Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Енді кім деп ең! — деп іліп әкетті мұрынсыз қалған атқосшы. — Иә, бұл мен — Томе Сесьялмын, достым әрі тамырым Санчо Панса, осы жерге тап болуыма итермелеген пасықтық, алаяқтық пен арамзалық жайында өзіңе кейін айтып берем. Ал, қазір мырзаңа аяғының астында жатқан Айна Рыцарына тиме, жәбірлеме, жарақаттама, өлтірме деп жалынып-жалбарын, мұның жүректі болғанымен жеңілтек бакалавр Самсон Карраско екенінде еш күмәнің болмасын.

Сол аралықта Айна Рыцары да есін жиды; соны көрген Дон Кихот семсерінің ұшын оның бетіне тақап, былай деді:

— Егер осыдан, рыцарь, теңдесі жоқ Дульсинея Тобосская өзінің сұлулығы жөнінен Касильдея Вандальскаяңыздан артық екенін мойындамасаңыз, онда сізге — өлім; оған қоса, маған (егер тек жаңағы соққы мен жерге сұлаудан аман-сау қалсаңыз) Тобосо қаласына баруға, Дульсинеяның аяғына жығылып, өзіңізді менің жібергенімді мәлім етуге уәде беруіңіз керек, ал ол сізге не істейді, оны патша көңілі біледі; егер ол ықтиярыңызды өзіңізге берсе, онда қайткен күнде де мені іздеп табуға (сізге іс-әрекеттерімнің соңынан ілесе жүретін дабысым жолбасшылық жасайды, ол сізді өзім жүрген жерге бастап барады), онымен не жайында әңгімелескеніңізді баяндап беруге тиіссіз; сізге қояр шартым осындай және мұның өзі айқас алдындағы уағдаластығымызға да, кезбе рыцарьлық жарғысына да қиғаш келмейді.

— Касильдеяның, — деді жеңіліс тапқан рыцарь, — таза болғанымен ұйпа-тұйпа шашы сеньора Дульсинея Тобосскаяның жыртық әрі лас башмақтарына да татымайтынын мойындаймын, бұған қоса оған баруға және өзіңізге қайтып оралуға, менен қандайын талап етсеңіз сондай толық та егжей-тегжейлі есеп беруге уәде етемін.

— Сондай-ақ, сіздің, — деп қосып қойды Дон Кихот, — өзіңіз жеңген әлгі бір рыцарьдың Ламанчалық Дон Кихот еместігін және бола да алмайтынын, оның соған ұқсас әлдекім екенін мойындауыңыз әрі соған сенуіңіз қажет, ал мен өз тарапымнан, бакалавр Самсон Карраскоға ұқсайтыныңызбен, шын мәнінде ол емес, соған ұқсас басқа біреу екеніңізді, бойымды кернеген ашу-ызаны тежеп тыныш табуым үшін, осынау жеңістің даңқын онша дабыра етпеуім үшін дұшпандарым сізді соның кескініне кіргізгенін мойындаймын және соған сенемін де.

— Бұны өзіңіз қалай мойындасаңыз, қаперге алсаңыз және түсінсеңіз, мұның бәрін мен де солай мойындаймын, қаперге аламын және түсінемін, — деді аттан ауып қалған рыцарь. — Ал енді, рақымшылық жасап, тұруға рұқсат етіңізші маған, — шындығында, тұра алам ба өзі, білмеймін: құлаған кезде қатты соққы алдым.

Дон Кихот пен атқосшы Томе Сесьяль оны орнынан тұрғызуға кірісті, ал Санчо жерлесін екі көзімен ішіп-жеп, оған не түрлі сұрақ жаудырумен болды, қайтарылған жауаптардан мұның айна-қатесіз тап сол Томе Сесьяль екені еш күмән тудырмады; алайда Дон Кихоттың сиқыршылар Айна Рыцарының кескінін бакалавр Каррасконың келбетімен ауыстырып қойған дейтін сөзі Санчоның көкейіне қона кеткені сонша, көз жанары сендіріп тұрғанның өзін ақиқат шындық деп тануға тәуекелі жетпеді. Ақыр соңында мырзасы мен малайы сол бұрынғы сенімдерінде қала берді, ал көңілі жабырқау, кейісті Айна Рыцары мен атқосшысы Дон Кихот пен Санчодан бөлініп, жазым болған рыцарьдың сынған қабырғаларын орнына салып, таңып беретін жер іздеп кетті. Дон Кихот пен Санчо Сарагосаға баратын жолға түсіп, сапарын әрмен жалғады. Айна Рыцары мен оның шоң мұрын атқосшысы неғылған жандар екенін хабарлау үшін хикая оларды әзірше осы арада қалдыра тұрады.

ХҮ тарау

Мұнда Айна Рыцары мен атқосшысының неғылған жандар екені жайында айтылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий