Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихоттың мұншалықты қатаң шешім қабылдауы Санчоның көңілін алай-түлей етіп жібергені сонша, көз алды қарауытып, қайсарлығының қанаты салбырап қалды, өйткені қожайыны өзін жорыққа алмай кетеді деген ой осыған дейін үш ұйқтаса түсіне кірмеген; бөлмеге Самсон Карраско және оған ілесіп, бакалаврдың Дон Кихотты шытырман оқиға іздеу сапарынан бас тартуға қалай үгіттейтінін тыңдауды қызық көрген күтуші әйел мен жиен қыз келіп кірген кезде ол әлі де сол абыржып, абдыраған халынан арыла қоймаған. Айтулы әзілқой Самсон Дон Кихоттың қасына келіп, оны өткен жолғыдай құшағына алды да, былай деп саңқылдап сөйлеп кетті:

— Беу, кезбе рыцарьлықтың сұңғыла сарбазы! Беу, әскерилердің алтын діңгегі! Беу, испан халқының ар-намысы мен абыройы! Құдіреті күшті құдайдан, бейне оны қарсы алдымда тұрғандай көріп өтінерім: үшінші сапарыңа бөгеуіл жасап, кедергі келтіруге тырысушылар үміт-тілектерінің шытырманында адасып, арман еткен ой-ниеттері ақыры орындалмай қалса екен.

Бұдан соң ол күтуші әйелге қарап былай деді:

— Күтуші ханым енді әулие Аполлинарийге сиынбай-ақ қойса да болады, өйткені сеньор Дон Кихоттың ізгі мұратты әрі теңдесі жоқ ой-жоспарын жүзеге асыру ісін жалғастыра беруі қажеттігі жөнінде көктегі құдіретті күштердің үзілді-кесілді шешім қабылдағаны маған жақсы мәлім боп отыр, осы себепті бұл рыцарьды айбарлы білегінің қимылсыздығы мен әрекетсіздігінен арылтып, шектен тыс сергек те ширақ рухының айбындылығын паш етуге септік жасамасам және соған көндірмесем ар-ұятымның алдында азапқа батқан болар ем, өйткені осынау кешеуілдеушілік оны қисық-қыңырды түзету, жетімдерге жәрдем беру, қыздардың намысын қорғау, жесірлерді қамқорлыққа алу, күйеуге шыққандарға сүйеніш болу, кезбе рыцарьлық ордені атқаратын міндеттер аясына жататын, оның парызы саналатын, оған үйлесімді һәм қонымды боп табылатын тағы да басқа осы тектес шаруаларды іске асыру мүмкіндігінен айырады. Сөйтіп, енді ер мінезді, ержүрек сеньор Дон Кихот, құдіретіңізге құлдық, сапарға ертең емес, тап бүгін аттанып кете беруіңізге болады, мархабатты мырзам, егер бұл үшін әлдене жетіспей жатса, онда өзімді де, жиған-терген дүние-мүлкімді де жолыңызға сарп етуге әзірмін, ал егер сізге, сән-салтанатыңызға құлдық, атқосшы қажет болса, онда сізге қызмет етуді, өз тарапымнан, зор бақыт санар едім.

Сол арада Дон Кихот Санчоға қарап былай деп тіл қатты:

— Маған атқосшылыққа адам табылады деп айттым ба саған, Санчо? Көрдің бе, міне, кімнің маған қызмет етуге құлшынып тұрғанын: иә, тап сол зерек те зерделі бакалавр Самсон Каррасконың өзі, саламанкалық шәкірттер арасында алдына жан салмаған әзілқой әрі сотқар, дені-қарыны сау, қимылы шапшаң, мылжыңға жоқ, аяз бен аптапқа, аштық пен шөлге шыдамды, кезбе рыцарьдың атқосшысына қажетті қасиеттердің бәрі бір бойынан табылатын адам. Алайда, қарақан басымның қызығы үшін ғылымның осынау шоң бағанын шайқалтуыма, ілім мен білімнің осынау шып толы құмырасын қиратуыма, әсем де ерікті өнердің осынау шынарының тамырына балта шабуыма көктегі құдірет кеңшілік ете қоймас. Жә, бұл жаңа Самсон туған жерінде қала берсін, сөйтіп оның даңқын арттыру арқылы егде жасқа жеткен ата-анасының да ақ шашын даңққа бөлесін, ал өзім, егер Санчо маған серік болуды хош көрмесе, кез-келген атқосшыны қанағат тұтам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий