Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жүрек жұтқан рыцарь деп жобалаған Айна Рыцарын жеңгеніне Дон Кихот шектен тыс ырза болып, мақтаныш сезіміне бөленіп, мәз боп қуанған еді және оның рыцарьлық айнымас сертіне сеніп, сеньора Дульсинеяның жадылаудан арылған-арылмағанын анық біліп алармын деп үміттенген, өйткені жеңіліс тапқан мұндай рыцарьдың, Дон Кихоттың өз пікірінше, онымен қалай жүздескені жайындағы хабарды бұған қалайда жеткізіп беретіні кәміл-ді, әйтпесе ол рыцарь боп шықпас еді. Дон Кихоттың ойы осындай болғанымен, Айна Рыцарының ойы бұдан басқашалау-тұғын, — алдында айтылып өткеніндей, оның қазіргі бар ой-ниеті жатып емделетін жер тауып алуға ауған. Одан әрі хикаямыздан мынадай жай мағлұм болды: үзіліп қалған рыцарьлық қаңғыбастығын қайта жалғастыруға Дон Кихотты азғырмас бұрын бакалавр Самсон Карраско Дон Кихот енді үйінде тып-тыныш отыруы үшін, шатағы мол шытырман оқиға іздеушілік оны енді ешқашан қызықтырмасы үшін қандай шара қолдануға болатыны жайында священникпен және шаштаразбен кеңесіп алған-ды; осы отырыста Дон Кихотты аттандыру жайында бірауыздан шешім қабылданған, соның ішінде Каррасконың өз пікірі де осындай еді, өйткені оны ұстап қалу бәрібір қолдан келмейтін; ал кезбе рыцарь түрінде жарақтанған Самсонның өзі оны қуып жетуге, онымен айқасқа түсуге, — ал бұған себеп табылмай қалмайтыны анық, — және оны жеңуге тиіс-ті (кеңеске қатысушыларға бұл онша қиын шаруа көрінбеген); сондай-ақ, сайыскерлер арасында алдын-ала келісім-шарт жасалып, мұнда жеңілген адам жеңгеннің ырқына көнуге міндетті болатыны көрсетілуі керек-ті; міне, осының негізінде рыцарь секілді боп киінген бакалавр жеңіліс тапқан Дон Кихотқа туған селосы мен үйіне қайтып оралуға және екі жыл бойы немесе өзі арнайы пәрмен түсіргенге дейін ешқайда қия баспауға әмір ететін болған; айта кетерлігі, кеңеске қатысушылардың бәрі де рыцарьлықтың ереже-қағидаларына қарсы шықпау үшін және оның бұзылуына жол бермеу үшін Дон Кихоттың бұл жарлықты бұлжытпай орындайтынына сенімді еді және осындай мырзақамақта отырған кезінде есалаңдығын ұмытып та кетер немесе жарыместігін емдеп жазатын әлдебір тәуір дәрмек табылып қалар деген дәмелері де болған.

Карраско мұның бәрін мақұл көрді, ал оған атқосшылыққа Санчо Пансаның тамыры әрі көршісі, қуақы да қуыс кеуде Томе Сесьяль сұранды. Самсонның қалай жарақтанғаны жайында жоғарыда айтылып өтті, ал кездескен сәтте тамыр-досы танып қоймасы үшін Томе Сесьяль өзінің туа бітті тұмсығына ілгеріде әңгіме болған жасанды да жалған мұрынды жапсырып алды, сөйтіп Сесьяльды жанына ерткен Карраско Дон Кихот аттанған жолға түсіп тартып кетті. Ажал күймесімен болған шытырман оқиға кезінде оны қуып жетіп те қалған, ақыр соңында онымен орман ішінде кездесті, олардың арасында болған зейінді оқырманға мәлім оқиғалар да осы жерде өтті; егер Дон Кихоттың ой ағымында бакалавр — бакалавр емес деп өзін-өзі сендірген өзіндік ерекшеліктер болмағанда, бакалавр лиценциат дәрежесін алу мүмкіндігінен мәңгі-бақи айрылған да болар еді: өйткені, ол мүйіз сұраймын деп барып, құлақтан айрылған еді ғой. Әрекеттері қалай қапалы аяқталғанын және сапарларының соңы қандай қамығыңқы болмағын көрген Томе Сесьяль бакалаврға мынадай лебіз білдірді:

— Ашығын айтсам, сеньор Самсон Карраско, өзімізге сол керек: әлденені қолға алып кірісіп кету оңай, бірақ көп ретте бас сауғалап қашып құтылудың өзі — мұң. Дон Кихот — делқұлы, екеуіміздің есіміз дұрыс, анау — дін-аман, оның үстіне мазақ қып мырс-мырс күледі, ал сіз болсаңыз, жарқыным, міне, қандайсыз: көк ала қойдайсыз әрі қабағыңыздан қар жауып тұр. Ал, енді ойланып көрелік, нағыз жынды кім: тумысынан осындай адам ба әлде өз қалауымен делқұлы болған адам ба?

Бұған Самсон былай деп жауап қатты:

— Бұл екі есуастың арасындағы айырмашылық мынадай: жаратылысынан жынды болған сол жынды күйінде қала береді, ал өз еркімен жынды болған кез-келген уақытта дені сау адамға айналады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий