Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тақсыр, қазір маған айтып берген нәрсеңіздің бәрін де өте жақсы түсіндім, — деп мәлім етті Санчо, — алайда, соған қарамастан, бір күдігімді сейілдіріп бергеніңізді қалар едім.

— Сен, сірә, сейілтіп демексің-ау, Санчо, — деп түзетті оны Дон Кихот. — Айт, айта бер, шамам келгенінше жауап қайтарып көрейін.

— Айтыңызшы маған, сеньор, — деп сөзін жалғады Санчо, — әлгінде өзіңіз атаған және бәрі баяғыда дүние салған Июлилер, — әлде Августер ме, қалай еді өзі? — және басқа да жүрек жұтқан рыцарьлар деймін-ау, қайда солар қазір?

— Мәжусилер — тозақта, оған еш күмән жоқ, — деп жауап қатты Дон Кихот, — ал христиандар, егер олар ізгі ниетті христиан болса, не мақшарда, не жұмақта.

— Жөн-ақ, — деді Санчо, — ал енді тағы бір білгім келетіні: анау әлгі атағы жер жарған сеньорлардың сүйегі жатқан мазардың алдында күміс шамдал жанып тұра ма, зияратханаларының қабырғасы балдақпен, кебінмен, тұтам-тұтам шашпен, балауыз аяқпен және көзбен көркемделген бе? Егер олай болмаса, онда немен көркемделген?

Бұған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

— Мәжусилер сағанасы көбіне-көп сән-салтанатты ғибадатхана түрінде салынған: Юлий Цезарьдың мәйіті ғаламат үлкен пирамиданың ортасында тас бітеулі жатыр, оны қазір Римде Әулие Петрдің жуалдызы деп атайды; император Адрианның мазары — тұтас бір деревняның аумағын алып жатқан қамал-сарай, — бұрын ол Moles Hadrіanі15 аталатын, ал қазір бұл Римдегі әулие Ангел қамал-сарайы; Артемисия патшайым жұбайы Мавзолды әлемнің жеті кереметінің бірі ретінде әспеттелетін сағанаға жерледі, бірақ аталмыш мазарлардың бірде бірі, мәжусилер тұрғызған басқа да сағаналар секілді, кебінмен де, бұл жерде әулие жатқанын аңғартатын басқадай тарту-таралғымен және эмблемамен де көркемделмеген.

— Өзім де солай ойлағам, — деді Санчо. — Ал, енді айтыңызшы, ең керемет ерлік не: өлгенді тірілту ме әлде дәуді өлтіру ме?

— Бұған бас ауыртудың қажеті жоқ, — деп жауап қатты Дон Кихот, — ең керемет ерлік — өлгенді тірілту.

— Міне, осы жерде ұсталып қалдыңыз, — деп іліп әкетті Санчо. — Ендеше, өлгенді тірілтетін, кәридің көз жанарын ашатын, ақсақтың аяғын түзеп беретін, сырқатты сауықтыратын адам, мазарының алдында шамдал жанып тұратын, зияратханасына жиылған тауап етуші нөпір мүрдесіне бас ұратын адам, олай болса, жер бетінде қаншасы ғұмыр кешпесін мейлі, сонша мәжусилік император мен кезбе рыцарьдың бәрі қалдырған және қалдырып жатқан даңқтан әлдеқайда артық даңққа осы өмірде де, алдағы өмірде де ие бола бермек.

— Бұл сөзіңмен келісуге болады, — деді Дон Кихот.

— Әулие мәйіті мен мүрдесінің дабысы, игі қуаты және, жұрт аузында айтылып жүргендей, дәргейі ерекше құрметтелетіні сонша, — деп сөзін жалғай түсті Санчо, — қасиетті шіркеу-анамыздың рұқсатымен және мақұлдауымен оның зияратханасына шамдал да, шырақ та, балдақ та, сурет те, шаш тұтамы да, көз бен аяқ та қойылған, — осының бәрі құдайға құлшылық етуді күшейту және әулиенің христиандық даңқын нығайта түсу мақсатына қызмет етеді. Корольдер әулие мәйітін, яғни мүрдесін орналаспақ жеріне иығына салып көтеріп барады, сүйегінің кішкене кесектерін сүйеді, осы кесектермен тауапханалары мен елеулі деген мехраптарын әшекейлеп, қадірін арттыра түседі.

— Осы айтқандарыңнан қандай түйін түюге болады сонда, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий