалар жөнінде әңгімеленеді.

Дон Антоньо Морено Аппақ Ай Рыцарының артынан жүріп отырды, рыцарь қашан қаладағы көп мейманхананың біріне еніп қарасын батырғанша балалар да топырлап соңынан ерді, әділін айтқанда, соңына түсті. Рыцарьмен танысуды мұрат тұтқан дон Антоньо да мейманханаға кірді; рыцарьды малайы қарсы алып, сауыт-сайманын шешуге көмектеспек болды; рыцарь залға қарай өтті, бұл неғылған адам екенін білмекке құмартқан дон Антоньо да ілесе кірді. Кавальероның өзінен қалмай қойғанын көрген Аппақ Ай Рыцары оған былай деп тіл қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий