Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы кез бір малай пайда бола кетті де, Санчоның қасына жақындап, жалын тілі түріндегі қызыл жолақ жапсырмалары бар қара бомази мантияны иығына жапты, одан соң бөркін алып тастап, қасиетті инквизицияның кәріне ұшырағандар киетін бас киімге ұқсас қалпақты кигізді, сосын оған сыбырлап тіс жармауы керегін, айтқанды тыңдамаса аузына шүберек кептелетінін, жә болмаса тіпті мүрдем кететінін айтты. Санчо үсті-басына көз жүгіртіп, тұла бойын түгел жалын орап алғанын көрді, алайда еш жерінің отқа күйгендей ауырмайтынын сезді, бұл оның көңілін жұбатты. Сосын басындағы қалпақты алып қарады, онда шайтандардың суреті салынғанын байқап, қайтадан киіп алды да:

— Егер жалын күйдірмесе, шайтандар да мені бір жаққа алып кете қоймас, — деп күбірледі.

Дон Кихот Санчоға көз салды; бойындағы сезім атаулының бәрін үрей билеп-төстеп тұрғанына қарамастан, Санчоның түрі оның күлкісін келтірді. Осы арада, шамасы, катафалктың астынан болса керек, флейтаның жанды баурап алатын сызылған бәсең дыбысы шықты, бұған адам дауысы қосарланбағандықтан, — өйткені бұл жерде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнаған-ды, — дыбыстар айрықша ұнамды да жағымды естілді. Бақиға аттанғандай көрінген қыздың бас жағынан кенет Рим тұрғынынша киінген бір сүйкімді жас жігіт пайда бола кетті де, таза да тартымды дауыспен, өзін-өзі арфамен сүйемелдеп, мына екі шумақты әндетті:

Дон Кихоттың құрбандығы болған қар —

Альтисидораға жан біткенше қайтадан,

Қайғыруды қойғанша сөйтіп ханымдар,

Жібек пенен камлоттан һәм қамқадан

Сәнді киім киінгенін дуэньялар

Көргенінше герцогиня болып таң,

Тағдырын қыздың жыр етем тағы да тағы,

Артық қып фракиялықтан бағзыдағы.

Парызымды бұл қайғылы да қасиетті,

Жер бетінде өтеп қана тынбаймын,

Стикс жылғасы көбік шашқан, қасіретті

Өлім патшалығында да, көркіндей айдың

Ажарыңды әсем, барша жұрт бас иетін,

Таңырқана таңдай қағып жырлаймын;

Бір сәтке баяулатар, ести сап бұл сарынды,

Бақилық өзені сонда ағысын арынды.

— Жетер! — деп дауыстап жіберді сол арада әлгі патшаны бейнелеп отырғандардың бірі. — Жетер, ғаламат жыршы! Жан тең келмес Альтисидораның өлімі мен көз тартатын көркі жайында бұлайша шетсіз де шексіз жырлай беруге болады, бірақ ол кей надандар ойлайтындай о дүниелік жан емес, тірі жан, — тірі болатын себебі, даңқы дүрілдеп тұр, тірі болатын себебі, осы арада отырған Санчо Панса оның қайта тірілуі жолында азап шегетін болады. Сонымен, өзіммен бірге Диттің жабырқау үңгірлерінде қазылық ететін, уа Радамант, бұл бикешті өмірге қайта оралту үшін не істеуіміз керектігі жөнінде тағдырдың болжап болмас ерік-қалауы арқасында өзімізге алдын-ала ескертілген нәрсенің бәрін де білетін серігім, қызға жан бітуі емексітіп тұрған қуанышқа мүмкін болғанынша тезірек кенелуіміз үшін осыны сен қазір қолма-қол айтып бер бізге, мәлім қыл бәрін.

Радаманттың серігі, Минос қазы осыны айтып ауыз жабуы мұң екен, Радамант орнынан тұрып, сөйлей жөнелді:

— Әй, сендер, осы үйдің малайлары, үлкенің бар, кішің бар, мосқалың бар, жасың бар! Тез мұнда келіңдер бәрің, сөйтіп Санчоны жиырма төрт рет тұмсықтан шертіңдер, он екі рет шымшыңдар және иығы мен белінен түйреуішпен алты рет түйреңдер, өйткені Альтисидораның аман қалуы осы жораға тікелей байланысты.

Бұл сөзді естіген Санчо өзін-өзі ұстай алмай, былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий