Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ау, сізді алдағанда табатын пайдам қандай, тақсыр, оның үстіне бұған өзіңіз де оп-оңай көз жеткізе аласыз ғой! — деп қарсылық білдірді Санчо. — Қадаңыз шпорды Росинантқа, сеньор, жүрейік енді, — бар жақсысын киіп жасанып-жайнап, бір сөзбен айтқанда, өз дәрежесіне лайық сән-салтанат тауып келе жатқан принцессамызды көресіз қазір. Өзі де, қасындағы сарай ханымдары да қисапсыз алтын әшекей таққан, жалт-жұлт етіп көз қаратпайды, киімдері жыпырлаған інжуден көрінбейді, алмаспен және лағылмен безелген, бәрінің де киімі қалыңдығы оннан артық жіпке жететін қамқадан тігілген, шаш болса иықтан келеді, күн сәулесімен ойнағаны секілді самал жел оны олай да бұлай желбіретеді, ал ең бастысы бәрі де көрерге көз керек шұбар жорғалық мініп келеді.

— Сірә, жорға дегің келді-ау сенің, Санчо.

— Жорғалық деген не, жорға деген не — көп айырмашылық жоқ, — деді Санчо келіспей, — қысқасы, қандай ат мінбесін, әйтеуір, суреттеуге сөз жетпейтін ғаламат сәнді киінген ханымдар келе жатыр, әсіресе мейірбан ханымым Дульсинея Тобосскаяны көргендер талып құламаса неғылсын.

— Жүр, кеттік, достым Санчо, — деп мәлім етті Дон Кихот. — Ал енді қаншалықты тосын болса, соншалықты қуанышты хабарың үшін саған алғашқы шытырман оқиға кезінде-ақ қолыма түскен ең тәуір олжаны тарту етем, ал егер бұған қанағаттанбасаң, онда саған биыл құлындағалы тұрған үш биемнің төлін берем, — биелерімнің селомыздағы ортақ жайылымда бағымда жатқанын өзің де білесің ғой, бәрі де ұзамай-ақ құлындайды.

— Көңілім құлындарды алуға көбірек ауып тұр, — деді Санчо, — себебі алғашқы шытырман оқиғадан түсетін олжаның татымды дүние боп шығарына онша сенімім жоқ.

Сол арада орманнан шыққан олар жақындап келе жатқан үш шаруа әйелді көрді. Тобосоға баратын жолдың өне бойын көзбен шолып өткен Дон Кихот үш шаруа әйелден өңге ешкімді таба алмай, қатты ыңғайсызданып қалды, сосын Санчодан Дульсинея мен сарай ханымдарының қаладан шыққаны анық па деп сұрады.

— Ау, қаладан шықпағаны қалай? — деп айқайлап жіберді Санчо. — Көзіңіз көз бе әлде без бе, жарқыным? Ау, көріп тұрған жоқсыз ба: мыналар тап солар ғой! Тал түстегі күн секілді жарқырап бізге қарай бет алып келе жатыр емес пе.

— Есек мінген үш шаруа әйелден басқа ешкімді көріп тұрғам жоқ, — деп жуаси үн қатты Дон Кихот.

— Кет, шайтан, кет! — деп айқайлап жіберді Санчо. — Әппақ қардай үш жорғаны, — осылай аталушы ма еді өзі, — есекке балағаныңыз не болғаныңыз, тақсыр? Жоғал, малғұн, қараңды батыр, егер бұлар шынымен-ақ есек болса — тап қазір сақалымды жұлып берейін!

— Ендеше, саған ашығын айтайын, достым Санчо, — деп мәлім етті Дон Кихот. — Бұлар — шын мәнінде де есек немесе мәші және бұл өзімнің — Дон Кихот, ал сенің — Санчо Панса екенің секілді ақиқат шындық, — қалай болғанда да, әйтеуір, өзіме тап сондай боп көрініп тұр.

— Қоя тұрыңыз, сеньор, — деді Санчо, — айтпаңыз ондай әңгімені, одан да көзіңізді жақсылап сүртіп алыңыз да, ой-ниетіңіздің әміршісіне барып құрмет-қошеметіңізді көрсетіңіз — міне, ол жақындап келіп те қалды.

Санчо осыны айтып есегін тебініп, шаруа әйелдердің алдынан шықты, сосын көлігінен түсіп, бір әйелдің есегін ноқтасынан алған күйі тізерлей кетті де, былай деп үн қатты:

— Королева, әрі принцесса, әрі сұлулық герцогинясы! Тәкаппарлығыңыз бен мәртебелілігіңіз, құдіретіңізге құлдық, өзіңізге шын берілген рыцарьды мейірімділікпен һәм кең пейілділікпен қарсы алуға рақымшылық жасаса етті — ол өзі әне тұр қаққан қазықтай болып, не дерін білмейді, себебі асқан сұлулығыңыздың алдында тілі байланып қалған. Мен — соның атқосшысы Санчо Панса болам, ал оның өзі — кезеген рыцарь Ламанчалық Дон Кихот, басқаша есімі — Қайғылы Бейне Рыцары.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий