Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жоқ, хош көрем, — деп мәлім етті қатты толқып, көз жасын тия алмай отырған Санчо, сосын сөзін әрмен жалғады: — Мархабатты мырзам, мен жайында ешкім де: “Ісі түссе — мүсәпір, ісі бітсе — кісәпір” дегенді айта алмайды, менің тұқымымда қарау адам атымен болмаған, жер-дүниедегі жұрттың бәрі, әсіресе өзіміздің селодағылар, Панса дегендердің кім екенін жақсы біледі, ал мен солардың бір жапырағы боп табылам, оған қоса, сіздің көптеген ізгілікті ісіңізге, әсіресе одан да гөрі ізгілікті сөзіңізге қарап, өзіңіздің, тақсыр, мені марапаттамақ ойыңыз барын бажайлап, бек жақсы ұғынып алдым. Ал енді жалақыға қатысты есеп-қисап жайына ден қойыңқырап кетсем, бұл тек әйеліме жақсы атты көрінейін дегендіктен еді, себебі оның басына бір ой келсе болды, өзінікі орындалғанша бөшкенің құрсауын қондырған балға сынды бір тынбайды. Алайда еркекке — еркек, әйелге — әйел боп қалу парыз, осы себепті бұра тартуға көне қоймайтын кей белгілерім бойынша өзімнің еркек екенім анық болса, онда өз үйімде де, әйелім хош көретініндей, еркек боп қалғым келеді, сондықтан, тақсыр, сізден, кейін дау-дамай тууына жол бермейтін қосалқы жазуы бар өсиет қалдыруыңыз ғана талап етіледі, — сосын сеньор Самсонның көңілі жай табуы үшін жеделдетіп жолға шығайық: олай дейтінім, өзінің айтуынша, сізді шартарапты үшінші мәрте шарлау үшін жолға салып, — әлде: аттандырып деген дұрыс па, қалай? — жібермесе, ар-ұяты алдында абыройсыз қалғалы тұр ғой. Ал мен, мейірімді мырзам, өзіңізге ақ-адал қызмет етем және бұл қызметім кезбе рыцарь атқосшыларының, — бұрынғысы бар, қазіргісі бар, — баршасының қызметінен еш кем түспейді, тіпті артығырақ болады деп тағы да уәде берем.

Санчо Пансаның сөзі де, сөз орамы да бакалаврды қатты таңырқатты, қожайыны жайындағы бірінші хикаяны оқып шыққанымен, Санчоны сонда бейнеленгендей шынымен-ақ соншалықты қызық адам деп ойламаған; алайда, Санчо: қосымша жазуы бар өсиет деудің орнына қосалқы жазуы бар өсиет дегенді айтқан кезде бакалаврдың ол жайында оқығандарына сенбеске амалы қалмады, сөйтіп осы ғасырдағы нағыз миғұланың бірімен жүздесіп тұрғанына көзін әбден жеткізгеннен кейін, тап мына мырзасы мен малайындай қос нақұрысты әлем әлі көрмеген шығар деген ойға келді. Ақыр аяғында Дон Кихот пен Санчо құшақ қауыштырып, достығын қайта жалғастырды; онан соң ақылға кенен Каррасконың, — аналар қазір оған көріпкел секілді қарай бастаған, — кеңесі мен рұқсаты бойынша сапарға үш күннен кейін аттануға ұйғарым етілді, осы мерзім ішінде жолға қажетті нәрсенің бәрін жинап үлгеруге, сондай-ақ, бет бүркеуіші бар дулыға тауып алуға болатын, Дон Кихоттың айтуынша, онсыз көңілі көншімейтін. Оны Самсон тауып беруге уәде етті — өзіне жақсы таныс бір адамда сондай нәрсенің бар екенін біледі екен және өтінішін аяқсыз қалдырмайтынына сенімді көрінеді, себебі болаттан соғылған бұл дулығаның жылтыратып тазартылмағаны және жалтырап тұрмағаны өз алдына, керісінше, тат басып, тотығудан әбден қарайып кетіпті. Күтуші әйел мен жиен қыздың бакалаврға жаудырған қарғысында қисап болмады; екеуі шашын жұлып, бетін тырнап, Дон Кихоттың жол шегуін бейне бұл оның сапарға аттануы емес о дүниеге аттануындай көріп, нағыз жалдамалы жоқтаушылардай зар иледі. Дон Кихотты тағы бір мәрте жорыққа шығуға үгіттегендегі Самсонның көздеген мақсаты жайында алда әңгіме етіледі, — содан сәл бұрын өзі барып кеңесіп қайтқан священник пен шаштараз оған осындай ақыл қосқан-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий