Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әне бір көк шалғында көз жауын алардай сәнді киінген бақташы қыздар мен бақташы жігіттерді кездестіргенбіз, олар осы арада бақташылық Аркадияны қайта жаңғыртып, қайта тірілтпек болған, олардың бұл ойы маған әрі өзіндік ерекшелігі бар, әрі мейлінше парасатты әрекет тәрізді көрінеді; қарсы болмасаң, Санчо, соларға еліктеп біз де, — ең болмағанда, маған тып-тыныш тірлік кешу міндеттеліп тұрған мерзімге, — бақташыға айналсақ қайтер еді. Мен қой сатып алам және бақташыларға қажет жарақты табам, өзім бақташы Кихотис атанам, ал сен бақташы Пансино атанасың, сөйтіп біз біресе әуелете ән салып, біресе әлденеге налып, тауларды, тоғайлар мен шалғындарды кезіп жүретін боламыз, бұлақтардың, мөлдір жылғалардың, арналы өзендердің балдай суымен шөл қандырамыз. Емендер бізге тіл үйіретін тәтті жемісін береді, тығындық емендердің қуатты діңі бізге сәкі болады, талдар — көлеңкесін, раушан гүлдер — хош иісін, шетсіз де шексіз көк шалғын — гүлге оранған кілемін тарту етеді, мөлдір де таза ауа бізді өз демімен тойындырады, ай мен жұлдыздар түн қараңғылығының тынысын тарылтып, бізге жарық себелейді, ән — жан рақатын, көз жасы — қуаныш әкеледі, Аполлон бізді өлең шығаруға шабыттандырады, ал махаббат — есімімізді мәңгілік етіп, тек бұл ғасырда емес, болашақ ғасырларда да даңқымыз дүрілдеп тұратындай ой-жоспарлар туындауына себепкер болады.

— Олла-біллә, осындай өмір маған өте ұнайды, — деп ағынан жарылды Санчо, — тек маған ғана емес, бізді көрсе бұл тірлік бакалавр Самсон Карраскоға да және шаштараз маэсе Николасқа да ұнап қалып, қолма-қол бізге қосылып, бақташы боп шыға келері кәміл, одан соң, кім біледі, священниктің өзі де қызығып кетер: ол өзі ырду-дырдуды ұнататын өте сауыққой адам ғой.

— Ойың өте орынды, — деді Дон Кихот, — бакалавр Самсон Карраско біздің бақташылар қауымына кірсе, — ал оның кіретініне күмән жоқ, — бақташы Самсонино немесе бақташы Карраскон деп атануына болады, ал шаштараз Николас, Боскан қариямыздың Неморосо атанғаны секілді, Никулосо атана алады. Тек священникке қандай есім ойлап табуға боларын білмей тұрмын, әйткенмен, діни дәрежесінен туындатып оған бақташы Пресвитериамбро деген лақап ат беруге болар. Ал енді өзіміз ғашық болатын бақташы қыздарға ат ойлап табу — оңайдың оңайы, өз ханымымның есімі бақташы қызға да, принцессаға да бірдей лайықты болғандықтан, маған одан гөрі тәуірірек есім іздеп әлекке түсудің қажеті жоқ, ал сен, Санчо, бақташы қызыңа қоятын есіміңді өзің таңдап ал.

— Мен оны тек Тересона деп атайтын болам, — деп мәлім етті Санчо, — бұл оның жуандығына да, шын атына да толық сәйкес келеді: өйткені оның есімі Тереса ғой. Ол аз болса, оны өлеңге қосып әспеттеймін, сол арқылы ізгі ниетті адам екенімді, бөтен шаңыраққа жалтақтап, ізгіліктен ізгілік тілемейтінімді дәлелдеп берем. Арбау мен азғыруға ілікпес үшін священникке бақташы қызбен әуейі болу жараспайды, ал бакалаврдың неғылам десе де өз еркі.

— Құдай сақтасын, қандай ғажап ғұмыр кешер едік екеуіміз, достым Санчо! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Кларнеттердің, саморалық волынкалардың, тамбуриндердің, дабылдар мен равельдердің не түрін тыңдамаспыз дейсің екеуіміз! Ал, егер осынау алуан түрлі аспапқа альбогалар үні қосылса ше? Тоқ етерін айтқанда, бізде бақташылық музыкалық аспаптардың бәрі дерлік болады.

— Альбогалар деген не? — деп ынтықты Санчо. — Мен ондайды ешқашан естімеппін және өмірі көрмеппін де.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий