Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өй, мейлі, ол қашан және қалай көңілі соқса солай өле берсін, құдай алдынан жарылқасын, тек менің тынышымды алмаса болды, — деді Санчо наразылық білдіріп, — өйткені, ол өзімді ұнатса екен деп өңмеңдеген жоқпын және өмірі оған менсінбеушілік білдірген емеспін. Альтисидораның, епсекті болғанымен есерлеу бикештің, айығуы мен Санчо Пансаның азап шегуін ортақтастырып тұрған не нәрсе екенін білмейтінім және жүде ақылым жетпейтіні жайында өзіңізге айтқан да едім. Міне, тек қазір ғана дүниеде сиқыршылар мен арбаушылық айла-амалдар болады дегенге бүтіндей және біржола көзім жетті, тек жаратқан ием мені солардың бәле-жаласынан сақтай көрсін, әйтпесе олардан өз күшіммен құтылар шамам жоқ. Ұзын сөздің қысқасы, өзіңізден өтінерім, тақсыр: маған ұйқтауға мүмкіндік беріңізші және енді ештеңе жайында сұрамаңызшы, әйтпесе терезеден секіріп кетем.

— Ұйқта, достым Санчо, тек түйреуішпен түйреудің, шымшылау мен шерткілеудің ұйқыңа бөгеті болмаса, — деді Дон Кихот.

— Тұмсықтан шерткеннен асқан қорлық жоқ екен, — деп құлаққағыс етті Санчо, — соның ішінде, әсіресе, сені антұрған дуэньялардың шерткені жаман екен. Сізден тағы қайталап сұраймын, тақсыр: маған ұйқтауға бөгет жасамаңыз, өйткені ұйқы өңіңде көрген азабыңды азайтады.

— Солай-ақ болсын, — деді Дон Кихот. — Ықтиярың білсін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий