Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қалай болғанда да, әйтеуір қолымнан келгенше әрекеттеніп бағам, қалғанын көре жатармыз, — деп мәлім етті дон Антоньо. — Дон Грегорьо менімен бірге жүрсін, ата-анасын қуантсын, мұның хабар-ошарсыз ғайып болуы оларға аз қайғы әкелмеген шығар; Ана Фелис менің зайыбымның қасында, не монастырьда бола тұрар, ал енді мейірбан Рикотеге келсек, ана жақтағы әрекетімнен бір нәтиже шыққанша, оны сеньор вице-король паналата тұруға ризалық білдірер деп ойлаймын.

Вице-король дон Антоньо ұсыныстарының бәрімен түгел келісті, алайда дон Грегорьо олардың осындай шешім қабылдағанын естіп, донья Ана Фелисті қалдырып, жалғыз кете алмайтынын айтып азар да безер болды, бірақ соңынан, ата-анасымен көріскеннен кейін, дереу донья Анаға қайтып оралатын боп, қолқаға көнді. Ана Фелис дон Антоньо әйелінің қасында қалды, ал Рикоте вице-корольдің үйіне орналасты.

Сөйтіп, дон Антоньоның сапарға аттанар күні де келді; ал Дон Кихот пен Санчо болса, тек екі күннен кейін ғана жолға шықты, себебі аттан құлау зардабынан Дон Кихот әлі толық айыға қоймаған. Дон Грегорьо Ана Фелиспен қоштасқан шақтағы жылап-сықтаудың шетіндігі шексіз болды, еңіреп жылау мен күңірене күрсіну құлақ тұндырды. Рикоте дон Грегорьоға керегі боп қалар деп мың эскудо ұсынған, бірақ анау одан бас тартып, астанаға барған соң қайтарып беруге уәде етіп дон Антоньодан қарызға бар-жоғы бес эскудо сұрап алды. Ақыры бұл екеуі жүріп кетті, одан соң, әлгінде айтылғандай, Дон Кихот пен Санчо жолға шықты: үстіне жол киімін киген Дон Кихот — қару-жарақсыз еді, ал Санчо — жаяу болатын, себебі есекке сауыт-сайман артылған-ды.

LXҮІ тарау

Мұнда оқырман оқығанда, ал тыңдарман тыңдағанда мәлім болатын жайлар баяндалады.

Барселонадан аттанып бара жатқан Дон Кихот аттан құлаған жеріне көз кідіртіп, былай деп дауыстап жіберді:

— Осы жерде Троя болды! Осы жерде қоян жүректігім емес, тақсіретім абырой-даңқымды тәрк етті, осы жерде Фортуна маған қаншалықты құбылмалы екенін көрсетті, осы жерде ерен ерліктерім қадірін жоғалтты, тоқ етерін айтқанда, осы жерде бақытымның жұлдызы сөнді, енді ол ешқашан қайта жарқырамайды!

Мұны естіген Санчо былай деді:

— Айбынды жүректерге, мархабатты мырзам, жолы оңғарылған шақта асып-тасып қуанған, жолы болмаған шақта мейлінше төзімді болған жарасады және мұны өз басымнан білем: губернатор атанған кезімде керемет көңілді болғам, енді қазір жай әншейін жаяу атқосшыға айналғанымда да қайғы шегіп келе жатқам жоқ, себебі, естуімше, Фортуна дегеннің өзі — масқұмар әрі бәлеқұмар қатын көрінеді, оған қоса, оны соқыр деседі: не істеп, не қойғанын көрмейді екен, кімді көкке көтеріп, кімді тақырға отырғызғанын білмейді екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий