Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жоқ, сеньор, бұл жалған сөз, — деп наразылық білдірді Санчо, — мен тазалық сақтай білетін адаммын және соншалықты қомағай да емеспін, — өтірік болса осы арада отырған қожайыным Дон Кихоттың өзі айтсын, екеуіміздің апталар бойы бірер уыс емен жаңғақпен немесе жай жаңғақпен өзек жалғаған кезіміз аз болмаған. Рас, маған баспақ береміз десе, дереу бас жібін байлауға асығатын кезім де болып тұрады: яғни, берген астан бас тартпай, оңтайлы сәтті пайдаланып тойып алатыным бар. Егер біреу-міреуден мені қомағай екен, нас екен дейтін сөзді естісеңіз, ол адам жаңылысып тұр деп есептей беріңіз, — бұдан да гөрі батымырақ айтар едім, бірақ мына құрметті қауымның көңіліне қаяу түсіріп алам ба деп ыңғайсызданып отырмын.

— Санчоның тамақ ішудегі қанағатшылдығы мен тазалығы, — деп мәлім етті Дон Кихот, — кейінгі ұрпақтар қаперінде мәңгілік сақталуы үшін мыс тақтайша бетінде бедерленуге лайық екенінде еш күмән жоқ. Рас, қатты ашыққанда мешкейлік көрсетіп қалатыны бар: ондай кезде ол үсті-үстіне қарбытып асап, тыным таппай шайнаңдаумен болады, есесіне тазалық сақтауынан мін таба алмайсың, мұны аз десең, губернатор боп жүрген шағында тамақ ішудің өзгеше үрдісін де үйренген, — тіпті жүзім мен анар дәніне дейін шанышқымен жейтін.

— Не дейді? Санчо губернатор болып па еді? — деп дауыстап жіберді дон Антоньо.

— Иә, Баратария аралының губернаторы болғам, — деп жауап қатты Санчо. — Оны он күн бойы өз қалауымша басқардым және осы он күн ішінде жан тыныштығынан біржола айрылып, дүниедегі билік атаулының бәрінен біржола безіп шықтым. Ол жерден алды-артыма қарамай қаштым, жолшыбай жер асты қуысына құлап түстім, өлген жерім осы ғой деп ем, бірақ ақыры құдіреттің күшімен аман қалдым.

Санчоның губернаторлығы жайында Дон Кихот егжей-тегжейлі әңгімелеп берді, бұл тыңдаушыларды біраз қызыққа кенелтті.

Түскі астан кейін дон Антоньо Дон Кихотты қолтығынан алып, түкпірдегі жатын бөлмеге ертіп апарды; бөлмедегі жалғыз ғана жиһаз — сырт сипатына қарағанда тұтасымен яшмадан жасалғандай көрінетін үстел ғана еді, ал үстелде адамның қоладан құйылғандай көрінетін, Рим императорларының мүсінін еске салатын, басы тұрған-ды. Дон Антоньо Дон Кихотпен бірге үстелді бірнеше қайтара айналып өтті де, ақыр соңында былай деп сөйлеп кетті:

— Ал, қазір, сеньор Дон Кихот, бізді ешкім тыңдап тұрмағанына және естімейтініне, сондай-ақ мұнда кіретін есіктің жабық екеніне көзім анық жетіп тұрғандықтан өзіңізге бір ерекше шытырман оқиға турасында, дәлірегі, ілуде бір кездесетін жағдаят жөнінде айтып бермекпін, тек бір ғана шартым бар: өзіңізге мәлім етілер бұл жағдаят жайында ешкімге ешқашан сыр шашпайтын боласыз.

— Ант етем, — деп нықтады Дон Кихот, — және кәміл сенімді болу үшін бұл құпияны тас тақтамен бастырып тастауға да бармын, өйткені, біліп қойғаныңыз артық етпес, сеньор дон Антоньо (оның есімі Дон Кихотқа мәлім боп та үлгерген): сіз құлағына құйып алатын, бірақ құпияны сыртқа шығармас үшін аузын құлыпқа салатын адаммен әңгімелесіп тұрсыз, сондықтан не жайында айтқыңыз келсе де айта беріңіз маған — бәрі де үнсіздік тұңғиығына тоғытылып кететінінде шүбә жоқ.

— Олай болса, уәдеңізге арқа сүйеп, — деп сөзін сабақтай түсті дон Антоньо, — көргелі және естігелі тұрған нәрсеңіз арқылы сізді шынымен қайран қалдырғалы тұрмын, — құпиямды ешкіммен бөлісе алмау салдарынан шегіп жүрген азабымнан осы арқылы аздап болса да арылсам деймін, өйткені оны сенім білдіріп екінің біріне айта да алмайсың.

Дон Кихот бұлайша орағытудың не білдіретінін түсіне алмады. Ақыр соңында дон Антоньо Дон Кихотты қолынан ұстап, қоладан жасалған басты, үстелдің үстін, оның яшмадан жасалған аяғын сипатып өтті де, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий