Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жә, жетер енді, бұл дүниеде өлімнен басқа нәрсенің бәрінің де орнын толтыруға болады, — қалайсың ба, қаламайсың ба, бәрібір, өміріміздің соңында қай-қайсымыздың да өлім қамытына бас сұғуымызға тура келеді. Қай ісін қалай бағамдасаң да қожайыным барып тұрған нақұрыс, расында өзім де одан еш қалыспаймын, соңынан салпақтап, қызмет көрсетіп жүргендіктен, білген адамға, менің есуастығым тіпті оның есуастығынан да басым; “Кіммен аралас-құралас екеніңді айтшы, кім екеніңді айтып берейін” деген сөз тегіннен тегін шықты деймісің, одан соң тағы: “Сынықтан өзгенің бәрі жұғады” дейтін де бір мақал бар. Жындысүрей адам болғандықтан ол қай нәрсе жайында болсын көбіне-көп қияс-қыңыр тұжырым жасайды, ақты қара, қараны ақ деп біледі, ана жолы жел диірменді — дәу деп, монахтар мінген қашырды — түйе деп, қой отарларын — жаудың қосыны деп, басқа да осындай толып жатқан топшылама жасағанда да солай болған, ендеше оны алғаш кездескен шаруа келіншектің бірін мынау сеньора Дульсинеяның тап өзі деп иландырудың да еш қиындығы жоқ, ал егер ол бұған сенбей қойса, онда мен жата қалам да ант-су ішем, егер ол да ант-су ішсе, мен қайтадан ант-су ішем, егер ол табандап тұрып алса, мен одан бетер өршеленем, ал қашанда соңғы сөзді өзім айтатын дағдым болғандықтан бұл шаруаның ақыры немен тынарын бір құдайдың өзі біледі. Бәлкім, осындай қыңырлығым барын байқаған соң ол мені енді қайтып мұндай тапсырмамен аттандыра қоймас та: менен жақсы шабарман шықпайтынын көреді ғой, бәлкім өшпенділік танытып жүр деп ұғатын зұлым сиқыршыларының бірі өзін өкініште қалдыру үшін және әйтеуір бір жамандық жасау үшін сүйіктісінің түр-әлпетін әдейі бүлдірген ғой деп ойлауы да ықтимал, — сірә, тап солай болатын да шығар.

Бұл байламы Санчо Пансаны әжептәуір көңілдендіріп тастады, сөйтіп, шаруамды тындырдым деп шешкен ол, Тобосоға барып қайтқанына Дон Кихоттың көңілі әбден сенсін деген оймен сол жерде кешке дейін тапжылмай отырды да қойды; сол арада күтпеген жерден Санчоның жолы болып кетті: орнынан тұрып, сұр жорғасына қонжиғаны сол еді, Тобосо жақтан беттеп келе жатқан, әлде есекке, әлде мәшіге мінген үш шаруа әйелді көзі шалып қалды, — олардың астына мінген көлігі жайында автор ашып айтпайды, алайда, дұрысында, бұл село қатын-қалаштары аттың орнына мінетін мәші болатын, бірақ бұл айрықша көңіл аударуға тұрарлық нәрсе емес, сондықтан біздің де арнайы тоқтап, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыруымыздың қисыны жоқ. Сонымен, шаруа әйелдерді көзі шалған Санчо жедел басып қожайыны Дон Кихотқа қарай бет алды, ал анау бұл кезде ауыр-ауыр күрсініп, сүйіспеншілігі жайында шер тарқатып отырған. Санчоны көрген ол:

— Не жағдай, достым Санчо? Бұл күнді қуаныштың ақ тасымен бе әлде қайғының қара тасымен бе — қайсысымен белгілер екем? — деп сұрады.

— Ең дұрысы, тақсыр, профессорлар жайындағы жазулар алыстан көрініп тұратындай — қызылмен, — деп жауап қатты Санчо.

— Демек, жақсы хабар әкелгенің ғой, — деп тұжырды Дон Кихот.

— Жақсылығы сонша, тақсыр, — деп іліп әкетті Санчо, — сізге тек Росинантты тебініп жіберіп, жанына екі сарай ханымын ілестіріп өзіңізге жолыққалы келе жатқан сеньора Дульсинея Тобосскаяның алдынан шығу ғана қалып тұр.

— Жар бола гөр, жасаған! Не деп тұрсың сен, достым Санчо? — деп айқайлап жіберді Дон Кихот. — Бірақ байқа, алдап жүрме мені, жүрегімді жайлаған ауыр қайғыны әлдебір алдамшы қуанышпен шайып тастаймын деп әуре болма.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий