Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Солай болып та шықты;: Дон Кихот пен Росинантқа ұқсап жерге жалп ете түскен Шайтан селоға қарай жаяу тартып бара жатыр еді, ал сұр есек болса қожайынына қайтып келе жатқан.

— Соған қарамастан, — деп мәлім етті Дон Кихот, — әлгі шайтанның есерлігі үшін арбадағылардың біреу-міреуінің сазайын тарттырғаным жөн секілді, айталық ана Императордың тап өзінің.

— Ондайды ойыңызға да алмаңыз, — деді Санчо келіспей. — Айтқан ақылымды тыңдаңыз: комедианттарға ешқашан тиісуші болмаңыз, себебі олардың орны бөлек. Мен сондайдың біреуін білуші едім: екі кісіні жер жастандырғаны үшін оны түрмеге отырғызбақ болған, бірақ сол бойда-ақ босатып жіберді, тіпті ақшалай айып та төлеттірген жоқ. Біле білсеңіз, тақсыр, күлдіргі, қалжыңбас болғандықтан оларға, әсіресе король немесе князь труппаларында жүретіндерге, жұрттың бәрі жанашырлық білдіреді, бәрі көмектеседі, бәрі қорғаштап, қалаған тілегін орындайды — бұлардың барлығын немесе барлығын дерлік киген киімі мен түр-әлпетіне қарап ханзада екен деп қалуға болады.

— Күллі адамзат баласы қанатының астына алып отырса да мейлі, ана сауыққой Шайтан бәрібір менен бұлайша оңай құтыла алмайды, — деп түйді Дон Кихот.

Соны айтып, селоға барыңқырап та қалған арбаны қуып жетті де:

— Уа, тоқтаңдар, тұра тұрыңдар, қуақылар мен күлдіргілер тобыры! — деп бар дауысымен айқайды салды. — Кезбе рыцарь атқосшылары мінетін есекке және басқа да жануарларға қалай қарау керек екенін үйреткім келіп тұр сендерге!

Дон Кихоттың қатты айқайлағаны сонша, не деп тұрғанын арбадағылардың бәрі түгел естіп, түйсіне қойды; сөйтіп, олар мұның мағынасын ұғынған бойда-ақ арбадан әуелі Ажал, оның соңын ала Император, делбеші-Ібіліс пен Періште секіріп түсті, Королева мен бала құдай Купидон да отырып қалмады — бәрі де бір адамдай таспен қаруланып, бір қатарға сап түзеді де, Дон Кихотты тас жаудырып қарсы алмаққа оңтайланды. Олардың өзіне тас атпаққа алғаусыз әскери тәртіппен қолын жоғары көтергенін көрген Дон Кихот тізгін тартып тоқтап, шабуылды өзіне зардабы аздау тиетін әдіспен қалай жүргізуге болатынын ойластыра бастады. Бұл осылай ойланып тұрғанда қасына Санчо да келіп жетті, сөйтіп оның әскери өнердің барлық ереже-тәртібі бойынша сап түзеген отрядқа шабуыл жасауға оқталғанын көрген ол былай деді:

— Мұндай іске тәуекел ету үшін ақыл-естен біржола ада болу керек шығар, сірә. Бас сауғалап, мыстан құйылған қоңыраудың астына барып жасырынбасаң, анандай кесектерден құтқаратын басқа қорғаныс құралы жоқтығын қаперге алыңыз, мархабатты мырзам. Одан соң мынаны да қаперде ұстаған абзал: құрамында Ажал бар, императорларының өзі айқастың ортасында жүретін, ақ ниетті және қара ниетті періштелер қол ұшын беретін тұтас бір қосынға жаңғыз шабуыл жасау деген ержүректік емес есерлік боп шығады. Егер осы ескертпем сізді тоқтата алмаса, онда, бәлкім, шындығына күмән келтіруге болмайтын мынадай бір мәлімет тоқтатар, атап айтқанда: бұл адамдар өздерін — король ме, принц пе, император ма, кім етіп көрсеткісі келсе де бәрібір, араларында бірде бір кезбе рыцарь жоқ.

— Міне, Санчо, тамырымды енді ғана тап бастың, — деп мәлім етті Дон Кихот, — бұл уәжің райымнан қайтара алады және қайтаруға тиіс те. Бұрын да өзіңе талай мәрте айтқанымдай, рыцарьлар қатарына қабылданбағандарға қарсы семсер суырмаймын және суырмауға міндеттімін де. Есегіңе көрсетілген жәбір үшін кек қайтарғың келсе, бұлармен мына сен, Санчо, айқасқа түсуің керек, ал мен болсам алыстан жігеріңе жігер қосарлық және қатерден сақтандырарлық сөздер айтып, көмектесіп тұратын болам.

— Ешкімнен ешқандай кек қайтарудың қажеті жоқ, сеньор, — деп қарсылық білдірді Санчо, — біреуден кек алу — ақ ниетті христианға жарасымсыз нәрсе, оның үстіне жәбір-жапасын өз ықтиярымда қалдыруға есегімді үгіттеп көндіргелі тұрмын, ал менің ықтиярым — жаратқан ием өзіме бұйыртқан өмірді ың-шыңсыз өткеру.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий