Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мен де дәйім осыны айтып жүрмін ғой, — деп іліп әкетті Санчо. — Бакалавр Каррасконың сөзіне сенсек, өзіміз жайында жазылған анау әлгі кітапшада немесе хикаяда менің ар-намысыма, оған еш күмән жоқ, бейне бір жүргісі келмей көткеншектеген, сөйтіп оң жақ бүйірден де, сол жақ бүйірден де оңбай тепкі жеген шошқаның қиқар қабанына тартылғандай сыбаға тиген шығар, шамасы. Солай бола тұрғанымен, шыным бұл, өз басым бірде бір сиқыршы жайында бір ауыз жаман сөз айтқан емеспін, оның үстіне, маған біреу қызғаныш білдіретіндей жиған-тергенім де жарытымсыз. Рас, мен өз пайдамды жібермеймін, сондай-ақ кей-кейде пысықайлық жасаудан да жалтармаймын, бірақ пысықай болғаныммен, есесіне аңқаулаумын және аңқаулығым — туа бітті мінезім, әсте де жасанды нәрсе емес; тіпті құдайға деген сенімнен өзге қасиеттің бәрінен құралақан болған күнімнің өзінде де, — ал мен құдайға және римдік-католиктік шіркеу үйрететін және сенетін нәрсенің бәріне өмір бойы шын жүректен әрі қапысыз сеніп келе жатқан адаммын, оған қоса, еврейлерді иттің етінен жек көрем, — міне, тек жалғыз сол үшін ғана шығармашылар маған кешіріммен қарап, жазбаларында мені жақсы жағымнан көрсетуі керек еді. Әйтсе де, мейлі, ойларына не келсе соны көйіте берсін, бай болып көргенім жоқ, кедей болып өлгенім жоқ, ендеше кітаптарда біреулердің өзім жайында не жазып, не қоятынына және төрткіл дүниеде енді қандай өсек-аяң қаулайтынына түкіргенім бар: ауыздарына түскенін оттай берсін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий