Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бопты онда, мен кеттім, кешікпей қайтып оралармын, — деп мәлім етті Санчо, — ал сіз, мархабатты мырзам, жүрегіңіздің аптығын баса тұрыңыз, әйтпесе дегбірден әбден айрылғандайсыз және тәуекел деген желқайық, өтесің де кетесің, сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді, сосын тағы: бақыт шыбын сияқты, біресе гүлге, біресе көңге қонады, деген сөздерді еске алыңыз. Мұны айтып тұрған себебім, түнде біз аяулы ханымның сарайын да, қамалын да таба алмадық қой, есесіне қазір, тапа-талтүсте, мен оларды әлдеқалай кездейсоқ түрде тауып алармын деп ойлаймын, тек тапсам екен, ал онымен тілдесу жағына алаң болмаңыз — оны өзіме тапсырыңыз.

— Шынында да, Санчо, — деді Дон Кихот, — мақалдарыңды сөз арасына қашан да өте оңтайлы қыстырасың, ойға алған істерімді орындау үшін маған да құдай сондай оңтайлы жағдай туғызғай.

Бұл сөздерді жүре тыңдаған Санчо есегінің басын бұрды да, тепеңдеп тарта жөнелді, ал атқа мініп отырған Дон Кихот, аяғын үзеңгіге шіреп, найзасына сүйенген қалпы берекесіз буалдыр ойға берілді. Енді біз оны осы арада қалдырып, Санчо Пансаның соңынан ілесейік: мырзасынан жырақтап бара жатқан оның да көңілі алай-түлей боп, ойға шомып кеткен-ді; мұнысы жанын қатты жабырқатқаны сонша, орманнан шыққан бойда артына жалтақ-жалтақ қаранып алып, Дон Кихоттың көрінбейтініне көз жеткізген соң есегінен секіріп түсіп, ағаштың түбіне кеп жайғасып отырды да, өзімен-өзі былай деп сөйлесіп кетті:

— Айтыңызшы, Санчо бауырым, қай жаққа қарай бағыт алдыңыз? Кім біледі, бәлкім, жоғалған есегіңізді іздеп жүрген шығарсыз? — Жоға, о не дегенің. — Ендеше, қайда бара жатырсыз? — Білгің келсе, мен принцессаның тап өзіне бара жатырмын, ал бұл принцесса болса, сұлулықтың күні және мұқым аспан әлемі. — Сонда мұның бәрі, сіздіңше, Санчо, қай жерде орналасқан? — Қай жерде дейсің бе? Заңғар қала Тобосода. — Жөн екен! Ал кім сізді онда жіберген? — Мені онда айбынды рыцарь Ламанчалық Дон Кихот жіберді, анау әлгі қисықты түзететін, шөлдегенге тамақ беретін, ашыққанға сусын беретін адамды айтам. — Өте жақсы. Ал, әлгі бикештің қайда тұратынын білесіз бе, Санчо? — Мырзамның айтуынша, ол не король сарайында, не сән-салтанаты мол қамалда тұратын көрінеді. — Ал сіз бұрын оны көріп пе едіңіз? — Жоға, өзім де, мырзам да оны ешқашан көрген емеспіз. — Мұнда принцессаларын азғырып, теріс жолға салып, әйелдерінің мазасын алу үшін келгендеріңнен құлағдар болған кезде Тобосо тұрғындары жедел бас қосып, өздеріңді оңдырмай таяқтап сілейтіп салса, мұнысы әбден орынды әрі әділ боп шықпай ма? — Шынын айту керек, егер елші екенімді ескермесе, мұның мейлінше орынды болатынында дау жоқ, бірақ мынадай сөз бар емес пе:

Сіз – елшісіз, ей достым,

Ендеше, сізде кінә жоқ.

— Мұны арқа тұтпай-ақ қойыңыз, Санчо, — ламанчалықтар қаншалықты әділ болса, соншалықты ызақор, намысына тигенге төзбейді-ақ. Крест ұстап тұрып айтайын: арам ойыңыздың бары аңғарыла қалса, халдеріңіздің мүшкіл болары анық. — Жоғал, шайтан! Қасиет дарыған жерде отырмыз! Апырай деймін-ау, біреудің рақат-қызығы үшін құстың сүтін іздеп тентірейтіндей не көрінген маған? Тобосодан Дульсинеяны іздеу де бір — Равеннадан Марияны, Саламанкадан бакалаврды іздеу де бір ғой. Шайтан ғой, шайтан мені бұл іске жегіп қойған — басқа ешкім емес!

Міне, Санчо қабырғасымен осылай кеңескен еді; сөйтіп, бұл сұқбаттан мынадай түйін түйді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий