Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Айтса айтқандай, Дульсинеяның ерге қонғанын көрген құрбылары мәшілерін тебініп, соңынан тепеңдесе жөнелген, сөйтіп олар артына қайрылып қарамастан жарты мильдей жерге дейін желдіртті. Дон Кихот оларды көзбен ұзатып салды да, әлгілер қара үзген кезде Санчоға қарай бұрылып, былай деді:

— Санчо! Өне бойы опық жегізумен жүрген ана сиқыршыларға не істеуге болады? Бұлардың зымияндығы мен зұлымдығының қандай шекке жеткенін көрдің бе сен: сеньорамның дидарын жүзбе-жүз көруден табар қуанышымнан айыру жайында өзара сөз байласып алған ғой олар. Шамасы, мен қатыгез тағдырдың қансүрек жебелері тек бір өзіне қарай атылып, бір өзіне ғана қадалатын нысана міндетін атқару үшін дүниеге келген міскінмін ғой деймін. Одан соң, Санчо, мынадай нәрсеге де назар аудар, әлгі арамза немелер Дульсинеямды басқа біреуге айналдырып, түрін өзгертіп жіберумен ғана шектеліп қалмаған, — жоқ, олар оған ана шаруа әйелдің кеспірсіз келбеті мен сүйкімсіз сымбатын да дарытқан, сонымен қабат, гүлдер мен хош иістер ортасында өмір сүретін ақсүйек әулеттен шыққан сеньораларға етене тән ерекше белгіден, атап айтқанда — сүйкімді иісінен де ада қылған. Осы арада мойындауыма тура келеді, Санчо, өзің айтатындай, жорғасына, — ал, маған ол жай әншейін мәші секілді көрінді, — мінгізіп жіберейін деп Дульсинеяға таяп келгенімде сарымсақ иісінің бұрқ ете қалғаны сонша, жүрегім лоблып, есеңгіреп қала жаздадым.

— Әй, алаяқтар-ай! — деп айқайлап жіберді Санчо сол арада. — Әй, бақытсыз, қаскүнем сиқыршылар-ай, майшабақ секілді етіп желбезектеріңнен жіпке тізіп қояр ма еді өздеріңді! Сендердің білмейтіндерің жоқ, қолдарыңнан келмейтіні жоқ, жауыздықтарың да жетіп артылады. Жексұрындар-ау, мейірбан ханымымның інжудей қарашығын қара жаңғаққа, саф алтындай сары шашын — бұқаның жирен түсті сабалақ құйрығына, ақыр аяғында, әп-әдемі әлпетін сиықсыз сықпытқа айналдырып қойғандарың аз ба еді, иісіне тиіскендерің не болғандарың: өйткені, тек соның өзіне қарап-ақ ана көндей қалың терінің астында не жасырынып жатқанын аңғара қояр едік қой, алайда, шынымды айтар болсам, өз басым оның бойынан ешқандай сиықсыздықты байқай алмадым, — мен тек үріп ауызға салғандай сұлулықты ғана көрдім, ал оның сұлулығының ең елеулі нышаны мен айғағы — оң жағында, жоғарғы ернінің үстінде орналасқан, ұзындығы сүйемнен артық, жіп-жіңішке алтын жіптен аумай қалған, жеті ме әлде сегіз бе ақшылтым шаш өскен қалы ғой деймін.

— Егер бетіміз бен денеміз арасында болатын сәйкестікті қаперде ұстар болсақ, — деп құлақ қағыс етті Дон Кихот, — аталмыш меңге Дульсинеяның санындағы қал, — бұл да анау беттегі секілді оң жақта орналасқан, — сәйкес келуге тиіс; дей тұрғанмен, ондағы шаштың әлгінде өзің атаған ұзындығы мең үшін шамадан тыс сияқты.

— Артық айтсам айып көрмеңіз, — деді Санчо келіспей, — әлгі шаш соған әбден үйлесіп тұр.

— Сенем ғой саған, достым, — деді Дон Кихот жуаси сөйлеп, — табиғат Дульсинеяға тарту еткен әлпетте жетілмей қалғандай, жұтаң боп көрінетіндей бірде бір нәрсе жоқ, сондықтан Дульсинеяда бір емес жүз бес қал болғанның өзінде де, бұл жүз бес қал емес, жүз бес ай мен жайнаған жұлдыз секілді боп көрінер еді. Ал, сен маған мынаны айтшы, Санчо: әлгінде өзім ыңыршақ па деп ойлап қалған, өзің дұрыстап орнатып берген нәрсе не өзі: қарабайыр ер ме әлде ханымдарға арналған дүние ме?

— О не дегеніңіз, тақсыр, — деп жауап қатты Санчо, — қысқалау үзеңгісі және құны жарты патшалықтан кем болмайтын тоқымы бар ер ғой ол.

— Мен болсам, соның бірін де көргем жоқ, — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Қайталап айтам және тағы да мың мәрте қайталаймын, мен дүниедегі ең сормаңдай адаммын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий