Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Біздер тұрғылықты иттер ме едік? Біздер әптиектер мен антұрғандар ма едік? Біздер пәлекеттер ме едік? Жоқ, бұл атаулар маған ұнамайды. Сендерді сорымызға тап қылды-ау біздің, соққандар-ай, енді қалғаны сол еді: құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады, деген, басымызға тап болған бұл бәледен таяқ жеумен ғана құтылсақ етті”.

Дон Кихот мәңгіріп қалды; аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан бұл неғылған адамдар екенін түсінуге қанша ширықса да ақылы жетпеді, — әйтеуір мұндай жарандардан еш жақсылық күтуге болмайтынын, олардың тек айтып жеткізгісіз жаманшылық қана әкелетінін ұғынды. Ақыры, түнгі сағат бірге таман, олар қамал-сарайға келіп жетті, Дон Кихот оны бірден таныды, өйткені бұл Санчо екеуі өткен жолы қонақ болған герцогтың қамал-сарайы еді.

“Құдай-ау, бұл неғылған нәрсе өзі? — деп ойлады Дон Кихот қайда келіп тұрғанын аңғарған кезде. — Осы күнге шейін бұл үйдегілер маған тек жылы шырай мен ілтипат қана көрсеткен жоқ па еді; солай бола тұрса да, жеңіліс тапқандар үшін жақсылықтың бәрі — жарытымсызға, ал жарытымсыздың — болымсызға айналатыны белгілі жай ғой”.

Дон Кихот пен Санчо қамал-сарайдың қонақ қабылдайтын ауласына келіп кіріп, оның керемет көркем безендіріліп, жарақтандырылғанын байқады; келесі тараудан көруге болатынындай, бұдан олардың таңырқауы күшейіп, қорқынышы одан әрі ұлғая түскен еді.

LXІХ тарау

Осынау айтулы хикаяның ұзына бойында Дон Кихот бастан кешкен жайлардың ішіндегі айрықша сирек кездесетін және айрықша таңғаларлық оқиға жайында.

Салт аттылар атынан түсе-түсе қалды да, жаяулармен бірігіп Санчо мен Дон Кихотты әй-шай жоқ қолтықтап алып аулаға келіп кірді; ауланы жағалай орнатылған тұғырда жүзге жуық алау лапылдай жанып тұр еді, галереялардан бес жүзден астам білтелі шам жарық төгіп тұрған, осы себепті түн әжептәуір қараңғы болғанымен, оқиға күндіз өтіп жатқандай әсер беретін. Ауланың қақ ортасына, айта қаларлықтай енді қара барқыт балдахинның астына, биіктігі шамамен екі шынтақтай боп қалатын катафалк қойылыпты, катафалктың айналасындағы баспалдақтарда қатар түзген, ұзын саны жүзден астам күміс шырағданда ақ балауыз шырақ жанып тұр, ал катафалктан сүйкімділігі соншалық, тіпті әдемі әлпетіне өлімнің өзі өзгеріс енгізе алмаған сұлу қыздың мәйіті көрініс береді. Оның алуан түрлі хош иісті гүлдерден гүлтәж кигізілген басы қамқамен тысталған көпшікті жастанып жатыр, ал кеудесіне айқастырылған қолына сарғыш түсті пальма жеңіс бұтағын ұстатыпты. Әрменіректе тақтайдан тұғыр орнатылып, оған екі кресло қойылыпты, бұл креслоларда екі құрметті кісі отыр; олар басына тәж киіп, қолына скипетр ұстапты, осыған қарап бұларды әлде нағыз, әлде жалған патша деген тұжырым жасауға болатын. Бірнеше баспалдағы бар тұғырдың қос қанатында тағы екі кресло тұрған, тұтқындаушылар Дон Кихот пен Санчоны осы креслоларға әкеп отырғызды, айта кетерлігі, осы уақыт ішінде өздері жақ ашқан жоқ және тұтқындарға да жақ ашпауға белгі берді; шындығында, Дон Кихот пен Санчо олар белгі бермесе де үндемес еді, өйткені көз алдарындағы көріністен тілі байланып қалғандай болған-ды. Сол арада қыруар нөкері бар екі сыйлы адам тұғырға көтеріліп, патша кейпіндегі әлгі екеудің жанындағы айрықша сәнді креслоларға кеп жайғасты: бұлар өздерін қонақ еткен үй иелері герцог пен герцогиня екенін Дон Кихот бірден таныды. Сондай-ақ, оның катафалкте жатқан марқұм қыздың сүйкімді Альтисидора екенін танығанын да айтсақ, мұның бәріне қалайша қайран қалмауға болар? Герцог пен герцогиня тұғырға көтерілген бойда Дон Кихот пен Санчо орнынан тұрып оларға еңкейе бас иіп құрмет көрсетті, ал аналар жөндем жауап қатпады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий