Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әбден мүмкін, — деп келісе кетті Санчо, — осы себепті сізді оның ұсқынсыздығы қалай қайран қалдырса, сұлулығы да мені солай қайран қылды. Жаратқанға ғана үміт артайық: залымдық, жылпостық пен алаяқтық араласпай іс бітпейтін, мына көз жасы көл боп аққан, күнәға батқан төрткіл дүниемізде не болып, не қоятыны жалғыз тек соған ғана мәлім. Басқасынан бұрын мені бір ғана нәрсе қатты алаңдатады, қайырымды мырзам, анығырақ айтқанда: егер сіз, тақсыр, әлдебір дәуді немесе рыцарьды тәубасына келтірсеңіз, сосын оған сеньора Дульсинеяның алдына барып бас июге әмір етсеңіз — ол не істемек? Бейшара дәу немесе жеңіліс тапқан бейшара һәм бақытсыз рыцарь оны қайдан іздеп табады? Олардың делқұлыға ұқсап Тобосоның түкпір-түкпірін шарлап, Дульсинеяны қайдан табарын білмей қалай тентіреп жүргенін мен осы жерде тұрып-ақ көріп тұрмын, ал тіпті олар оны көшеден кездестірген күнде де, олар үшін бұл — Дульсинея ма, әлде менің әкетайым ба, бәрібір боп шықпай ма?

— Мынадай бір жағдайдың болуы да ықтимал ғой, Санчо, — деді Дон Кихот, — Дульсинеяны танытпай қоятын арбаушылық айла-амалдар, бәлкім, өзім тізе бүктіретін және Дульсинеяға барып кім екенін мәлім ететін дәулер мен рыцарьларға дарымайтын да шығар, осы себепті өзім ең алғаш бағындыратын және Дульсинеяға аттандыратын бір-екеуіне тәжірибе жасап көрейік: Дульсинеяның елпін көрер ме екен әлде көрмес пе екен, соны білейік, мен оларға қайтып оралып, қалай болғанын өзіме баян етуге бұйрық берейін.

— Мына ойыңыз, ашығын айтайын, сеньор, маған өте ұнап тұр, — деді Санчо. — Егер осындай қулыққа барсақ, онда өзіміз білуге қажетті нәрсенің бәрін де біле аламыз, ал егер сеньора Дульсинеяның дидары сізден басқаның бәріне көрінетін болса, онда мұны оның қасіреті деуден гөрі сіздің қасіретіңіз деу керек шығар. Тек сол сеньора Дульсинея ғана аман болсын, ал біз мұнда о ғып, бұ ғып көндігерміз, шыдармыз, шытырман оқиғалар іздестірерміз, қалған шаруаның бәрін уақыттың ағымына салармыз: уақыт — ең жақсы дауагер, ол бұдан да ауыр сырқаттан сауықтырады, ал мынау жайында тіптен әңгіме етудің өзі артық.

Дон Кихот Санчо Пансаға жауап қайтаруға оқталған, бірақ оған көз алдыңа елестетудің өзі қиын не түрлі ғажайып тіршілік иелері үпір-шүпір боп тиелген бір арбаның жолға шыға келгені бөгет жасады. Әлдебір кеспірсіз ібіліс делбешінің орнына жайғасып, қашыр айдап отыр. Жүк арбаның үсті ашық еді, кенеп шатыры да, талдан тоқылған кенересі де жоқ. Дон Кихоттың көзіне ең алғаш шалынған кескін — адам пішініндегі Ажалдың өзі болды; оның жанынан түрлі түске боялған қанаты бар Періште орын теуіпті; екінші бүйірінде алтыннан жасалғандай әсер қалдыратын тәж киген император тұр; Ажалдың аяқ жағына Купидон есімді бала құдай жайғасыпты, көзінде таңғышы болмаса да, есесіне садағы, қорамсағы мен жебелері бар; бес қаруы сай Рыцарь да осында екен, бірақ шошақ төбелі темір телпектің немесе дулығаның орнына түрлі түсті қауырсынмен әшекейленген қалпақ киіп алыпты; мұнда сан қилы киім киген, сан алуан әлпеттегі басқа да жан иелері жеткілікті еді. Күтпеген жерден кезіге кеткен бұл көрініс Дон Кихотты абдыратып тастады, ал Санчоның үрейін ұшырды, бірақ іле-шала Дон Кихоттың жүрегі қуаныштан дүрсіл қақты: ол жаңа бір қауіпті шытырман оқиғаға жолығып тұрмын деген байламға келген-ді, сөйткен соң қандай да болсын қатерге бас тігуге тәуекел етіп, арбаның қақ алдына барып тұрды да, бар дауыспен қоқан-лоқы көрсете сөйлеп қоя берді:

— Сен арбакешпісің, делбешімісің немесе шайтанның тап өзімісің, кім болсаң ол бол! Тап қазір қолма-қол мәлім ет: кімсің, қайда барасың және, айта кеткен артық болмас, әдеттегі жүк арбадан гөрі Харонның қайығына көбірек ұқсас мына фургоныңмен кімдерді әкеле жатырсың, айт қане!

Ібіліс сол бойда-ақ делбе тартып, момақан күйде былай деп жауап берді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий