Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Меніңше, ән айту үшін көп ақыл керек емес секілді, — деп құлаққағыс етті Санчо. — Айта беріңіз әніңізді, тақсыр, қалағаныңызша, ал мен ұйқтағанымша ұйқтап алайын.

Бұдан соң жайлы орын тапқан Санчо бүктетіліп алды да, қарыздар мен кепілдіктер жайындағы мазасыз ойдан да, күйініш-наладан да құлан-таза тақуа адам тәрізді алаңсыз ұйқыға батты. Дон Кихот әлде шамшаттың, әлде тығындық еменнің діңіне сүйеніп отырған күйі (Сид Ахмет Бен-инхали оның дәл қандай ағаш екенін айтпайды) күрсінісінің сүйемелдеуімен былай деп әндете жөнелді:

Махаббаттан қатты күйзелген шағымда,

Ауыр ойдан қажып, ізгі тілекпен,

Аңсаймын өлімді шын жүректен,

Аттануға құштар боп қас қағымда.

Қабірге, бірақ, таяп келген кезімде, —

Азап теңізіндегі осы бір арман-айлаққа, —

Өлімнің тәттілігі сонша, тәуекелім қай жақта

Қалғанын білмейтін тап болам сезімге.

Осылайша өлім, өкінішті молайта,

Оралтады мені өлім сыйлайтын өмірге.

Жеңістік ала алмайтын өмір де, өлім де

Мағынасыз айқас жалғасады қайта.

Өлеңнің әр жолын айтқан сайын ол әлденеше мәрте ауыр-ауыр күрсініп, көзінің жасын көл ғып төгіп отырды, бұл оның жүрегін қасірет жайлағанын, жеңіліс табуы мен Дульсинеядан қол үзуі жайындағы ойдан тақсірет тартып жүргенін аңғартатын.

Бұл екі аралықта таң да атты, күн сәулесі Санчоның маңдайын күйдіре бастады да, ақыр соңында оятып алды, — анау керіліп-созылып, нәуетектеніп кеткен мүшелерін қимылға келтірді; сосын шошқалардың азық-түлік қорына тигізген зиянын анықтап, әуелі әулекі үйірді, сонан соң жоғарырақтағы әлдекімдерді жақсылап сыбап алды. Сөйтіп, ақыры Дон Кихот пен Санчо әрмен қарай қозғалды; күн кешкірте бастаған шақта олар қарсы алдарынан он салт атты мен бес жаяудың келе жатқанын көрді. Бұл адамдардың найзасы мен қалқаны барын және түрі мейлінше қатулы екенін көрген Дон Кихоттың жүрегі лүп-лүп соқты, ал Санчоның жүрегі зырқ ете қалды. Дон Кихот Санчоға былай деп үн қатты:

— Қару қолданатын мүмкіндігім болғанда, берген сертім қол байлау жасамағанда өзімізге қарай беттеп келе жатқан мына нөпірмен ұстаса кету мен үшін үлкен қуанышты оқиғаға айналар еді. Алайда біз, бәлкім, босқа қауіп етіп тұрған шығармыз.

Бұл екі аралықта салт аттылар жақындап та келді, найзаларын жоғары көтеріп, Дон Кихотты үн-түнсіз қоршап алды, сосын қарсыласса өлтіретіндерін айтып, кеудесі мен арқасына найзаның ұшын тіреді. Жаяулардың бірі тұтқындардың дыбыс шығармауы керегін мегзеп, саусағын ерніне басты да, Росинантты сулығынан алып, жолдан аулаққа қарай жетектей жөнелді, өңгелері сол баяғы ләм деп тіл қатпаған күйлері Росинантты жетектеген адамның соңынан Санчо отырған сұр есекті айдап кетті. Дон Кихот өзін қайда апара жатқандарын, бұларға не керегін білмекке бірнеше мәрте талпынған, бірақ аузын ашқан бойда-ақ найзаның ұшы оны қайтадан қарыстырып қоятын. Сондай кепті Санчо да бастан кешті: сөйлеуге ынта білдірген бойда-ақ жаяулардың бірі оны үшкір таяқпен түртіп қап тұрды, тек оның өзі ғана емес, бейне бір сөйлемек ойы бар деп айыпталғандай сұр есек те сондай түрткі көрумен болды. Қараңғылық қоюланды, аттылар да, жаяулар да мазасыздана бастады, тұтқындар болса одан әрмен тынышсызданып кетті, оның үстіне жасауылдар оларға оқтын-оқтын былай деп зіркілдеп келе жатқан-ды:

— Қашып кете алмайсыңдар, троглодиттер!

— Тіл қатушы болмаңдар, эфиоптар!

— Күңкілдемеңдер, антрофагтар!

— Ыңырсымаңдар, скифтер, бақырайып қарамаңдар, қанішер полифемдер, қанқұмар арыстандар!

Бұған олар бейшара Дон Кихот пен малайының жанын жаралайтын басқа да осы секілді атауларды қосақтаумен болған-ды.

Санчо өзімен-өзі былай деп сөйлесіп келе жатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий