Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар бір бүйірге бұрылды, кешкі астарын тым кештетіп ішті, азықтары да ауыз жарымайтындай еді, бұл Санчоны қамықтырып қойды: кезбе рыцарьлық саласында жүрген шақта, орман мен тауды шарлап тентіреген кезде көрген тауқыметтері қайтадан көз алдына көлденеңдеді, бұл көңілсіз көріністі қамал-сарайлар мен үйлерде, мысалға, дон Дьего де Мирандада, Камачо байдың үйлену тойында, дон Антоньо Моренода қонақта болған кездегідей мырғамға батқан сәттер әредік-әредік қана ауыстырып тұрды, алайда күн жарығы секілді, түн қараңғылығының да түгесілер кезі болатынын қаперге алған Санчо ұйқы соққанды жөн деп тапты, ал мырзасы ұйықтамауға бекінді.

LXҮІІІ тарау

Дон Кихоттың шошқалар шатағына қалай душар болғаны жайында

Түн әжептәуір қараңғы еді; рас, ай туған болатын, алайда көзге шалынатындай жерде емес-ті: біліп қойған артық етпейді, кей-кейде Диана ханым антиподтарға серуен жасауға аттанады да, тауларды түнекте, алқаптарды тас қараңғыда қалдырады. Дон Кихот жаратылыспен жағаласа алмады, сөйтіп бірінші ұйқы оны бағындырды, есесіне екінші ұйқының оған дәрмені жетпеді; ал Санчоның жағдайы мүлдем басқа еді: онда екінші ұйқы дейтін атымен болмайтын, себебі таң атқанша тырп етпей ұйқтайтын, бұл, әрине, оның денсаулығы мықты және қамсыз-мұңсыз екенін айғақтайтын. Ал бұл кезде алуан ой Дон Кихоттың ұйқысын қашырып жіберген-ді, сөйтіп, Санчоны оятып алған ол былай деді:

— Бейқам мінезің мені қайран қалдырады, Санчо: сен құдды бір мәрмәрдан немесе мыстан сомдалғандайсың, өйткені ол да, бұл да қимылсыз әрі жансыз ғой. Мен ұйықтамаймын, ал сен қорылға басып жатасың, мен жылап отырам, ал сен ән саласың, мен ораза ұстап өзімді азапқа батырам, ал сен кекірігің азғанша тойып аласың — орныңнан қозғалуың да, тыныс алуың да қиындап кетеді. Мейірімді малай қожайын басындағы мехнатты бірге көтеруге тиіс, көз қылу үшін болса да, онымен бірге қайғыруға міндетті. Түн қандай тыныш екеніне, төңірек қалай құлазып тұрғанына көңіл аударшы, — мұның бәрі бізді ұйқы мен сергектікті кезектестіруге үндейді. Олай болса, тұрсаңшы, қане, былайырақ шықсаңшы, сосын адамды ардақтау, ризашылық білдіру және жүректілік сезіміне бөленіп, Дульсинеяның жадысын қайтаруға қажетті дүренің жалпы санынан үш жүз - төрт жүздейін өзіңе өзің салсаңшы. Бұ жолы саған тек өтініш білдіріп, жалынумен ғана шектелем, өзіңмен қайтадан қоян-қолтық айқасқа шығып жатпаймын, өйткені әл-қуатың бар екенін білдім. Ал, сен өзіңді-өзің шықпыртуды аяқтағаннан кейін, түннің қалған бөлегін біз ән салумен өткізетін боламыз: мен қол үзіп қалғандығым жайында шырқаймын, сен — адалдығың жөнінде шырқайсың, осылайша біз селомызға барғаннан кейін бастайтын бақташылық өмір салтының негізін қалаймыз.

— Сеньор! — деді Санчо келіспей. — Түн ортасында тұрып алып өз тәнімді өзім жансыздандыра бастайтындай мен монах емеспін, оның үстіне, менің ойымша, қамшы жегеннен кейін, тұла бойың қан қақсап тұрған шақта, ән салу мүмкін емес. Ұйқтап алайыншы, тақсыр, дүре жайындағы әңгімеңізді айтпаңызшы, әйтпесе тәнім түгіл, киімімнің түгіне де қол тигізбеймін деп ант етем.

— Өй, қатыбас! Өй, мейірімсіз атқосшы! Саған ас-су берген, бар жақсылықты басыңа үйіп-төккен және алдағы уақытта да үйіп-төгуге ниеттеніп жүрген мен емес пе едім! Менің арқамда губернатор болдың, менің арқамда граф лауазымына ие болам деп үміттенуге толық негізің бар және бұл үмітің бір жылдан әріге бармай орындалғалы тұр, өйткені post tenebras spero lusem48

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий