Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Түйін мынадай, — деп жауап қатты Санчо. — Сіз бен біздің әулиеге айналуымыз қажет, сонда өзіміз соншалықты құштар боп жүрген жақсы атаққа тезірек қол жеткізетін боламыз. Мына қызыққа қараңыз, сеньор: кеше ме әлде алдыңғы күні ме (қысқасын айтқанда, таяуда) екі жалаң аяқ монах әйелді әулиелер қатарына қосты, міне енді қазір солардың тәндерін жансыздандыру мақсатында белден буынған шынжырын сүю не болмаса соған қол тигізу зор бақыт саналады және бүгінгі таңда бұл шынжырлар, менің білуімше, короліміздің, құдай қамқор боп жүрген әміршіміздің, арсеналында сақтаулы тұрған Роланд семсерінен де артық құрметтелетін көрінеді. Сондықтан да, көзсіз батыр, оған қоса кезбе рыцарь болғаннан гөрі, сеньор, әлденендей бір орденнің момақан монахы болған әлдеқайда жақсы, өйткені, дәуге ме, құбыжыққа ма әлде андриакқа ма, кімге болсын бәрібір, жиырма мың рет найза салғаннан гөрі, өзіңді өзің қамшымен жиырма рет шықпыртқан құдай назарына тезірек шалынады.

— Бұған айтар дауым жоқ, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — бірақ жұрттың бәрі бірдей монах бола алмайды ғой, онан соң құдайдың нық сенімде жүргендерді пейішке апарар жолы да алуан-алуан. Рыцарьлық та монахтар орденінің бір түрі: рыцарьлар арасында да мәңгілік жан рақатына бөленіп жүрген әулиелер бар.

— Жөн, — деді Санчо жуаси сөйлеп, — бірақ, естуімше, пейіштегі монахтар рыцарьлардан әлдеқайда көп деседі.

— Мұның себебі, рыцарьларға қарағанда иноктар онсыз да өте көп қой, — деді Дон Кихот.

— Кезбе рыцарьлар да аз емес, — деді Санчо келісіңкіремей.

— Аз емес, — деп мақұлдады Дон Кихот, — әйтсе де олардың арасында рыцарь атануға лайықтылары кемде-кем.

Міне, осындай және осыған ұқсас әңгімелермен олар бір түн мен бір күнді өткізді, көңіл аударуға тұрарлық ешқандай шытырман оқиға кезіккен жоқ, ал Дон Кихотқа бұл әжептәуір уайым болды. Ақыры, ертеңіне кешкісін, олардың көз алдында заңғар қала Тобосо көлбеп жатты, соны көргенде Дон Кихот қуанып құнтыңдап кетті, ал Санчо болса көңілсізденіп, тұнжырап қалды, өйткені Дульсинеяның қайда тұратынынан мүлдем хабары жоқ-ты және онымен өмірі жүздесіп көрмеген, айта кетерлігі, қожайыны да оны өмірі көрмеген адам-ды; сөйтіп, бірі — оны көруге ынтызарлықтан, екіншісі — оны ешқашан көрмегендіктен, екеуі де ерекше толқу үстінде болды; Санчо қожайыны өзін Тобосоға аттандырғанда не істеуі керегін ойлап таба алмай қара терге түсті. Ақыр соңында Дон Кихот қараңғылық қоюланғанша қалаға кірмей тұра тұруға ұйғарым жасады, сөйтіп олар уақытша Тобосо маңайындағы бір тоғайға келіп орналасты, ал белгіленген мерзім жеткенде екеуі қалаға келіп кірді, сол жерде олар қайткенде де жолықпай қоймайтын жағдайға жолықты.

ІХ тарау

Мұнда осы тарауда айтылатын жайлар турасында баяндалады.

Түн кемеліне келген шақта, әлде кемеліне оншалық келе қоймаған шақта ма, әйтеуір, Дон Кихот пен Санчо тоғайды тастап, Тобосоға келіп кірді. Тұрғындары тыныс алып, алаңсыз ұйқы соғып жатқандықтан қала да жым-жырт тыныштықта мүлгіп тұрған. Ай әжептәуір жарық-ты, алайда Санчоға салсаң, түннің көзге түртсе көргісіз қараңғы болғаны жақсы еді, өйткені кещелігін сездірмеу үшін қараңғылықты сылтау ете алатын. Қалада тек иттің үргені ғана естіліп тұрды, бұл Дон Кихоттың құлағына түрпідей тиіп, Санчоның аза бойын қаза қылумен болды. Әредік-әредік есек ақырып, шошқа қорсылдап, мысық мияулап жатты, әрқилы әуендегі бұл дыбыстар түннің маужыраған тыныштығында әдеттен тыс қатты жамырап тұрды; ғашықтық дертіне шалдыққан рыцарь бұл жағдайды жаман ырымға жорыды, әйткенмен, Санчоға қарап:

— Санчо балам! Дульсинеяның сарайына қарай жол баста, — бәлкім ол ұйқысынан оянған да шығар, — дегенді айтты.

— Өй, қайдағы сарайды айтып тұрсыз, мәртебелі ханыммен үкінің ұясындай ғана үйшікте жүздестім емес пе? — деп дауыстап жіберді Санчо.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий