Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны айтып ол үнсіз қалды, көзінен жас бұршақтады, сол жерде тұрғандар да соны көріп көзін сулап алды. Көңілі босап, жүрегін аяушылық сезімі баураған вице-король үн-түнсіз жақындап келді де, мавр қызының сүйкімді білегін шырмаған жіпті өз қолымен шешті.

Галераға вице-корольмен бірге көтерілген бір мосқал тауапшы осы уақыт аралығында, христиан мавр қызы өзінің таңғаларлық тағдыр-талайы жайында баяндап тұрған шақта, одан көз алмай тесірейе қараумен болған; анау әңгімесін аяқтаған бойда ол қыздың аяғына жығыла кетті де, аяғын қолымен құшақтап алған күйі еңкілдей жылаған дауыстан үзік-үзік боп шыққан үнмен былай деді:

— Уа, Ана Фелис, сорлы қызым-ай! Мен әкең Рикотемін ғой, сені іздеп келдім, өйткені сенсіз тұра алмаймын: менің жаным сенде, жарығым!

Бұл сөзді естіген Санчо көзін бақырайта ашып, басын көтерді (ал бұған дейін ол сәтсіз серуені жайында көңілсіз ой кешіп, басын төмен салып тұрған), сөйтіп тауапшыға қарап қалды да, оның дәп сол өзі губернатор қызметінен кеткен күні жолықтырған Рикоте екенін таныды, одан соң мавр қыздың шынымен соның қызы екеніне көз жеткізді, ал бұғаудан босаған қыз бұл кезде әкесін құшақтап егіле жылап жатқан, көзінің жасы әкесінің көз жасымен қосылып кеткен; ақыр соңында Рикоте командор мен вице-корольге қарап былай дедіі:

— Сеньорлар, бұл менің қызым, өкінішке қарай, болымсыз бақ-талайына есімі мүлдем қарама-қайшы. Есімі оның Ана Фелис, әулет есімі Рикоте болады, менің байлығыммен де, өзінің сұлулығымен де даңқы алысқа жайылған қыз. Отбасыма шет мемлекеттерден қолайлы орын мен баспана іздеп отанымды тастап шыққам, сөйтіп сондай жерді Германиядан тапқан соң, қызымды және осында жасырын көміп кеткен мол қазынамды алып қайту үшін тауап етушінің кейпінде бірнеше неміспен бірге мұнда қайтып оралғам. Қызымды таппадым, бірақ қазынамды тауып, қазір оны өзіммен бірге алып келе жатырмын, ал енді қазір оқиғалардың ғажайып түрде орайласуы арқасында, оған өздеріңіз де куәсіздер, ең асыл қазынамды, атап айтқанда, жанымдай жақсы көретін қызымды тауып тұрмын. Егерде айып-кінәміздің мардымсыздығы, сол сияқты өзімнің көз жасым мен қызымның көз жасы аяушылықты білмейтін әділ сотыңыздың тосқауылын бұзып өтіп, мейірім-қайырымыңызды оята алса, бізге соның шарапатын тигізсеңіздер етті, өйткені сіздерге қарсы ешқашан жамандық ойлаған емеспіз және әділетті түрде қуғынға ұшыраған қауымдастарымыздың арам пиғылына араласымыз жоқ.

Сол арада Санчо сөзге килікті:

— Рикотені жақсы білем және Ана Фелис шынымен өзінің қызы екеніне кепілдік бере алам, ал ол неге кетіп қалды, сосын неге қайтып келді, ой-ниеті қандай болды — бұл шырғалаңда ешқандай шатағым жоқ.

Бұл ғажайып оқиға сол араға жиылғандарды қайран қалдырды, ал командор мынадай байлам айтты:

— Көз жасыңызды көрген соң сертімді орындауға ықыласым болмай қалды: аспан алғыс берген жасыңызды жасай беріңіз, сүйкімді Ана Фелис, ал ана оспадарсыз оңбаған қылмыскерлер тиісті жазасын алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий